Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Селегер» находящегося в селе Малонарымка Солоновского сельского округа Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Солоновка ауылдық округінің
Малонарым ауылындағы
«Селегер» шаруа қожалығына
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекеме басшысының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 165 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы «Селегер» шаруа қожалығына мүйізді ірі қара малында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешіммен «Селегер» шаруа қожалығының басшысы Веригин Дмитрий Николаевич таныстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін.