Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы наурыздағы № қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу, онлайн-платформалар және онлайн-жарнама салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют мәдени орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушы-құқықтық формасында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба бейнесі бар мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланктері, қазынашылық органдарында «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының бюджеттік және қаржылық заңдылығына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселесі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, Бөлім басшысының бұйрықтарымен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Бөлімнің мекенжайы: индексі 150900, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Абылай хан көшесі, 47.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бюджетінен (шығындар сметасы) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау затына кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге қаржы және мемлекеттік басқару салаларында заңдылық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының қаржы облысындағы заңнамасында басқалары белгіленбеген жағдайда мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Бөлімнің мақсаттары және өкілеттіктері
2. Бөлімнің мақсаттары және өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:
Тармақша 1
1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;
Тармақша 2
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
Тармақша 3
3) кинематография;
Тармақша 4
4) мемлекеттік рәміздер;
Тармақша 5
5) архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу;
Тармақша 7
7) ономастика;
Тармақша 8
8) креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;
Тармақша 9
9) ақпарат;
Тармақша 10
10) ақпаратқа қол жеткізу;
Тармақша 11
11) балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау;
Тармақша 12
12) телерадио хабарларын тарату;
Тармақша 13
13) бұқаралық ақпарат құралдары;
Тармақша 14
14) онлайн-платформалар және онлайн-жарнама;
Тармақша 15
15) діни қызмет;
Тармақша 16
16) мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;
Тармақша 17
17) қоғамдық сананы жаңғырту;
Тармақша 18
18) қайырымдылық;
Тармақша 19
19) волонтерлік қызмет;
Тармақша 20
20) медиация;
Тармақша 21
21) ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) мемлекеттің, азаматтық қоғамның және қоғамдық кеңестердің өзара іс-қимылы;
Тармақша 23
23) өз құзыреті шегінде Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: Бюджет кодексімен, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен қарастырылған бөлімнің құзыретіне жатқызылған қызметтерді жүзеге асыру үшін ақпаратты мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және жеке тұлғалардан сұрауға және алуға; аудан бюджетін жоспарлау және орындау, сондай-ақ экономикалық тиімділікке және бекітілген аудандық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) мақсатты орындалуына баға беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беруге; ауданның коммуналдық меншігіндегі аудандық коммуналдық мүлікті, соның ішінде акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін (жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктердің үлестерін) иемденуге, пайдалануға; Бөлімнің құқықтарын және мүдделерін қорғау бойынша барлық деңгейдегі сот органдарына шағымдануға, аудандық коммуналдық мүлікті иемдену, пайдалану және билік ету сұрақтары, Бөлім қызметінің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы соттарында Бөлімнің мүддесін білдіруге; аудандық коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін бағалау шығындарын қаржыландыру үшін қаражатты пайдалануға, аукциондарды, тендірлерді ұйымдастыру және өткізуге, жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүргізуге, аудандық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен заңды және жеке тұлғаларды сараптаушы және кеңес беруші ретінде шарт негізінде тартуға; шарттың талаптарын бұзғаны, соның ішінде аудандық коммуналдық меншік объектілерінің меншіктік жалға беру (жалдау) төлемін төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін; жалға берілген объектіні тағайындалуна байланысты емес пайдаланғаны үшін, оны жалға берушінің келісімсіз субжалға бергені үшін, сондай-ақ жалға алушымен жалға берушінің келісімісіз оның ішінде орналасқан инженерлік жүйелерді және коммуникацияларды қайта жаңғарту, қайта жоспарлау немесе объектіні қайта жабдықтауды жүргізу; аудандық коммуналдық меншік объектілерін өтеусіз пайдалануға (ссуданы), сатып алу-сату, сенімгерлік басқару шарттарының талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін төлемақы және айыппұл есептеуге;
Тармақша 2
2) Міндеттері: материалдарды және ақпараттарды заңды және жеке тұлғалардан бұл туралы ресми сұрау салу түскен жағдайда өз құзыреті шегінде ұсыну; нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; ауданның қаржылық қызметі, коммуналдық меншігі мәселелері бойынша барлық сот, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда аудан әкімінің, әкімдігінің мүддесін білдіру; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру;
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы әкімдік қаулыларын, облыс пен аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің, аудандық бағдарламалар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының жобаларын әзірлейді;
Тармақша 3
3) өз құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдар мен құжаттарды әзірлейді;
Тармақша 4
4) аудан әкімдігінің және басқа да консультативтік-кеңестік органдардың отырыстарына қатысады;
Тармақша 5
5) аудандық қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларды саяси қамтамасыз етуді жүргізеді;
Тармақша 6
6) этносаралық қатынастар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету және сақтау саласындағы республикалық, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 7
7) мәліметтердің ақпараттық жиынтығын қалыптастыру, жинақтап қорыту және топтастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) аудандағы ішкі саяси тұрақтылық пен саяси процестерді демократияландыруға бағытталған республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
Тармақша 10
10) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) діни-ағартушылық қызмет арқылы қандай да бір діни ілімді уағыздау мен таратуды жүзеге асыратын шетелдік азаматтардың және заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 12
12) аудандық деңгейде ақпараттық-насихат іс-шараларын жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) мемлекеттік рәміздер бойынша аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) аудандық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара әрекет жасау жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 16
