Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Исполнительной Властью Грузии об обмене правовой информацией Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Атқарушы Өкіметі арасындағы құқықтық ақпарат алмасу туралы Келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Атқарушы Өкіметі арасында 1998 жылғы 22 қазанда Тбилиси қаласында жасалған құқықтық ақпарат алмасу туралы Келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Атқарушы Өкіметі арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 8-құжат) (1999 жылғы 4 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 81 бет) Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Атқарушы Өкіметі, достық және өзара түсіністік қарым-қатынасты нығайтуға тілек білдіре отырып, құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып, екі мемлекеттің заңдары туралы өзара ақпарат алмасуды жақсарту жөніндегі қарым-қатынастарды дамытудың қажеттілігін түсіне отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Тараптар жариялауға ашық, мемлекетаралық алмасуға жататын Нормативтік құқықтық актілер тізбесінде (қоса беріліп отыр) көрсетілген мәселелер жөнінде екі жақты құқықтық ақпараттық актілерді алмасу қажеттігін мойындайды. Жоғарыда көрсетілген Тізбе Тараптардың өзара уағдаластықтары бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Бап 2. 2-бап
2-бап Тараптардың әрқайсысы нормативтік құқықтық актілер туралы сұратылған ақпаратты екінші Тарапқа беруге міндеттенеді. Ынтымақтастық барысында Тараптардың біреуі алған ақпарат үшінші Тарапқа осы ақпаратты ұсынған Тараптың келісімі болған жағдайда ғана берілуі мүмкін. Ынтымақтастық кезінде алынған ақпарат тараптардың мүдделеріне зиян келтіретіндей болып пайдаланылмауы тиіс.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптар ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық ақпарат алмасу үшін мәліметтердің меншікті эталондық базасын ұйымдастырады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптар құқықтық ақпарат алмасу жүйесін құру жөніндегі келісілген шараларды іске асыра отырып, тиісінше: ақпаратты пайдаланылатын субъектілердің тізбесін; ақпараттың ашықтық деңгейін, құжатталу тәртібін, оны пайдалануды, сақталуын, таратылуын және қорғалуын айқындайтын нормативтік белгіленген ережелерді анықтайды.
Бап 5. 5-бап
5-бап Тараптар әділет министрліктерін құқықтық ақпарат жүйесін құру мен алмасу жөніндегі жұмыстарды үйлестірушілер етіп белгілейді.
Бап 6. 6-бап
6-бап Тараптар бірігіп пайдалану үшін белгіленген құқықтық ақпараттың ұлттық ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді (мәліметтердің эталондық базалары), оларды бақылау жағдайында ұстайды және ақпараттық мәліметтердің толықтығы, шек келтірмейтіндігі және дер кезінде ұсынылуы үшін жауапкершілікте болады.
Бап 7. 7-бап
7-бап Құқықтық ақпарат орыс тілінде және тегін берілуге тиіс. Шұғыл хабарламалар мен материалдарды беру үшін электронды, факсимильді және өзге де байланыс құралдары пайдаланылуы мүмкін.
Бап 8. 8-бап
8-бап Тараптар: мәліметтер базаларын алмасу кезінде бір-біріне нормативтік құқықтық актілер жіктегіштерін ұсынуды; қолданылып жүрген ақпараттық-коммуникациялық жүйелер ресурстарын, сондай-ақ жаңадан құрылған құпия байланыс жүйесін пайдалана отырып құқықтық ақпарат алмасуды жүргізу қажет деп санайды. Құқықтық ақпаратты алмасу екі мемлекеттің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 9. 9-бап
9-бап Осы Келісім Тараптардың басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
Бап 10. 10-бап
10-бап Келісім Тараптардың келісуі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Хаттамалармен ресімделеді.
Бап 11. 11-бап
11-бап Тараптар арасындағы даулар мен пікір алшақтықтары екі жақты келіссөздер және консультациялар жолымен шешіледі.
Бап 12. 12-бап
12-бап Осы Келісім Тараптардың мемлекетішілік процедураларды орындағаны туралы соңғы мәлімдемені алған күнінен бастап күшіне енеді, және егер осы Келісім қолданысының мерзімі біткенге дейін кем дегенде алты ай бұрын Тараптардың бірі өзінің осы Келісімнің күшін тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа мәлімдемесе Келісім күшінің мерзімі кейінгі әр бес жылға өздігінен ұзартыла отырып, бес жыл бойы күшінде болады Тбилиси қаласында 1998 жылғы 22 қазанда әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің бірдей заңды күші бар. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтықтары туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.
Басқа 13. Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтік құқықтық актілердің Тізбесі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Атқарушы Өкіметі арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келісімге қосымша Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтік құқықтық актілердің Тізбесі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік құрылыс негіздері
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қауіпсіздік
Тармақ 3
3. Қорғаныс
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет
Тармақ 5
5. Сыртқы саясат, халықаралық және сыртқы экономикалық қатынастар
Тармақ 6
6. Әкімшілік заңдар
Тармақ 7
7. Әділет, сот, прокуратура
Тармақ 8
8. Қоғамдық тәртіпті сақтау
Тармақ 9
9. Қылмыстық заңдар
Тармақ 10
10. Қылмыстық іс жүргізу заңдары
Тармақ 11
11. Қылмыстық атқарушылық заңдары (еңбекпен түзеу заңдары)
Тармақ 12
12. Азаматтық және отбасылық құқық
Тармақ 13
13. Азаматтық-іс жүргізу және шаруашылық заңдары
Тармақ 14
14. Еңбек және халықты жұмыспен қамту
Тармақ 15
15. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету
Тармақ 16
16. Қаржы және несие
Тармақ 17
17. Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет
Тармақ 18
18. Өнеркәсіп
Тармақ 19
19. Құрылыс және сәулет кешендері
Тармақ 20
20. Ауыл шаруашылығы
Тармақ 21
21. Сауда
Тармақ 22
22. Көлік және байланыс
Тармақ 23
23. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету
Тармақ 24
24. Білім, ғылым, мәдениет
Тармақ 25
25. Денсаулық сақтау
Тармақ 26
26. Жер туралы, оның қойнаулары, су, ауа кеңістігі туралы, өсімдік, жан-жануарлар әлемі және табиғи байлықтар туралы заңдар
Тармақ 27
27. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 28
28. Геодезия, картография, гидрометеорология
Тармақ 29
29. Халықаралық жекеше құқық және процесс
Тармақ 30
30. Кеден ісі