О создании штаба при акимате Жаксынского района по координации деятельности районных управлений и отделов по формированию электронных списков, регистрации и учету избирателей Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жақсы ауданы әкімдігінің жанынан аудандық басқармалар мен бөлімдердің сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі аудандық штабты құру туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысының 2004 жылғы 9 наурыздағы № 1 «Қазақстан Республикасы министрліктерінің, агенттіктерінің және ведомстволарының сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штабты құру туралы» өкімін орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жақсы ауданы әкімдігінің жанынан аудандық басқармалар мен бөлімдердің сайлаушылардың электрондық тізімін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі аудандық штаб құрылсын (әрі қарай – аудандық штаб).
Тармақ 2
2. Аудандық штаб жөніндегі Ереже бекітілсін. 1 қосымша.
Тармақ 3
3. Аудандық штабтың жеке құрамын аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын. 2 қосымша.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Мұғалова жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет Департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 6
1 қосымша Жақсы ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № а-4/102 қаулысымен бекітілген Жақсы ауданы әкімдігінің жанынандағы аудандық басқармалар мен бөлімдердің сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық штаб туралы Ереже Осы Ереже Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық штабтың (бұдан әрі – аудандық штаб) міндеттерін, функцияларын, оның қызметінің құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық штаб сайлаушылардың электрондық тізімдердің дұрыстығын және оларды «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы режимінде өндеу мүмкіндігін, аудандық басқармалар мен бөлімдердің, сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Аудандық штаб Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Аудандық штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Аудандық штабтың міндеттері
2. Аудандық штабтың міндеттері
Тармақ 4
4. Аудандық штабтың міндеттері: аудандық басқармалар мен бөлімдердің, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың, сайлаушылар жөніндегі электрондық деректер банкінің болуына мүмкіндік беретін, қолданыстағы «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасының негіздегі сайлаушылардың тізімдерін түзу жөніндегі іс-қимылын үйлестіру; атқарушы органдардың жергілікті бөлімшелерінің сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету; жергілікті атқарушы органдардың сайлау туралы заңның сайлаушылардың тізімдерін жасау және оларға мерзімінде түзету енгізу бөлігінгі талаптарын уақтылы әрі сапалы орындаудағы жауапкершілігін арттыру.
Тарау 3. 3. Аудандық штабтың құқықтары
3. Аудандық штабтың құқықтары
Тармақ 5
5. Аудандық штабтың заңнамада белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде: аудандық басқармалар мен бөлімдер басшыларының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің есептерін тыңдауға; жоғарғы мемлекеттік органдардың қарауына халықты тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; Қазақстан Республикасы заңнамасының сайлаушылардың тізімдерін сапалы жасау, оларды тіркеу және есепке алу бөлігіндегі талаптарын, сондай-ақ аудандық штабтың шешімдерін тиісінше орындауды қамтамасыз етпеген жергілікті атқарушы органдардың басшыларына тәртіптік жаза шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Тарау 4. 4. Жұмысты ұйымдастыру
4. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Аудандық штабтың төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, аудандық штабтың отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды.
Тармақ 7
7. Аудандық штабтың төрағасы орнында болмаған кезде, отырыстар оның орынбасарының төрағалық етуімен өткізіледі.
Тармақ 8
8. Аудандық штабтың кезекті отырысының күн тәртібін аудандық штаб мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, төраға немесе оның орынбасары түзеді.
Тармақ 9
9. Аудандық штабтың кезекті отырысында кезекті шығарылатын мәселені дайындау үшін дербес құрамын төрағалық етуші айқындайтын жұмыс тобы құрылады.
Тармақ 10
10. Аудандық штаб отырысының мерзімділігі айына бір реттен сирек болмауы керек.
Басқа 21. Жақсы ауданы әкімдігінің жанынан аудандық басқармалар мен бөлімдердің сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі аудандық штабты құру
Жақсы ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № а-4/102 қаулысына 2 қосымша Жақсы ауданы әкімдігінің жанынан аудандық басқармалар мен бөлімдердің сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі аудандық штабты құру Мұғалова Кәмила Бекмұрзақызы - аудан әкімінің орынбасары, төрайым Есмағамбетов Қапез Қабенұлы - аудандық мәслихаттың бас маманы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, төрайымының орынбасары (келісімі бойынша) Комиссия мүшелері: Власенко Иван Сергеевич - аудан әкімі аппаратының басшысы Түспаев Мәлікаждар Баймұханұлы - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы Жаңабергенов Мұрат Бүркітәліұлы - аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бастығы Талтуев Бауыржан Сәруарұлы - аудан әкімінің құқық мәселелері жөніндегі көмекшісі Сейдахметова Ләззат Шаншерханқызы - аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі Волкова Надежда Ивановна - аудандық статистика бөлімінің бастығы (келісімі бойынша) Ахметов Қуанышпай Мұратұлы - АІІБ көші-қон полициясы тобының аға инспекторы (келісімі бойынша) Яваева Светлана Петровна - аудан әкімі аппаратының маманы