Об утверждении Правил проведения экспертизы на патентную чистоту техники и технологий при создании инновационных (венчурных) производств Қолданыста
Басқа 0
Инновациялық (венчурлық) өндіріс жасау кезінде техника мен технологиялардың патенттік тазалығына сараптама жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5.3.2.10-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамыз:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Инновациялық (венчурлық) өндіріс жасау кезінде техника мен технологиялардың патенттік тазалығына сараптама жүргізу жөніндегі ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ж.Қ.Асановқа және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Ә.Ө.Исекешевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Инновациялық (венчурлық) өндіріс жасау кезінде техника мен технологиялардың патенттік тазалығына сараптама жүргізу жөніндегі ереже
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2004 жылғы 9 сәуірдегі N 97
және Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрінің 2004 жылғы
6 сәуірдегі N 80
"Инновациялық (венчурлық)
өндіріс жасау кезінде техника
мен технологиялардың патенттік
тазалығына сараптама жүргізу
жөніндегі ережені бекіту
туралы" бірлескен бұйрығымен
Бекітілген
Инновациялық (венчурлық) өндіріс жасау кезінде техника мен технологиялардың патенттік тазалығына сараптама жүргізу жөніндегі ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Инновациялық (венчурлық) өндіріс жасау кезінде техника мен технологиялардың патенттік тазалығына сараптама жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік объектілерінің азаматтық айналымға тартылуы кезінде құқықтық тәртіпті жетілдіру және инновациялық (венчурлық) өндірістердің тәуекелін төмендету мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Сараптаманы техника мен технологиялар объектілерін әзірлеуші және/немесе техника мен технологияларды әзірлеу, жасау және пайдаланудың барлық сатыларында оны пайдаланатын шаруашылық субъекті жүргізе алады.
Тармақ 3
3. Осы Ереженің мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Патенттік тазалық - осы елде оның аумағында қолданылып жүрген үшінші тұлғаларға тиесілі қорғау құжаттарын бұзу қауіпінсіз еркін пайдаланылуы мүмкін болып табылатын техника объектісінің және өнеркәсіптік меншік объектілерінің құқықтық қасиеті;
Тармақша 2
2) Техника объектісі - шаруашылық қызметтің нәтижелері және/немесе құралдары: өнеркәсіптік өнім (машиналар, аспаптар, жабдықтар, материалдар), өнеркәсіптік өнімнің басқа түрлері, күрделі құрылыс объектілері, ғылыми-техникалық өнім, микроорганизмдердің штаммдары, химиялық процестерді қоса алғанда технологиялық процестер, биотехнологиялық, ауыл шаруашылық, медициналық препараттар, адамдар мен жануарларды емдеу тәсілдері;
Тармақша 3
3) Қорғау құжаты - мемлекеттің қорғауындағы өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, тауар таңбаларына және басқа өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды куәландыратын құжат;
Тармақша 4
4) Өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, өнеркәсіп үлгілері пайдалы модельдер, тауар таңбалары, тауар шығарылған жерлердің атаулары;
Тармақша 5
5) Шаруашылық субъект - шаруашылық қызметті өзінің атынан жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 6
6) Техникалық шешім - қозғалыс пен материяның физикалық және химиялық, биологиялық және басқа нысандарына негізделген материалдық құралдармен және әдістермен мәселені шешу;
Тармақша 7
7) Техникалық нәтиже - өнертабысты жүзеге асыру кезінде алынуы мүмкін техникалық эффект, қасиет, құбылыс сипаты;
Тармақша 8
8) Инновациялық қызмет - нәтижелері экономикалық өсу мен бәсекелестікке қабілеттілік үшін пайдаланылатын өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына жаңа идеяларды, жаңа білімдерді, технологияларды және өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет;
Тармақша 9
9) Венчурлық өндіріс - құрылуы мен енгізілуі белгілі бір экономикалық тәуекелмен байланысты жаңалықтың сынағы және пайдалануы үшін жасалатын өндіріс;
Тармақша 10
10) Патенттік тазалыққа сараптама - елімізде немесе бірнеше елдерде объектіге қатысы бар, қолданылып жүрген барлық қорғау құжаттарын іздеу, оларды талдау, сондай-ақ объектіні елімізде немесе бірнеше елдерде кедергісіз жүзеге асыруға ықпал ететін жағдайларды зерделеу болып табылатын патенттік зерттеулердің бір түрі.
