Об образовании Общественного Совета по средствам массовой информации (информационной политике) города Степногорска Күшін жойған
Басқа 0
Степногорск қаласының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес құру туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 б. 1 т. 17 тармақшасына, Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № ә-6/167 «Ақмола облысының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес құру туралы» қаулысына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы Ереже бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Кеңестің дербес құрамы қалалық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Н. Филитовичке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 6
Степногорск қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 5 сәуірдегі
№ ә-2/107
«Степногорск қаласының
әкімдігі жанындағы бұқаралық
ақпарат құралдары (ақпараттық
саясат) жөніндегі Қоғамдық
кеңес құру туралы»
қаулысымен бекітілген
1 қосымша
Степногорск қаласының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңесі туралы Ереже
Тармақ 1
1. Степногорск қаласының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Кеңес (әрі қарай-Кеңес) қала әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда қала әкімдігіне көмек көрсету;
Тармақша 2
2) қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне жүйелі талдау жасау және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырып, жетілдіру жөнінен әкімдігіне ұсыныстар жасау;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамалардың орындалуын жетілдіру, атқарушы органдар мен БАҚ-ның өзара тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету жөнінде қала әкімдігіне ұсыныстар жасау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік немесе басқа да органдармен және ұйымдармен қарым-қатынас барысында БАҚ-ы мен олардың қызметкерлерінің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінде жоғары этикалық және кәсіби қағидаттардың дамуына жәрдемдесу, БАҚ арасындағы даулы мәселелер мен шиеленісті жағдайларды шешуге атсалысу болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Кеңестің құзыры:
Тармақша 1
1) қала әкімдігі мен тікелей Кеңеске жолданған БАҚ қызметіне байланысты және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамалардың сақталуы тұрғысындағы құжаттарды қарауға жәрдемдеседі және қарайды;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамаларды жетілдіру, атқарушы органдар мен БАҚ-ның өзара тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету жөнінен сараптау материалдарын дайындап, ұсыныстар жасайды;
Тармақша 3
3) қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының жай-күйі мен дамуы туралы ақпарат жасайды;
Тармақша 4
4) мемлекет саясаты мен қала әкімдігінің атқарып отырған жұмыстарын түсіндіру, соның ішінде БАҚ үшін сараптау-ұсыныстық қорытындылар шығарып және ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 5
5. Қеңестің өз құзыры шеңберінде:
Тармақша 1
1) өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында мемлекеттік атқарушы органдар мен лауазымды қызметкерлерден ақпарат, құжаттар мен материалдар талап етуге және алуға;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамалардың сақталу мәселелері бойынша өз мәжілістерінде мемлекеттік атқарушы органдардың лауазымды қызметкерлері мен БАҚ-ның өкілдерін тыңдауға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік атқарушы органдардың, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар өткізетін кеңестерге, конференциялар мен семинарларға қатысуға өз өкілдерін жіберуге;
Тармақша 4
4) БАҚ қызметіне байланысты мемлекеттік атқарушы органдардың шешімдеріне баға беріп, БАҚ қызметінің мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге;
Тармақша 5
5) Кеңестің қызметі туралы облыстық және жергілікті БАҚ-да материалдар жариялауға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Кеңес мәжілістерінде қабылданып, қала әкімдігіне мәлімет үшін жеткізілетін ұсыныстар Кеңес шешімдері болып табылады.
Тармақ 7
7. Қалалық мәслихат сессиясында бекітілетін Кеңестің құрамы Кеңес төрағасынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады.
Кеңес төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
Кеңес мәжілістерін оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ жарты жылда бір реттен кем емес уақытта шақырады. Кеңестің барлық мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқанда Кеңес мәжілісі өкілетті деп есептеледі.
Кеңес шешімі мәжіліске қатысқан кеңес мүшелерінің басым дауыс беруі арқылы қабылданады.
Кеңес төрағасы кеңестің шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды, мәжілісте қарауға енгізілетін мәселелерді анықтайды, басқа да ұйымдастыру-әкімшілік жұмыстарымен айналысады.
Мәжіліске төраға қатыса алмаған жағдайда оның тапсыруы бойынша кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
Тармақ 8
8. Кеңестің ұйымдастыру және ақпараттық қызметін қала әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жүзеге асырады.
Басқа 29
Степногорск қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 5 сәуірдегі
№ а-2/107 «Степногорск
қаласы әкімдігінің жанындағы
бұқаралық ақпарат құралдары
(ақпараттық саясат) жөніндегі
Қоғамдық кеңес құру туралы»
қаулысына 2 қосымша
Степногорск қаласының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамы
Тармақ 1
1. Филитович Жаннета Николаевна - әкімінің орынбасары, кеңес төрайымы
Тармақ 2
2. Илюшечкина Людмила Ивановна - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, баспасөз хатшысы, кеңес хатшысы
Кеңес мүшелері:
Тармақ 3
3. Гаврилов Николай Ильич – «Подшипник плюс» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Қасен Базарайым Құлашқызы - әкімі аппаратының ішкі саясат әлеуметтік сала бөлімінің бастығы
Тармақ 5
5. Красников Владимир Михайлович – «Новая» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Қалиева Салтанат Сандыбайқызы - әкімі аппаратының құқық мәселелері жөніндегі әкімінің кеңесшісі
Тармақ 7
7. Мәжитов Бауыржан Жұмабекұлы - қала әкімі аппаратының басшысы
Тармақ 8
8. Панфилов Игорь Александрович - «Степногорск» телекомпаниясының директоры (келісім бойынша)
Тармақ 9
9. Шевелева Валентина Николаевна - қалалық білім бөлімінің әдіскері (келісім бойынша)