Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және Батыс Қазақтан облыстық әкімдігінің 2001 жылғы 13 қарашадағы "Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы" № 48 (мемлекеттік тіркеу № 1143), "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы" № 49 (мемлекеттік тіркеу № 1144) қаулыларының негізінде тұрмысы төмен отбасыларды материалдық қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету туралы Ережесі қосымшаға сай бекітілсін.
Басқа 2. Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету ережесі
Аудандық әкімдігінің 2004 жылғы 2 сәуірдегі "Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" № 53 қаулысымен бекітілді Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету ережесі Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148-II Заңына, Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2001 жылғы 13 қарашадағы "Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы" № 48 (мемлекеттік тіркеу № 1143), "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы" № 49 (мемлекеттік тіркеу № 1144) қаулыларына сәйкес жасалды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жергілікті атқару органдары өз құқығы мен құзыреті шегінде тиісті бюджет есебінен төмендегі санаттарға жеңілдіктер, сондай-ақ материалдық көмек пен басқа да көмек түрлерін көрсету мақсатында мынадай шаралар белгілейді:
Тармақша 1
1) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге материалдық көмек;
Тармақша 2
2) 1926-1927 жылдары туған Ұлы Отан соғысына әскерге шақырылған, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға материалдық көмек;
Тармақша 3
3) табыс көзі жоқ отбасыларына жанұя мүшесі қайтыс болғанда жерлеу шығындарына материалдық көмек;
Тармақша 4
4) тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үйлерінің жөндеуіне, тосын жағдайлар (өрт, суға кету, тағы басқа табиғи апаттар) салдарынан материалдық тапшылыққа тап болған және ауыр науқасқа шалдыққан жағдайда емделуге материалдық көмек беру;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, ерлері майданда қайтыс болған жесірлерге, балалары бейбіт кезде Армия қатарында қайтыс болған отбасыларына мереке күндерінде біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 6
6) Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасына көлік пен жүруге жол құнын төлеу үшін материалдық көмек;
Тармақша 7
7) Табыс көзі жоқ отбасыларына жеке басының куәлігін алу үшін материалдық көмек;
Тармақша 8
8) Аз қамтылған отбасыларына рухани қолдау мақсатында республикалық, облыстық, аудандық басылымдарға жазылу үшін материалдық көмек.
Тармақ 2
2. Қаржыландыру көздері жергілікті бюджеттен 2581500332 бюджеттік бағдарлама арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Осы Ережедегі қаралған көмек түрлері басқа жәрдемақы, көмек алуына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 4
4. Көмектер түрлері төменде көрсетілген санаттарға төленбейді:
Тармақша 1
1) соңғы әскерге шақырылған, бірақ әскери қызметі үшін ешқандай ордендер мен медальдармен марапатталмаған адамдарға 1 тармақтың 2 тармақшасында қаралған көмек берілмейді;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатынасушыларға және оларға теңестірілген адамдарға осы Ереженің 1 тармақтың 2 тармақшасында қаралған түрі берілмейді;
Тармақша 3
3) Отан алдында ерен еңбегі үшін марапатталған, бірақ 1992-1999 жылдар аралығында облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықпағандарға осы Ереженің 1 тармақтың 1 тармақшасында қаралған көмек түрі төленбейді.
Тарау 2. 2. Материалдық көмектерді тағайындау үшін қажетті құжаттар
2. Материалдық көмектерді тағайындау үшін қажетті құжаттар
Тармақ 5
5. Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлер үшін:
Тармақша 1
1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;
Тармақша 2
2) жеке төлқұжат көшірмесі;
Тармақша 3
3) дербес зейнеткерлердің куәлік көшірмесі, немесе мұрағаттық анықтама;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркелім нөмірі.
Тармақ 6
6. Соғысқа соңғы әскерге шақырылғандар үшін:
Тармақша 1
1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;
Тармақша 2
2) жеке төлқұжат көшірмесі;
Тармақша 3
3) аудандық әскери комиссариаттан соңғы әскерге шақырылғандығы жөнінде анықтама;
Тармақша 4
4) соғыс кезінде әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін алған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері мен медальдарының куәлік көшірмесі;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің тіркелім нөмірі.
