Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в областном бюджете по программе "Представительские затраты" Қолданыста
Басқа 0
«Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша облысттық бюджетте көзделген қаражаттарды пайдаланудың Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республиқасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес, сондай-ақ «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте көзделген қаражаттарды пайдаланудың тәртібін айқындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте
көзделген қаражаттарды пайдаланудың Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Өкілдік шығындардың нормасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының
басшысы М. Н. Иғалиевке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс Әкімиятының
2004 жылғы 06 сәуірдегі № 84
қаулысымен бекітілген
«Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте
көзделген қаражаттарды пайдаланудың Ережесін бекіту туралы
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Өкілдік шығындар - облыстық бюджетте тиісті қаржылық жылға
көзделген және облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бөлінетін
шетелдік және басқа да ресми делегацияны қарсы алуға, жиналыстар,
семинарлар, салтанатты және ресми іс-шараларды өткізуге арналған
өкілдік мақсаттарға арналған қаражат.
Өкілдік шығындарға:
Тармақша 1
1) егер бұл тиісті шарттармен бекітілген болса, келетін жақтың тұру
және көліктік шығындар ақысын төлеу;
Тармақша 2
2) ресми түскі, кешкі астар, кофе-брейктер, фуршеттер;
Тармақша 3
3) ресми қабылдаулар өткізу кезіндегі музықалық сүйемелдеу;
Тармақша 4
4) кәде сыйлар, ескерткіш сыйлықтар сатып алу;
Тармақша 5
5) автокөліктік қызметін көрсету;
Тармақша 6
6) аудармашылардың қызметіне ақы төлеу;
Тармақша 7
7) залды жалдауға арналған шығындар;
Тармақша 8
8) облыс Әкімімен келісілген басқа да шығындар жатады.
Бөлім 2. 2. Облыстық бюджеттің өкілдік шығындарға бөлінетін қаражатын пайдаланудың тәртібі
2. Облыстық бюджеттің өкілдік шығындарға бөлінетін қаражатын пайдаланудың тәртібі
Тармақ 3
3. Облыс Әкімі мемлекеттік органдар ұсынысы негізінде (бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің) және облыстық бюджетте тиісті қаржылық
жылға көзделген өкілдік шығындар қаржылар көлеміне сай күтпеген іс-
шаралардың маңыздылығын есепке ала отырып, ақшалай қаражат бөлу
туралы өкім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің облыстық бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаражатты бөлу туралы өтініштерді облыс Әкімі:
Тармақша 1
1) іс-шараны өткізу қажеттілігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2) ресми делегацияның келу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) іс-шаралар дайындау және өткізудің жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) іс-шараға қатысушылардың іс жүзіндегі санын растайтын
құжаттар;
Тармақша 5
5) шығыстың әрбір бабы негізделген шығыс жоспары болған кезде қарайды.
Тармақ 5
5. Осы Ереженің 2 тармағының 3, 4, 7 тармақшаларында белгіленген өкілдік шығындар бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері көрсетілген тауарлар мен қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерінің құнын, сондай-ақ деректемелерін көрсете отырып, заңнамада белгіленген тәртіптің сақталуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы өблыстық бюджеттік бағдарламалар
әкімшілеріне екілдік шығындарға қаржы болуді облыс Әкімінің өкімі
негізінде өсы қаулымен бекітілген өкілдік шығындардың нормаларына
сөйкес жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы облыстық бюдясетті
қаржыландырудың жинақты жоспарына: облыс өкімінің екімі негізінде
заңнамада белгіленген тәртіппен екілдік шығындарды іске асыру кезінде
105.012.00 «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша жоспарлы
мақсаттарды азайту және тиісті облыстық бюджеттік бағдарламаның
әкімшісінің 101.00 «Өкілдік шығындарға арналған қаржылар есебінен іс-
шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша жоспарлы мақсаттарды арттыру
кезінде өзгерістер енгізеді.
Бөлім 3. 3. Есептілік және бақылау
3. Есептілік және бақылау
Тармақ 8
8. Облыс Әкімінің аппараты өкілдік шығындарға бөлінетін қаражаттардың жұмсалуына бақылау жасайды.
Тармақ 9
9. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және өкілдік
шығындарға арналған қаражатты алған тұлғалар іс-шаралар өткізілгеннен
кейін 5 күнтізбелік күн ішінде облыстық қаржы басқармасына:
Тармақша 1
1) іс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттарды;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 2 тармағының 8 тармакшасына сәйкес өзге
шығындар бойынша облыс Әкімінің өкімі;
Тармақша 3
3) тиісті тауарларды сатқан, жұмыстарды атқарған және қызмет көрсеткен ұйымның мөрімен куәландырылған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемін көрсете отырып, растайтын құжаттары (түбіртектерді, шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды);
Тармақша 4
4) осы Ереженің 2 тармағының 1 тармақшасында айтылған жағдайларда шарттардың расталған кошірмелері тіркелгсн бірінші басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) қолы қойылгпн болінгсн
қаражатты наіідалану туралы есеп ұсынуы тиіс.
Тармақ 10
10. Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді
пайдаланылу жауапкершілігі облыстық бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілеріне жүктеледі.
Басқа 35
Облыс Әкімиятының
2004 жылғы 6 сәуірдегі № 84
қаулысымен бекітілген
Өкілдік шығындардың нормалары
Шығындар атауы
Теңгемен құны
1. Ресми түскі, кешкі астарды беруге
арналған шығыстар делегация үшін күніне
бір адамға есептелген есепке негізделіп
жүргізіледі.
6500-ге дейін
2. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар
шаралары адамдарды қоса алғанда,
буфеттік қызмет көрсету.
1040-қа дейін
3. Мемлекеттік орган штатында тұрмайтын, делегацияны қабылдайтын аудармашынының еңбегіне ақы төлеу (сағатына)
700-ге дейін
4. Көлік шығыстарын төлеу (сағатына)
700-ге дейін
Ескерту:
Тармақ 1
1. Шетелдік және басқа да ресми делегацияларды ресми қабылдауға байланысты ресми түстіктерді, кешкі астарды және басқа да ұқсас іс-шараларды жүргізу кезінде облыс тарапынан қатысып отырғандар саны делегация тарапынан қатысушылардың санынан артық болмауы керек.
Тармақ 2
2. Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған шығыстар, сағаттық төлем есебіне негізделіп шығыстар сметасында көзделеді.
Тармақ 3
3. Делегацияның құрамы 5 адамнан көп болған кезінде делегацияға қызмет көрсететін ілесіп жүрген адамдар мен аудармашылардың саны делегация мүшелерінің кем дегенде 5 адамына 1 аудармашыдан немесе 1 ілесіп жүрушіден негізделіп айқындалуы тиіс.