Тарау 2. 2-тарау. Техника объектісінің және өнеркәсіптік меншік объектілерінің патенттік тазалыққа сараптамасы
2-тарау. Техника объектісінің және өнеркәсіптік меншік объектілерінің патенттік тазалыққа сараптамасы
Тармақ 4
4. Өнертабыстарға қатысты техника объектілерінің барлық санаттары (заттек, тәсіл, құрылғы) тексеріледі.
Пайдалы модельдерге қатысты заңнамаға сәйкес пайдалы модельдерге жатқызылуы мүмкін объекті санаттары тексеріледі.
Өнеркәсіп үлгілеріне қатысты тек қана құрылғылар, атап айтқанда олардың сыртқы түрі тексеріледі.
Тауар таңбаларына қатысты өнімнің өзінде, сондай-ақ оның қаптауында маркировкамен жабдықталған барлық өнімдер, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің тауар таңбасы орналастырылған техникалық және қызметтік құжаттама тексеріледі.
Тармақ 5
5. Сараптама:
Тармақша 1
1) техниканың инновациялық объектілерін жасаған;
Тармақша 2
2) экспортқа арналған объектілерді экспорт елдеріне жеткізген (жекелеген жеткізулерді алмағанда);
Тармақша 3
3) егер осындай экспонатқа қою жарнама мақсатын және осы объектіні кейін сатуды көздесе объектілерді кез келген көрмелерде (жәрмеңкелерде) экспонатқа қойған;
Тармақша 4
4) құқықтарды шарт бойынша берген;
Тармақша 5
5) осы объектіні дайындауға техникалық құжаттарды берген жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Сараптама үш сатыдан тұрады:
Сараптаманың бірінші сатысы - алда күтілетін тексерістің бағдарламасын жасау, тексерілетін объектіні және оны патенттік тазалыққа тексеру шарттарын талдау, тексеріс әдістемесін таңдау, тексерісті жүргізуге қажетті барлық бастапқы мәліметтерді және материалдарды дайындау.
Сараптаманың екінші сатысы - тексерілетін объектіге қатысты қорғау құжаттарын іздестіру, оларды зерделеу, талдау.
Қорытынды сатысы - тексеріс жүргізілген барлық өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты осы техника объектісінің патенттік тазалығы туралы негізделген қорытындыларды дайындау, елімізде және шет елдерде пайдаланудың (сатудың) мүмкіндіктері туралы ұсынымдарды ол үшін қандай шараларды қолдану керек екенін көрсетіп жасау, сараптама нәтижелерін сарапшылық қорытындылар ретінде құжаттамалық ресімдеу.
Тармақ 3. 3. Сараптаманың бірінші сатысы
3. Сараптаманың бірінші сатысы
Тармақ 7
7. Сараптаманың бірінші сатысы негізгі сегіз кезеңді қамтиды:
Тармақша 1
1) жағдайларды талдау және осы объект үшін тексеріс әдістемесін таңдау, тексеріс елдерін белгілеу;
Тармақша 2
2) тексеріс жүргізіліп отырған елдердің заңнамаларындағы сараптама әдістемесіне әсер ететін ерекшеліктерді зерделеу;
Тармақша 3
3) патенттік тазалыққа сараптама жасалуы тиіс техникалық шешімдерді және басқа элементтерді таңдау;
Тармақша 4
4) патенттік тазалыққа сараптама жасалуы тиіс жинақтауыш (сатып алынатын) бұйымдарды және шала фабрикаттарды таңдау;
Тармақша 5
5) патенттік тазалығына сараптама жүзеге асырылатын осы объектіге техникалық құжаттаманы белгілеу және таңдау;
Тармақша 6
6) патенттік тазалыққа тексерілуі тиіс барлық техникалық шешімдер мен басқа элементтер үшін сыныптамалық айдарларды белгілеу;
Тармақша 7
7) объектіге патенттік тазалығына сараптама жүргізілетін патенттік құжаттаманы таңдау;
Тармақша 8
8) сараптама бағдарламасын жасау және келісу.
Тармақ 1. &1. Осы объект үшін жағдайларды талдау және сараптама әдістемесін таңдау, тексеру елдерін белгілеу
&1. Осы объект үшін жағдайларды талдау және сараптама әдістемесін таңдау, тексеру елдерін белгілеу
Тармақ 8
8. Сараптаманы жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) сараптаманың мақсаты;
Тармақша 2
2) алда күтілетін жұмыстың негізгі бағыттары (жаңадан жасалатын объектінің патенттік тазалығын қамтамасыз ету немесе жасалған не шығарылатын объектінің патенттік тазалығын тексеру) белгіленеді;
Тармақша 3
3) осы объектінің патенттік тазалығы қамтамасыз етілуге немесе жүргізілуге тиіс елдер таңдалады;
Тармақша 4
4) таңдалған елдердің патенттік құжаттамасының (патенттік қорларының) Қазақстан Республикасындағы көлемі, сипаты (түрі) және олардың бар-жоғы анықталады.
Тармақ 9
9. Сараптама әдістемесі тексерілетін объектінің түріне (жаңа әзірлеу, экспорт объектісі, стандарт жобасы, жинақтап жеткізу объектісі, көрме экспонаты және т.с.) қатаң сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 10
10. Осы объектінің патенттік тазалығына сараптама әдістемесін таңдау кезінде:
Тармақша 1
1) сараптама жүргізілетін елдер мен өнеркәсіптік меншік түрлерін;
Тармақша 2
2) сараптама кезеңдері мен сараптама көлемін;
Тармақша 3
3) тексерілуі тиіс техникалық шешімдердің (элементтердің) жалпы сипатын және шамадағы санын;
Тармақша 4
4) сараптама жүргізу үшін қажетті патенттік қорлар мен көмекші материалдарды;
Тармақша 5
5) осы объектіні әзірлеушіден басқа сараптамаға тартылатын тұлғаны;
Тармақша 6
6) сатылар мен кезеңдер бойынша жұмыстарды орындау мерзімдерін белгілеу және негіздеу қажет.
Тармақ 2. &2. Сараптама әдістемесіне әсер ететін тексеру жүргізілетін елдердің заңнамалары ерекшеліктерін зерделеу
&2. Сараптама әдістемесіне әсер ететін тексеру жүргізілетін елдердің заңнамалары ерекшеліктерін зерделеу
Тармақ 11
11. Тексеріс әдістемесіне әсер етуі мүмкін және сараптаманың өзін жүргізу, оның нәтижелерін бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және/немесе басқа елдерде объектіні сатуға мүмкіндігін бағалауға байланысты ұсынымдарды дайындау кезінде тексеру әдістемесіне әсер етуі мүмкін және ескерілуі қажет тиісті елдердің патент заңдарының ережелеріне талдау жасалады.
Тармақ 3. &3. Патенттік тазалығына сараптамаға жататын техникалық шешімдерді және басқа элементтерді таңдау
&3. Патенттік тазалығына сараптамаға жататын техникалық шешімдерді және басқа элементтерді таңдау
Тармақ 12
12. Тексерілетін объектіде пайдаланылған тиісті елдердің патенттік қорлары бойынша тексерілуі тиіс техникалық шешімдердің (элементтердің) толық тізбесі, сондай-ақ осы объекті үшін өзінің бұрыннан белгілі болуына байланысты мұндай тексеріске жатпайтын басқа да барлық маңызды техникалық шешімдердің тізбесі белгіленеді.
Тармақ 13
13. Тексеріске жататын техникалық шешімдер мен басқа элементтерді таңдау:
Тармақша 1
1) тексерілетін объектінің түрімен (санатымен), яғни ол құрылғыға, тәсілдерге немесе заттектерге жататыны;
Тармақша 2
2) объектінің сипатымен және ерекшеліктерімен - ол өзі жаңа немесе бұрын шығарылатын өнімді білдіретіні, жинақталып жеткізудің, лицензияның және т.б. объектісі болып табылатыны анықталып;
Тармақша 3
3) объектінің күрделілігімен, оның құрылымдық бөліктері мен элементтерінің санымен;
Тармақша 4
4) объектінің шығарылу, сату мүмкіндігі мен экспорт көлемімен;
Тармақша 5
5) объектінің, оның түйіндерінің, тетіктерінің және басқа да элементтерінің белгілі болу дәрежесімен және мерзімдерімен;
Тармақша 6
6) басқа жағдайлармен, оның ішінде патенттік қордың түрімен және көлемімен белгіленеді.
