Аудандық жер комиссиясын құру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық жер комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жер учаскелерін меншікке және (немесе) жерді пайдалануға беру мүмкіндігі туралы қорытындыны дайындау үшін аудандық жер комиссиясын құрсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық жер комиссиясының жеке құрамын аудандық мәслихат сессиясына бекітуге енгізсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жер комиссиясы туралы ережені бекітсін
Басқа 4
Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 09.03 a-3/27 "Аудандық жер комиссиясын құру туралы" қаулысына 1 қосымша Аудандық жер комиссиясының жеке құрамы
Тармақ 1
1. Аяпбергенова Раушан Темірбайқызы - ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, комиссия төрайымы
Тармақ 2
2. Лихтенвальд Рита Наиловна - жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасының қ.а.
Тармақ 3
3. Киценко Марина Евгеньевна - ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, жауапты хатшы Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Сабержанов Шынғожа Сабержанұлы - аудандық мәслихаттың депутаты (келісімі бойынша)
Тармақ 5
5. Сахнов Денис Евгеньевич - құқық мәселелер жөніндегі әкімнің көмекшісі
Тармақ 6
6. Назарович Сергей Викторович - аудан архитекторы
Тармақ 7
7. Кудерин Марат Әлібекұлы - салық комитетінің маманы (келісімі бойынша)
Тармақ 8
8. Абжанов Талғат Қабдрашитұлы - аудандық мемлекеттік жер инспекторы (келісімі бойынша)
Тармақ 9
9. Кряжевских Алексей Алексеевич - ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының бастығы (келісімі бойынша) Аудандық жер комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы аудандық жер комиссиясы (әрі қарай - комиссия) жер учаскесін жеке меншікке және (немесе) жер пайдалануды беру мүмкіндігі туралы қорытындылар дайындау мақсатында құрылған үнемі жұмыс істейтін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия жергілікті атқарушы орган - әкімдік жанынан құрылады және өз қызметінде оның алдында жауапты.
Тармақ 3
3. Аудандық комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Заңына және осы Ережеге сәйкес іске асырады.
Тармақ 4
4. Осы ереже комиссияның міндеттерін, құзырын және қызметінің ережелерін белгілейді және заңдылық, адамгершілік, лауазымды тұлғалардың өз істері мен қабылдайтын шешімдері үшін жауапкершілігі принциптеріне негізделеді.
Тармақ 5
5. Аудандық жер комиссиясының міндеттері, функциялары мен құқықтары: жер учаскесін беру мүмкіндігі немесе жер учаскесін беруден бас тарту қорытындысын дайындау.
Тарау 2. 2. Комиссияның материалдарды қарастыру тәртібі
2. Комиссияның материалдарды қарастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Комиссия жеке және заңды тұлғалардың жер пайдалану құқығын, жеке меншік құқығын беру мәселесі бойынша қолдаухаттарын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарастырады. Жер учаскесін беру туралы өтініште мыналар көрсетілуі қажет: жер учаскесін пайдаланудың мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері, сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің болуы (болмауы). Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтінімге жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттық көшірмесі қоса беріледі. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш түскен кезден бастап үш айға дейінгі мерзімде қаралады.
Тармақ 7
7. Комиссия мәжілістерін дайындау: Комиссияның қарауына түскен материалдарды уақытында және дұрыс қарастыру мақсатында материалдарды комиссия төрағасы, не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын ала зерделенеді.
Тармақ 8
8. Комиссия қарауына түскен өтініштерді алдын ала зерделеу процесі барысында айқындалады: осы материалдарды қарастыру оның құзырына кіретіндігін; комиссия отырысына шақырылатын немесе шақыртылуға тиісті тұлғалар шеңбері айқындалады.
Тармақ 9
9. Материалдарды алдын ала зерделеу қорытындылары бойынша комиссия: қарастыруға материалдарды тағайындайды және өтініш иесін немесе оның заңды өкілдерін, мәжілісте қатысуы міндетті басқа тұлғаларды мәжілістің өткізу орны мен күні туралы хабарландырады; материалдарды пысықтауға жібереді.
Тарау 3. 3. Аудандық жер комиссиясының қызметін ұйымдастыру
3. Аудандық жер комиссиясының қызметін ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, жергілікті өкілді органның депутаттарынан, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар өкілдерінен тұратын 5-9 мүше, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы бөлімінің аппаратында штаттық лауазымында орналасқан жауапты хатшы кіреді. Жергілікті атқарушы органның байқауы бойынша комиссия құрамына басқа тұлғалар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. Аудандық комиссия қызметін комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысты жоспарлайтын және комиссия қызметінің нәтижелеріне жауап беретін төраға басқарады.
Тармақ 12
12. Комиссия отырыстары қажеттігінше келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың қолдаухаттарына сәйкес өткізіледі және комиссия мүшелерінің жалпы санынан жартысынан кем емес мүшелері қатысса құқылы деп есептеледі.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімдері комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы бойынша қабылданады, дауыс беру тең болғанда төрағаның дауысы шешуші болып есептеледі.
Тармақ 14
14. Шешімдер хаттамамен ресімделеді және ұсыныс түрінде болады. Хаттамада: комиссияның атауы және дербес құрамы; комиссия отырысының орны және күні; материалы қарастырылып жатқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты; арызда баяндалған өтініш; комиссия қорытындысын қабылдауға негіз болған дәлелдер; комиссия қабылдаған қорытынды. Хаттамаға төрағалық етуші және жауапты хатшы қол қояды, комиссия отырысында оқылады және оны шағымдану үшін белгіленген мерзім өткен соң заңды күшіне енеді. Комиссия отырысы хаттамасынан көшірме өтініш берушіге ұсынылады. Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту жергілікті атқарушы органның-өкімдіктің қаулысымен ресімделеді және дәлелденуі керек, ал көшірмесі өтініш берушіге қаулы қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде тапсырылады.
Тармақ 15
15. Комиссия хаттамасын шағымдану. қарастырылған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қорытынды шеші қатысты тұлға, оның заңды өкілімен, адвокатпен белгіленген мерзімде шағымдалуы мүмкін. Комиссия қорытындысын шағымдану мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгіленеді. Комиссия хаттамасына Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте прокурор наразылық ұсынуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Комиссияның ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін аудан әкімі аппараты іске асырады.
Тарау 3. 3. Комиссияның жұмысын тоқтату
3. Комиссияның жұмысын тоқтату
Тармақ 17
17. Комиссияның жұмысын тоқтатуға негіз болып табылатындар: комиссияға жүктелген міндеттерді орындау; комиссияға алдында жүктелген міндеттерді іске асыратын мемлекеттік органдарды немесе өзге консультативтік-кеңесші органын құру; комиссия міндетін орындай алмайтындай не оның орындалуын мақсатқа сай қылмайтын өзге жағдайлар.