О создании штаба при акимате Акмолинской области по координации деятельности областных управлений и ведомств по формированию электронных списков, регистрации и учету избирателей Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы басқармалар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2004 жылғы 9 наурыздағы №1 «Қазақстан Республикасы министрліктерінің, агеттіктері мен ведомстволарының сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Республикалық штаб құру туралы» Өкімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы басқармалар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы.
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы штабтың дербес құрамы облыстық мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсынылсын (қосымша 1).
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы басқармалар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штабтың Ережесі бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 4
4. Аудандардың Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері «Сайлаушы» ААЖ компьютерлік бағдарламасын қолдана отырып электрондық деректер банкі түрінде сайлаушылардың тізімдерін түзу жөнінде осындай жергілікті штабтарды құрып бекітсін.
Тармақ 5
5. Бұл қаулының күші 2004 жылдың 16 наурызынан басталған құқықтық қатынастарға өрістеледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне енеді.
Басқа 8
Облыс әкімінің 2004 ж. 22 сәуірдегі № а-4/101 «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы басқармалар мең ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы» қаулысына Қосымша 1 Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы басқармалар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штабтың ҚҰРАМЫ Әбілбеков Дәурен Зекенұлы - облыс әкімінің орынбасары, төрағасы Әлиев Жаңабай Рақышұлы - облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары (келісімі бойынша) Жазин Аманжол Жазыұлы - облыстық мәслихаттың хатшысы (келісімі бойынша) Политкин Николай Афанасьевич - облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Жұпынов Болат Зарлықұлы - облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Трищ Павел Станиславович - облыстық әділет департаментінің бастығы (келісімі бойынша) Мадияров Әбділрахман Советұлы - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Түсіпбеков Дауыл Төлеутайұлы - Ақмола облысы бойынша Ішкі Істер Бас Басқармасының бастығы (келісімі бойынша) Букин Жеңіс Сырымбетұлы - облыстық статистика басқармасының бастығы (келісімі бойынша)
Басқа 9
Облыс әкімінің 2004 ж. 22 сәуірдегі № а-4/101 «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы басқармалар мең ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы» қаулысына Қосымша 2 Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы басқармалар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штабтың ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Ақмола облысы әкімдігінің жайындағы басқармалар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штабтың (бұдан әрі - облыстық штаб) міндеттерін, функцияларын, оның қызметінің құықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық штаб сайлаушылардың электрондық тізімдерінің дұрыстығын және оларды «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы режимінде өндеу мүмкіндігінің, облыстық басқармалар мен ведомстволардың, олардың жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылғын.
Тармақ 2
2. Облыстық штаб облыс әкімі аппаратының жанындағы ұйымдастыру-үйлестіру органы болып табылады.
Тармақ 3
3. Облыстық штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Облыстық штабтың міндеттері
2. Облыстық штабтың міндеттері
Тармақ 4
4. Облыстық штабтың міндеттері: облыстық басқармалар мен ведомстволардың, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың, тұтас алғанда аудан, қала, әрбір елді мекен және сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар жөніндегі электрондық деректер банкінің болуына мүмкіндік беретін, қолданыстағы «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасының негізінде сайлаушылардың тізімдерін түзу жөніндегі іс-қимылын үйлестіру; аумақтық мемлекеттік органдар мен атқарушы органдардың жергілікті жерлерде сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету; жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы заңнамаларының сайлаушылардың тізімдерін жасау және оларға мерзімінде түзету енгізу бөлігіндегі талаптарын уақытылы әрі сапалы орындауындағы жауапкершілігін арттыру.
Тарау 3. 3. Облыстық штабтың құқықтары
3. Облыстық штабтың құқықтары
Тармақ 5
5. Облыстық штабтың заңнамада белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде: облыстық басқармалар мен ведомстволар басшыларының, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалалары әкімдерінің, аймақтық штабтар басшыларының есептерін тыңдауға; облыс әкімінің қарауына халықты тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; Қазақстан Республикасы заңнамасының сайлаушылардың тізімдерін сапалы жасау, оларды тіркеу және есепке алу бөлігіндегі талаптарын, сондай-ақ облыстық штабтың шешімдерін тиісінше , орындауды қамтамасыз етпеген мемлекеттік аумақтық органдар мен атқарушы органдардың басшыларына тәртіптік жаза шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Тарау 4. 4. Жұмысты ұйымдастыру
4. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Облыстық штабтың төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, облыстық штабтың отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды.
Тармақ 7
7. Облыстық штабтың төрағасы орнында болмаған кезде, отырыстар оның орынбасарының төрағалық етумен өткізіледі.
Тармақ 8
8. Облыстық штабтың кезекті отырысының күн тәртібін облыстық штаб мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, төраға немесе оның орынбасары түзеді.
Тармақ 9
9. Облыстық штабтың кезекті отырысына шығарылатын мәселені дайындау үшін дербес құрамын төрағалық етуші айқындайтын жұмыс тобы құрылады.
Тармақ 10
10. Облыстық штаб отырысының мерзімділігі айына бір реттен сирек болмауы керек.