Тармақ 4. &4. Патенттік тазалығына сараптама жасалуы тиіс жинақтауыш (сатып алынатын) бұйымдар мен шала фабрикаттарды таңдау
&4. Патенттік тазалығына сараптама жасалуы тиіс жинақтауыш (сатып алынатын) бұйымдар мен шала фабрикаттарды таңдау
Тармақ 14
14. Жинақтауыш (сатып алынатын) бұйымдар мен шала фабрикаттардың тізбесі белгіленеді, олардың патенттік тазалығы туралы жалпы мәліметтер объектінің патенттік тазалығын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс.
Тармақ 5. &5. Патенттік тазалығына сараптама жүзеге асырылатын осы объектінің техникалық құжаттамасын белгілеу және іріктеп алу
&5. Патенттік тазалығына сараптама жүзеге асырылатын осы объектінің техникалық құжаттамасын белгілеу және іріктеп алу
Тармақ 15
15. Сараптама жасау үшін патенттік қорлар бойынша тексеру үшін таңдап алынған барлық техникалық шешімдер толық көрсетілген немесе сипатталған техникалық құжаттаманы іріктеп алу жүзеге асырылады.
Тармақ 6. &6. Патенттік тазалыққа тексеруге жататын барлық техникалық шешімдер мен басқа элементтер үшін жіктеме айдарларын белгілеу
&6. Патенттік тазалыққа тексеруге жататын барлық техникалық шешімдер мен басқа элементтер үшін жіктеме айдарларын белгілеу
Тармақ 16
16. Өнеркәсіптік меншіктің тиісті объектілерінің жіктеме айдарларының толық тізімі (1971 жылғы 24 наурызда Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісімімен қабылданған Халықаралық патенттік жіктеме, 1968 жылғы 8 қазанда Локарнода қол қойылған Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесін құру туралы Локарно келісімімен қабылданған Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесі, 1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде, 1977 жылғы 13 мамырда Женевада қайта қаралған және 1979 жылғы 28 қыркүйекте өзгертілген 1957 жылғы 15 маусымдағы таңбаларды тіркеу үшін Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца к елісімімен қабылданған Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі) белгіленеді, оларға сәйкес патенттік тазалығы тексерілуі тиіс техникалық шешімдердің әрқайсысына қатысы бар қорғау құжаттарын іздестіру жүргізіледі.
Тармақ 7. &7. Объекттің патенттік тазалығына сараптама жасалатын патенттік құжаттаманы таңдау
&7. Объекттің патенттік тазалығына сараптама жасалатын патенттік құжаттаманы таңдау
Тармақ 17
17. Әрбір ел үшін тексерілетін объектіге қатысты осы елде қолданылып жүрген барлық қорғау құжаттарымен танысуға мүмкіндік беретін патенттік құжаттаманың түрі белгіленеді.
Тармақ 18
18. Патенттік тазалыққа сараптама жасаудың қандай да бір кезеңінде пайдаланылатын патенттік құжаттаманың түрі осы кезеңнің мақсатына сәйкес белгіленеді, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) тексерілетін объектіге қатысы болуы мүмкін қорғау құжаттарын алғашқы іздеу кезеңінде тек қана барлық қолданылып жүрген қорғау құжаттары туралы мәліметтерді қамтитын ресми көздер пайдаланылады;
Тармақша 2
2) оларды бұдан әрі зерттеу үшін қорғау құжаттарын жүйелеу және сұрыптау кезеңінде барынша нақты мәліметтерді (мысалы, патенттік ведомстволардың, жеке ақпараттық фирмалардың және ұйымдардың рефераттық басылымдары), сондай-ақ, егер қажет болса, қорғау құжаттарына өнертабыстардың сипаттамаларын қамтитын көздер пайдаланылады;
Тармақша 3
3) қорғау құжаттарын детальды талдау кезеңінде тек қана қорғау құжаттарына өнертабыстардың толық сипаттамалары пайдаланылады. Патенттік құжаттаманың басқа түрлері қосымша материалдар ретінде берілуі мүмкін.
Тармақ 8. &8. Сараптама бағдарламасын құру және келісу
&8. Сараптама бағдарламасын құру және келісу
Тармақ 19
19. Патенттік тазалықты тексеру туралы сарапшылық қорытындының бірінші бөлімі жасалады.
