О некоторых вопросах Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері туралы Балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Орал - Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Зайсан - Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттік мекемелерi базасында "Орал - Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы", "Балқаш - Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы", "Зайсан - Ертiс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Батыс аймақтық балық инспекциясы", "Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы", "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы" және "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Солтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" және "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 мамырдағы N 517 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
Тармақ 2
2. Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
Тармақ 3
3. Зайсан-Ертiс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
Тармақ 4
4. Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы.
Тармақ 5
5. Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы.
Тармақ 6
6. Оңтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы.
Тармақ 7
7. Орталық-Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы.