О плане мероприятий по обеспечению пожарной безопасности и организации тушения природных пожаров на территории Карагандинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңын, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы «Қазақстан Республикасындағы ормандарды сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар туралы» № 699 қаулысын, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның бірлескен мәжілісінің 2003 жылғы 6 ақпандағы №3 хаттамасын орындау үшін және Қарағанды облысы аумағына табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру ұйымдастыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар жоспары бекітілсін (1 қосымша);
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері аталған іс-шаралардың орындалуын жеке бақылауға алсын;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары – облыстық ТЖ жөніндегі комиссия төрағасы И.У. Тоғайбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Қарағанды облысының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы әкімиятының 2004 жылғы «23» наурыз «Қарағанды облысының аумағында өрт кауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар жоспары туралы» № 06/03 қаулысымен бекітілген Қарағанды облысының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар ЖОСПАРЫ № р/н Іс-шаралар Мерзімі Орындаушы 1 2 3 4 1. Ықтимал табиғи өрттерді сөндіруге арналған қолда бар өрт сөндіру және оған бейімделген техникаларды және олардың дайындығын тексеру 30.04.04 дейін Мемлекеттік өртке қарсы қызмет (келісім бойынша), жол полициясы басқармасы, Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, қалалар және аудандар әкімияттары 2. Әртүрлі меншік үлгісіндегі объектілердің өрт және өрт сөндіруге бейімделген қолда бар техникаларын, қондырғыларын ескере отырып, ықтимал табиғи өрттерді сөндіру үшін күштер мен құралдарды қатыстыру жоспарын түзету 30.04.04 дейін Қарағанды облыстық орман және аншылық шаруашылығы басқармасы, қалалар және аудандар әкімияттары 3. Ықтимал табиғи өрттерді сөндіруге арналған күштер мен құралдарды қатыстыру жоспарын өндеу жөніндегі іс жүзіндегі жаттығулар жүргізу 01.05.04 дейін Мемлекеттік өртке қарсы қызмет (келісім бойынша) 4. 1) 2) 3) Ұйымдастырсын: Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жеке құрамын өрт сөндіруге қатыстыру кезінде оны өрт орнына жеткізу үшін жылжу құралдарын жинақтау; Жеке құрамды уақытында ауыстыру; Өрт сөндіру ұзақтығы 3 сағаттан асқан кезде тамақтандыру өрт кезінде Облыс әкімияты, қалалар және аудандар әкімияттары 5. Табиғи өрттерді сөндіру үшін қатыстырылатын өртке қарсы еркін құрылымдарды, тұрғындарды жылжу құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесін шешу 01.05.04 дейін Облыс әкімияты, қалалар және аудандар әкімияттары 6. Инженерлік техникаларды іздестіру, оны техникалық дайын жағдайда ұстау, оларды «ТЖ» аудандарына жедел жіберу үшін жанар-жағар материалдар қорымен қамтамасыз ету 01.05.04 дейін Облыс әкімияты, қалалар және аудандар әкімияттары 7. 1) 2) Шаруашылық объектілерінде және селолық елді-мекендер тұрғындары санынан өрт сөндіруге қатысуға мүмкіндігі бар өртке қарсы ерікті жарамды жауынгерлер құрылымдарын құруды және дайындауды қамтамасыз ету. Орман немесе дала өртінің пайда болуы туралы тұрғындарды уақытында хабарлауды және құрылымдарды өрт орнына жеткізуді ұйымдастыру Әрбір ауладағы өртке қарсы міндетті құралдардың тізімін анықтау(сыпыртқы, шелек, ырғақ, от іріткіш және т.б.) 01.05.04 дейін 01.05.04 дейін 01.05.04 дейін Облыс әкімияты, қалалар және аудандар әкімияттары Қалалар және аудандар әкімдері Қалалар және аудандар әкімдері 8. Шаруашылық қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың орман алаңдарында, шабындықта, көк шөп қалдығын, орылған егіс орнындағы (соның ішінде ауыл шаруашылығы жандыруын) шөптерді өртеуге және егіс даласында от жағуға жол бермеу. Тұрақты Қалалар және аудандар әкімдері 9. Орман алқаптарында пайда болған дала өрттерінің орман алқаптарына өтуіне жол бермеу мақсатында өртке қарсы мақсаттағы 3 метрлік минералдандырылған белдеулер және оларға өрт қаупі бар маусымда 2-3 мәрте күту жұмыстарын жүргізу жолымен ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің ортасында орналасқан орман алқаптарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнаманың талаптарын шаруа және фермер қожалықтарының, орман шаруашылығы мекемелерінің қаперіне жеткізсін Тұрақты Қалалар және аудандар әкімдері 10. Халықтың демалу орындарын анықтау, осы учаскелердің өрт қауіпті маусымда күшейтілген қорғалуын ұйымдастыру 01.05.04 дейін және тұрақты Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (келісім бойынша) 11. Көлікпен, өрт сөндіру және байланыс құралдарының патрульдік топтарын қамтамасыз ете отырып, орман алқаптарының өртке қатысты ерекше қауіпті аумақтарында патрульдеу тәртібін және маршрутын әзірлеу 01.05.04 дейін және тұрақты Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (келісім бойынша) 12. Автокөлік құралдары мен халықтың өрт қауіптілігі жоғары кезеңде орманға баруын шектеу туралы уақытында шешіңм қабылдау, АІІБ және МӨҚ бірлесе отырып, орман алқаптарына кіре берісте орманшылық бекетін қоюды міндетті түрде қамтамасыз ету. Өрт-химиялық станцияларды тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру Мамыр-қыркүйек Қалалар және аудандар әкімияттары, Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (келісім бойынша), ішкі істер бас басқармасы (келісім бойынша), мемлекеттік өртке қарсы қызмет (келісім бойынша) 13. Бұқараралық ақпарат құралдары арқылы ормандағы өрттің алдын алу, олардың қауіптілігі және «Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің» талаптарын бұзғаны ұшін жауапкершілік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету Мамыр-қыркүйек Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (келісім бойынша), Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы, (келісім бойынша), қалалар және аудандар әкімияттары 14. Саяжай қоғамдарының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, от жағу, орман алқаптарына тікелей жақын орналасқан саяжай учаскелерінде қоқыстарды жағуына жол бермеуді қамтамасыз ету Мамыр-қыркүйек Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, ішкі істер бас басқармасы (келісім бойынша), мемлекеттік өртке қарсы қызмет (келісім бойынша) 15. Жол бойындағы тез жанатын материалдардан тазартылған, жол бойында орнатылған белдеулерді ұстауды, сондай-ақ жол бойындағы егіс орындарын жыртуды және шөптерді шабуды қамтамасыз ету Тұрақты Қарағанды облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы басқармасы ММ (келісім бойынша), құрылыс және автомобиль жолдары басқармасы 16. Темір жол бойындағы тез жанатын метариалдардан тазартылған, жол бойында орнатылған белдеулерді ұстауды, сондай-ақ жол бойындағы егіс орындарын жыртуды және шөптерді шабуды қамтамасыз ету Тұрақты «Қазақстан-Теміржолы» Ұлттық компаниясы ЖАҚ магистральды темір жол желісінің Қарағанды бөлімшесі (келісім бойынша) 17. Өрт сөндіру поездарын толық әскери дайындыққа келтіру, оларды судың толық қорымен, өрт-техникалық қондырғылармен және өрт сөндірудің қол астындағы құралдарымен қамтамасыз ету, барлық локомотивтерді ұшқын басқыш тормен жабдықтау, өртке қарсы қорғаныш құралдарының толық кешені жоқ локомотивтерді пайдалануға жіберуге жол бермеумен толық 01.05.04 дейін, тұрақты «Қазақстан-Теміржолы» Ұлттық компаниясы ЖАҚ магистральды темір жол желісінің Қарағанды бөлімшесі (келісім бойынша) 18. Су қайнарлары, жолдар мен өрт-химиялық станциялар көрсетілген ормандар карталарын қайта әзірлеу 01.05.04 дейін Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (келісім бойынша) 19. Халық көп баратын орман алқаптарының учаскелерінде, сондай-ақ орман жолдары бойында орманда отпен абай болу қажеттілігі және өртке қарсы қауіпсіздіке ережелерін бұзғаны ұшін жауапкершілік туралы аншлагтар мен плакаттарды кеңінен пайдалану және орнату Тұрақты Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (келісім бойынша) 20. Өрт-химиялық станциялардың жеке құрамының дайындығын және жаттығуларын өткізу, орман өрттерін сөндіру әдістері мен машықтарына оқыту Тұрақты Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (келісім бойынша) 21. Ауыл шаруашылығы қызметін жүргізетін орман шаруашылығы мекемелерінің, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, сауықтыру мекемелері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының табиғи өрттердің алдын алу жөніндегі орман алқаптарына тікелей жақын жерде жүргізетін барлық жұмыс түрлеріне және іс-шараларына тексеріс жүргізу. Тексеріс нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес іс-шаралар қабылдау өрт қауіпті маусым аяқталғанға дейін ай сайын Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша) 22. Орман және аңшылық комитетінің ведомствосына қарасты орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өрттен сақтау мәселелерін шешуге көмек көрсету, заңмен көзделген қажетті іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету Тұрақты Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша) 23. Ауыл шаруашылығы мекемелеріне, қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, сауықтыру мекемелеріне, демалыс үйлеріне, санаторийлерге, селолық округштерге өрт қауіпті маусымға дайындығына (өртке қарсы күресуге қатысты) рейдтік тексеріс жүргізу, тексеріс нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес іс-шаралар қабылдау Мамыр-қыркүйек Облыстық мемлекеттік өртке қарсы бас басқарма (келісім бойынша) 24. Шаруашылық объектілерінің басшыларына өртке қарсы ерікті құрылымдардың жеке құрамын оқытуда қажетті іс-жүзіндегі көмек көрсету Тұрақты Облыстық мемлекеттік өотке қарсы бас басқарма (келісім бойынша) 25. Ормандарды жою немесе зақым келтіру фактілері бойынша жедел іздестіру шараларын және тексеру іс-қимылдары өндірісінің, сондай-ақ осымен байланысты қылмыстық істердің ашылу тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қабылдау Тұрақты Облыстық ішкі істер бас басқармасы (келісім бойынша) 26. Орман қорының аумағында жұмыс істейтін ұшқын сөндіргіш және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталмаған көлік құралдарының, ауыл шаруашылығы және басқа да өз бетінше жүретін техникаларды пайдалануға тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау Мамыр-қыркүйек Облыстық ішкі істер бас басқармасы (келісім бойынша), Ауыл шаруашылығы министрлугуеің Қарағанды облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша)