О Координационном Совете по профилактике и борьбе со СПИДом Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
ЖҚТБ-ның алдын алу алу және оған қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы " Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және бірқатар мекемелердің қайта ұйымдастырылуы мен кадрлардың өзгерістеріне байланысты облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 1 қосымшаға сәйкес ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің (бұдан әрі - Үйлестіру Кеңесі) жаңа құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамын белгіленген тәртіппен бекітуге облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына жіберілсін.
Тармақ 3
3. 2 қосымшаға сәйкес Үйлестіру Кеңесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Макежановқа жүктелсін.
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 84 қаулысына 1 қосымша ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің құрамы Макежанов Сұлтан Алмасбекұлы облыс әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы Мұзбаев Нұрғали Мұзбайұлы ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының бас дәрігері, төрағаның орынбасары Тасболатова Ақнұр Ханайқызы ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі, кеңес хатшысы Өміралина Баянсұлу Дүзбайқызы облыс әкімі аппаратының бас маманы Өсербаева Шолпан Құдабайқызы облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Бектубаев Руслан Фаризонұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Тазабаев Сұлтан Хасболатұлы облыстық ішкі істер басқармасы қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Атағазиева Бақтыгүл Сапарқызы облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша) Рсымбетова Райхан Сағынқызы облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Скипин Георгий Борисович "Батыс" аймақтық қызметі әскері- медициналық қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Нечаева Тамара Ивановна қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының санитарлық- эпидемиологиялық станциясының бас эпидемиологы (келісім бойынша) Абдуалиева Миллят Тлеуғалиқызы облыстық мәдениет басқармасының бөлім бастығы Нүсіп Зере Қалиқызы облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Оразбаев Құлыбек Салиұлы облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары Жұмағалиева Римма Сайынқызы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Елизарова Рушания Фаритовна облыстық спорт және дене мәдениеті басқармасы бастығының орынбасары Жұмаш Аянгүл Бекболатқызы "Арман" облыстық жастар орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас маманы
Басқа 6
Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 84 қаулысына 2 қосымша ЖҚТБ-ң алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Маңғыстау облыс аймағында АҚТҚ инфекциясы таратылуының алдын-алу бойынша шаралар өткізуде жергілікті атқару органдары, халықаралық және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету мақсатымен құрылды.
Тармақ 2
2. Кеңес құрамына мүдделі атқару органдарының, халықаралық және басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін ҚР заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
Тармақша 1
1) АҚТҚ/ЖҚТБ таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру үкімет емес және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі функциялары мыналар бойынша ұсыныс әзірлеу болып табылады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдардың АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жетілдіру;
Тармақша 2
2) халықаралық және басқа ұйымдармен АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 сәуірдегі № 73 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаның (бұдан былай - бағдарлама) іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі тиімді іс-шаралары қамтамасыз етуі;
Тармақ 6
6. Кеңес өз міндеттерін іске асыру мен функцияларын жүзеге асыру үшін:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) кеңестің отырыстарында кеңестің құзыретіне енетін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға.
Тармақша 3
3) кеңестің құзыретіне жататын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Кеңесті оның қызметіне басшылық ететін, отырыстарда төрағалық ететін, оның жұмысын жоспарлайтын және Кеңес шешімдерінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асыруды облыс әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, оны өткізу үшін қажетті құжаттар мен материалдар дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
Тармақ 9
9. Кеңестің отырыстары хаттамалармен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Шешімдер ашық дауысқа салумен қабылданады және егер олар үшін Кеңес мүшелерінің жалпы санынан көпшілік даусы берілген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 11
11. Кеңестің отырыстары жылына кемінде екі рет өткізілмейді.