Тармақ 20
20. Объектінің патенттік тазалығын тексеру туралы сарапшылық қорытындының бірінші бөлімі:
Тармақша 1
1) кіріспе бөлімді;
Тармақша 2
2) объектінің шағын сипаттамасын;
Тармақша 3
3) патенттік қорлар бойынша тексерілуі тиіс техникалық шешімдердің тізбесін;
Тармақша 4
4) объектісі үшін маңызды бұрын белгілі болуына байланысты патенттік қорлар бойынша тексерілмеуі мүмкін техникалық шешімдердің тізбесін;
Тармақша 5
5) жинақтауыш бұйымдар тізбесі, алуға қажет патенттік тазалық туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 21
21. Кіріспе бөлім осы объектіні әзірлеген шаруашылық субъект туралы, оны әзірлеу уақыты туралы (әзірлеудің басталуы - техникалық тапсырманы бекіту күні, аяқталуы - объектіні дайындауға арналған техникалық құжаттаманы бекіту күні) мәліметтерді, дайындаушы туралы мәліметтерді қамтиды.
Тексеріс мақсаты, техниканың осы саласында алдыңғы қатарда келетін елдер және сараптама жүргізілетін елдер көрсетіледі. Өздеріне қатысты объект тексерілуі тиіс өнеркәсіптік меншік объектілері көрсетіледі.
Тармақ 22
22. Объектінің қысқаша сипаттамасына тексерілетін объекті туралы жалпы мәліметтермен қатар кейін патенттік формулярды толтыру үшін қажет кейбір қосымша мәліметтер енгізілуі тиіс:
Тармақша 1
1) қорғау құжаттарының бастапқы деректерді көрсете отырып объектіні жасау кезінде пайдаланылған ұлттық және шетелдік өнертабыстар (пайдалы модельдер, өнеркәсіп үлгілері) туралы деректер;
Тармақша 2
2) объектіні әзірлеу барысында жасалған өнертабыстар (пайдалы модельдер, өнеркәсіп үлгілері) туралы деректер;
Тармақша 3
3) осы объектіде қолданылған техникалық шешімдердің белгілі болған көздері, адамдардың шексіз тобының осы көздерге қол жеткізерлік дәрежесі.
Тармақ 23
23. Объектінің патенттік тазалыққа сараптамасын жүргізу бағдарламасы (сарапшылық қорытындының бірінші бөлімі) объектіні жалпы әзірлеуге жауапты лауазымды тұлғамен, сондай-ақ сараптаманы жүзеге асырып отырған тұлғамен келісілуі тиіс.
Тарау 4. 4-тарау. Объект сараптамасының екінші сатысы
4-тарау. Объект сараптамасының екінші сатысы
Тармақ 24
24. Объектінің патенттік тазалығы туралы қорытындылар мынадай кезеңдерге негізделеді:
Тармақша 1
1) тексерілетін объектіге қатысы болуы мүмкін қорғау құжаттарын іздеу;
Тармақша 2
2) табылған қорғау құжаттарын жүйелеу, оларды алдын ала бағалау және бұдан әрі нақты зерттеуді талап ететін қорғау құжаттарын сұрыптау, олардың дұрыстығын тексеру;
Тармақша 3
3) таңдап алған қорғау құжаттарын нақты талдау (зерттеу);
Тармақша 4
4) ұқсас қорғау құжаттарын іздеу және оларды талдау;
Тармақша 5
5) техника объектісіне қатысты қорғау құжаттарының заңды берілуін тексеру.
Тармақ 1. &1. Тексерілетін объектіге қатысты қорғау құжаттарын іздеу
&1. Тексерілетін объектіге қатысты қорғау құжаттарын іздеу
Тармақ 25
25. Патенттік қорлар бойынша тексерілуі тиіс техникалық шешімдерге осы объектінің және басқа да элементтерге қатысы бар барлық қолданылып жүрген қорғау құжаттары объектісіне сараптама жүргізілетін елдердің патенттік қорларынан анықталып табылады.
Тармақ 26
26. Ізденіс ретроспективасы (тереңдігі) ұзарту мүмкіндігі ескеріле отырып осы елдегі қорғау құжаттарының қолданылу мерзімімен белгіленеді.