16) аудандық қоғамдық келісім Кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) аудандық жастар істері жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 19
19) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізеді;
Тармақша 20
20) ауданның мәдени-демалыс ұйымдарының қызметін жүзеге асырады және үйлестіреді;
Тармақша 21
21) аудан аумағында мәдениет саласындағы қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) театр, музыка өнерін, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру;
Тармақша 23
23) меншік нысанына қарамастан шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 24
24) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс енгізеді;
Тармақша 25
25) халыққа қызмет көрсетудің түрлі салалары мен әлеуметтік салаға мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі шараларды іске асырады, халық арасында мемлекеттік тілді насихаттайды;
Тармақша 26
26) мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыру және мемлекеттік тілдің және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің қоғамдық қолданылу аясын кеңейту жөніндегі кешенді шаралар жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асырады;
Тармақша 27
27) театр, музыка, хореография, бейнелеу және өнердің басқа да түрлерін, халық шығармашылығын және көркемөнерпаздықты дамытады;
Тармақша 28
28) халықтың адамгершілік тәрбиесі мен мәдени-танымдық демалысына ықпал ететін кино, бейне өнімдерін кеңінен пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 29
29) мәдениет ұйымдары мен мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жағдайын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) тіл саясатын дамытудың тұжырымдамасын іске асыруда мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға мемлекеттік тілде іс жүргізу, халықтың әртүрлі жастағы топтарына мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру бөлігінде практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 31
31) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 32
32) аудармашыларға, мемлекеттік тілде іс жүргізу жөніндегі бас мамандарға, қазақ тілі үйірмелерінің оқытушыларына практикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 33
33) мәдениет мекемелерінің желісін сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асырады;
Тармақша 34
34) ауданда халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді жақсартуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 35
35) белгіленген тәртіпте концерттік қызметті ұйымдастыру, ауданның жеке орындаушылары, көркем ұжымдардың гастрольдерін өткізуге жәрдемдеседі;
Тармақша 36
36) аудан аумағында әлем халықтарының тілдерін дамытады;
Тармақша 37
37) аудан аумағында халықтық дәстүрлер мен салттарды сақтап, насихаттап, сондай-ақ жаңа көркемөнерпаздар ұжымдарын құрады;
Тармақша 38
38) белгіленген тәртіппен мәдениет саласында конкурстар, байқаулар, көрмелер және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 39
39) ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастырады;
Тармақша 40
40) ашық бюджеттер интернет-порталында ақпаратты орналастырады;
Тармақша 41
41) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастырады;
Тармақша 42
42) медиация саласында жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді;
Тармақша 43
43) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 44
44) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер хаттамаларын жасайды және оларды қарайды, әкімшілік жазалар қолданады;
Тармақша 45
45) театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
Тармақша 46
46) кітапхана қорын сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 47
47) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 48
48) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 49
49) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 50
50) ауданның мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болып табылады;
Тармақша 51
51) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
Тармақша 52
52) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және келіседі;
Тармақша 53
53) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 54
54) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 55
55) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
Тармақша 56
56) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 57
57) аудан аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзеді;
Тармақша 58
58) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 59
59) волонтерлік қызмет практикасын талдау, жиынтықтау және жинақтап қорытуды жүзеге асырады;
Тармақша 60
60) волонтерлік қызмет жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 61
61) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Бөлімнің бірінші басшысының дәрежесі, өкілеттілігі
3. Бөлімнің бірінші басшысының дәрежесі, өкілеттілігі
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттілігін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Мамлют ауданы әкімінің өкімімен жұмысқа қабылданады және жұмыстан босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысында орынбасары жоқ.
Тармақ 19
19. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
Тармақша 1
1) Бөлімнің Ережесін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
Тармақша 2
2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
Тармақша 4
4) Бөлім қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 5
5) еңбек заңнамасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін сыйақыландыру, заттық көмек көрсету және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, бөлімнің қызметшілеріне орындауға міндетті нұсқаулар шығарады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) ерлер мен әйелдердің әр түрлі құқықтары және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдемесі туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) Бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтауға дербес жауапкершілікті алып жүреді;
Тармақша 10
10) Бюджет кодексіне, еңбек, мемлекеттік қызмет, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бөлім басшысының болмаған кезеңінде оның өкiлеттiктерiн орындауды еңбек, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Бөлімнің мүлігі
4. Бөлімнің мүлігі
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 22
22. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 24
24. Егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше көзделмесе бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру (бірлестіру, қосу, бөлу, қайта құру) және тарату (жабу) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. ______________________________