Тармақ 7
7. Табыс көзі жоқ отбасыларына жерлеу шығындары үшін:
Тармақша 1
1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;
Тармақша 2
2) жеке төлқұжат көшірмесі;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау мекемесінен өлімі туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркелім нөмірі;
Тармақ 8
8. Тұрмысы төмен табыс көзі жоқ отбасыларына және жалғыз басты қариялар мен мүгедектерге біржолғы материалдық және қаржылай көмек алу үшін:
Тармақша 1
1) материалдық көмек тағайындау жөнінде толық көрсетілген арызы;
Тармақша 2
2) жеке төлқұжат көшірмесі;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы;
Тармақша 4
4) тосын жағдайлар жөнінде салалық мекемелерден тиісті органдардан анықтама;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің тіркелім нөмірі.
Тармақ 9
9. Осы Ереженің 1 тармағының 5 тармақшасында көзделген материалдық көмекті тағайындау аудандық әскери комиссариат, зейнетақы төлеу орталығы, аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің және ауылдық округі әкімдерінің бірлесе дайындаған тізімі бойынша аудан әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасына материалдық көмек тағайындау үшін:
Тармақша 1
1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;
Тармақша 2
2) жеке төлқұжат көшірмесі;
Тармақша 3
3) аудандық әскери комиссариаттан анықтама;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркелім нөмірі.
Тармақ 11
11. Табыс көзі жоқ отбасыларына жеке басының куәлігін алуға көмек беру үшін:
Тармақша 1
1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;
Тармақша 2
2) отбасының кедейшілік деңгейден төмен тұрмысы жөнінде ауыл әкімінің анықтамасы және көмекті кімге беру жөнінде ұсыныс;
Тармақша 3
3) көмек берілетін кісінің төлқұжат көшірмесі;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркелім нөмірі.
Тарау 3. 3. Көмектер мөлшері мен мерзімі
3. Көмектер мөлшері мен мерзімі
Тармақ 12
12. Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге материалдық көмек ай-сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалып, төленеді.
Тармақ 13
13. 1926-1927 жылдары туылған, Ұлы Отан соғысына соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек ай-сайын 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады және төленеді.
Тармақ 14
14. Табыс көзі жоқ отбасыларына жанұя мүшесі қайтыс болған жағдайда жерлеу шығындарын көтеріп алған жанұя мүшесіне 5-тен 10-ға дейін айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде біржолғы материалдық көмек аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жанындағы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия қорытындысына сәйкес аудан әкімдігіне ұсыныс етіледі.
Тармақ 15
15. Табыс көзі жоқ отбасыларына жалғыз басты қариялар мен мүгедектерге тұрғын үйлерінің жөндеуіне материалдық көмек отбасының көмек сұраған жағдайы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссиямен егжей-тегжей қаралып нақтылы жағдайға және аудандық бюджет қаражатына байланысты 5 мыңнан 20 мыңға дейінгі мөлшерде аудан әкімдігінің қаулысы негізінде төленеді.
Тармақ 16
16. Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасына көлік пен жүруге жол құнын төлеу үшін ай-сайын 1000 теңге мөлшерінде төленеді.
Тармақ 17
17. Осы Ереженің 1 тармағының 7 тармақшасында көзделген табыс көзі жоқ отбасыларына жеке басының куәлігін алу үшін 3000 теңге дейінгі мөлшеріндегі біржолғы көмек комиссия қорытындысына сай аудан әкімдігінің қаулысы негізінде төленеді. Осы Ережеде көрсетілген материалдық көмектерге қажетті құжаттар аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жанындағы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссияға тапсырылады. Ауыл әкімі қажетті құжаттарды түгелдеп, тіркеп Ереженің 1 тармағының 1 және 2 тармақшалары бойынша аудандық әлеуметтік қорғау бөліміне, ал материалдық көмектің қалған түрлеріне жинақталған құжаттарды аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жанындағы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия хатшысына әкеліп тапсырады. Материалдық көмек аудандық пошта байланыс мекемесі және оның ауылдардағы құрылымдары арқылы жүзеге асырылады. Көмек сұраушы азаматтар тапсырылған құжаттардың дұрыстығы үшін толық жауап береді. Төлем жүргізілгеннен кейін қателіктер, жалған мәліметтер анықталған жағдайда заңсыз төленген көмек қолданыстағы Заңдарда белгіленген тәртіппен кері өндіріледі.