Об организации и проведении учебно-полевых сборов в оборонно-спортивных оздоровительных лагерях городов и районов области с юношами допризывного и призывного возрастов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шақыруға дейінгі және шақырылу жасындағы жасөспірімдермен облыс қалалары мен аудандарының қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде оқу-дала жиындарын ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттік және әскери қызмет туралы» № 9000 заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы «Бастапқы әскери даярлау туралы» № 1340 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Облыс қалалары мен аудандарының қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінің (ҚССЛ) базасында шақыруға дейінгі және шақырылу жасындағы жасөспірімдермен оқу-әдістемелік жиынын өткізсін.
Тармақша 1
1) Оқу орындарында (мерзімді әскери қызметке шақыру алдында сәуір-мамырда 60 сағат) бастапқы әскери даярлаудан (БӘД) өтпеген шақыру жасындағы жасөспірімдермен 10 күн бойы;
Тармақша 2
2) 6 күн бойы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушыларымен, кәсіптік мектептердің (КМ) және колледждердің екінші курс жасөспірімдерімен 2004 жылғы 17 мамырдан және 21 мамыр? Орта кәсіптік мектептер (ОМ КМ) және колледждер бойынша.
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері әрбір ауданда ҚССЛ құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын:
Тармақша 1
1) ҚССЛ ұйымдастыру үшін бөлінген негізгі салымдар, материалдық, қаржылық құралдар тәртібін және мақсатты пайдаланылуын анықтасын;
Тармақша 2
2) Оқу-дала жиынына қатысушыларды атыс және әскери техникаларды көрсету орындарына жеткізу үшін автобус бөлінуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Санитарлық машина және медициналық жеке құрам бөлсін;
Тармақша 4
4) ҚССЛ қызметкерлерінің штатын белгілесін және жасақтасын;
Тармақша 5
5) БӘД бағдарламалары, президент тестерінің нормативтері бойынша жиынға қатысушылардан сынақ қабылдау үшін комиссия ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімдері оқу-дала жиындарына қатысушыларға жергілікті бюджет есебінен 3 реттік тамақтандыруды қамтамасыз етсін, ол үшін тамақ дайындау орнын дайындасын және қызмет көрсетуші құраммен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қарағанды облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бас басқармасы (В.М. Козлов – келісім бойынша) оқу-дала жиындарын өткізу аумағында өртке қарсы қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. ҚССЛ бастықтары бастапқы әскери және дене дайындығы, әскери-патриоттық тәрбие, жасөспірімдердің автоматтан бастапқы жаттығілар орындауын ескере отырып, әдістемелік жұмыс жөніндегі жоспарларды әзірлесін, оларды қорғаныс істері жөніндегі қалалық және аудандық бөлімдер және басқармалармен келістірсін.
Тармақ 6
6. Облыстық білім депратаменті (Е.Н.Иманғалиев) оқу-дала жиынына қатысушыларды ҚССЛ-ға келуін қамтамасыз етсін, жиын кезінде жасөспірімдердің бастапқы әскери, дене дайындығы және әскери-патриоттық тәрбиесіне бақылау жасасын.
Тармақ 7
7. «Астана» аймақтық командасының әскер қолбасшысы (В.А. Шацков – келісім бойынша) атулар өткізуді ұйымдастырсын, әскери оқ-дәрілермен оқу атуларын орындау үшін қарумен және оқ-дәрімен қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К. Ермекбаев), облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (С.Т. Сәтеков) оқу-дала жиындары өткізілетін аумақтарда санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін, облыс қалалары мен аудандарының ҚССЛ тамақ блоктарының санитарлық жағдайына және тамақтардың сапалы дайындалуына қатаң бақылау орнатсын. ҚССЛ жиын өткізу кезінде медициналық пункттер орнатсын және олардың жұмыстарын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Облыстық ішкі істер бас басқармасы (А.В. Кулинич – келісім бойынша) облыс қалалары мен аудандарының ҚССЛ кәсіпорындарында оқу-дала жиындарын өткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын және қару-жарақ пен оқ-дәріні күзетуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. «Қарағанды облыстық суда қорғау қызметі» мемлекеттік мекемесі (К.К. Балмұханов) оқу-дала жиындары кезеңінде қалалар және аудандардың ҚССЛ-де адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 11
11. Облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л. Громов) облыс қалалары және аудандарының ҚССЛ ұйымдастыруға және оның жұмысына тікелей қатыссын, оның қызметкерлеріне әскери-патриоттық тәрбие жүргізу, сондай-ақ жасөспірімдердің дене дайындығында, спорттың әр түрі бойынша нұсқаушылар іріктеуде көмек көрсетсін; қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер және басқармалармен бірлесе отырып, президент тестері нормативтерін тапсыру жөніндегі жарыстардың ұйымдастырылуын жүргізсін.
Тармақ 12
12. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департамент бастығы (М.Е. Дарманқұлов – келісім бойынша), қорғаныс істері жөніндегі қалалық және аудандық бөлімдер мен басқармалар:
Тармақша 1
1) ҚССЛ әкімшілігіне жиынды дайындау және өткізу кезеңінде көмек көрсетсін;
Тармақша 2
2) Әскери оқ-дәрімен ату жүргізу үшін жиынға қатысушыларды оқытуды және оқу қаруларымен іс-жүзінде сабақтар ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) Шақыру жасындағы жасөспірімдермен оқу-дала жиындарын жоспарлау және ұйымдастыруға көмек көрсетсін;
Тармақша 4
4) Шақыру жасына дейінгі және шақыру жасындағы жасөспірімдермен оқу-дала жиындарының бастығын тағайындасын.
Тармақша 5
5) Қарағанды облысы бойынша қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалардың қорғаныс-спорттық лагерлерінің бастықтарын тағайындасын.
Тармақ 13
13. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.