Об определении размера и Правил оказания жилищной помощи в Тайыншинском районе Северо-Казахстанской области Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 08 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3763 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағида айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 151/13 шешіміне 1-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары
Бөлім 1. 1 бөлім. Жалпы бөлім
1 бөлім. Жалпы бөлім
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген, Тайынша ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан қызмет алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен: ағымдағы және жинақтаушы жарналар; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-қызмет беруші) көрсетіледі.
Бөлім 2. 2 бөлім. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
2 бөлім. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
Тармақ 3
3. Қызмет алушының жиынтық табысын қызмет беруші Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін, шығыстарды төлеу сомасы мен қызмет алушының осы мақсаттарға жұмсайтын белгілеген шекті жол берілетін шығыстарының 5 (бес) пайыз мөлшерінде деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері қызмет берушімен Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес есептеледі.
Тармақ 5
5. Қызмет алушы (не сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне немесе әкімшілік актісіне негізделген өкілеттік бойынша оның өкілі) тоқсанына бір рет Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жүгінеді. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі немесе Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бас тарту туралы дәлелді жауап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысы және коммуналдық қызметтерге арналған шығыстар өткен тоқсан үшін есепке алынады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына және қызмет алушыға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттарға сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге берілетін ай сайынғы жарналар туралы өнім берушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Қызмет алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады
Тармақ 9
9. Қызмет алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді қызмет беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды қызмет алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 151/13 шешіміне 2-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
Тармақша 1
1) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3938 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 2 маусымдағы № 91 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4235 болып тіркелген);
Тармақша 3
3) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 307 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 5784 болып тіркелген);
Тармақша 4
4) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 18 наурыздағы № 337 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде № 6105 болып тіркелген);
Тармақша 5
5) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазанындағы № 30 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7103 болып тіркелген);
Тармақша 6
6) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 13 қарашадағы № 85 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде № 7627-15 болып тіркелген).