Тармақ 2. &2. Табылған қорғау құжаттарын жүйелеу, оларды алдын ала бағалау және бұдан әрі нақты зерттеуді талап ететін қорғау құжаттарын сұрыптау, олардың жарамдылығын тексеру
&2. Табылған қорғау құжаттарын жүйелеу, оларды алдын ала бағалау және бұдан әрі нақты зерттеуді талап ететін қорғау құжаттарын сұрыптау, олардың жарамдылығын тексеру
Тармақ 27
27. Табылғандардың ішінен тексеріліп отырған объектіге қатысы бар қолданылып жүрген құжаттар талдау үшін және олардың бұзылуы мүмкін болуы туралы мәселені дәлелдеп шешу үшін сұрыпталады.
Тармақ 28
28. Қорғау құжаттары олардың сипаттамаларының толық мәтіндерімен танысу арқылы жүйеленеді және зерделенеді.
Тармақ 29
29. Табылған қорғау құжаттарына қатысты олардың құқықтық мәртебесі тексеріледі.
Тармақ 3. &3. Сұрыпталған қорғау құжаттарын нақты талдау (зерттеу)
&3. Сұрыпталған қорғау құжаттарын нақты талдау (зерттеу)
Тармақ 30
30. Қорғау құжатымен қорғалатын объекттің белгілері және тексерілетін техника объектісінің тиісті белгілерімен салыстырылып олардың жиынтығы айқындалады және оған талдау жасалады. Осы қорғау құжаты тексерілетін объектіге немесе оның бөлігіне қолданылатыны, яғни осы қорғау құжатының объектіге қолданатыны анықталады.
Тармақ 4. &4. Ұқсас қорғау құжаттарын іздеу, оларды талдау
&4. Ұқсас қорғау құжаттарын іздеу, оларды талдау
Тармақ 31
31. Тексерілетін объект сараптама жүргізілген елдердегі бір немесе бірнеше қорғау құжаттарының қолданысына жатса, аталғандардан басқа тағы қандай басқа елдерде өнеркәсіптік меншіктің осындай (ұқсас) объектілеріне берілген қолданылып жүрген қорғау құжаттарының бар-жоғы анықталады, сонымен осы объект патенттік тазалыққа ие болмайтын елдердің неғұрлым тұтас тобы анықталады.
Тармақ 5. &5. Техника объектісіне қатысты қорғау құжаттарының заңды берілуін тексеру
&5. Техника объектісіне қатысты қорғау құжаттарының заңды берілуін тексеру
Тармақ 32
32. Тексерілетін объектіге қатысы бар қолданылып жүрген қорғау құжатына наразылық білдіру немесе дауласу, оның күшін жою тиісті елдің патенттік заңнамасында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп тану немесе қорғау көлемін шектеу мүмкіндігі анықталады.
Тарау 5. 5-тарау. Сараптаманың қорытынды сатысы
5-тарау. Сараптаманың қорытынды сатысы
Тармақ 33
33. Техника объектілеріне сараптаманың қорытынды сатысы мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) әрбір елге қатысты патенттік тазалық (немесе оның болмауы) туралы қорытындыларды тұжырымдау;
Тармақша 2
2) осы объектіні елімізде және шетелде пайдалану (сату) мүмкіндіктері туралы ұсынымдарды дайындау;
Тармақша 3
3) объектіні патенттік тазалыққа сараптау жөнінде жүргізілген жұмысты құжаттамалық ресімдеу.
Тармақ 1. &1. Елдердің әрқайсысына қатысты патенттік тазалығы (немесе оның болмауы) туралы қорытындыларды тұжырымдау
&1. Елдердің әрқайсысына қатысты патенттік тазалығы (немесе оның болмауы) туралы қорытындыларды тұжырымдау
Тармақ 34
34. Алдыңғы кезеңдердің әрқайсысы бойынша барлық өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша объектінің патенттік тазалығы туралы және оған сараптама жасалған барлық елдерге қатысты негізделген соңғы қорытындылар дайындалады.
Тармақ 35
35. Оны тексеру барысында табылған өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын талдау нәтижелері объектінің соңғы қорытындысы үшін негіздеме болып табылады.
Тармақ 36
36. Осы елге қатысты мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) сараптау кезінде жалпы объектіге, оның түйіндеріне, тетіктеріне, құрама бөліктеріне және басқа элементтеріне қатысты бірде-бір қолданылып жүрген қорғау құжаты анықталмағанда;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған қорғау құжаттары табылғанда, бірақ оларды талдау олар осы объектіге және оның элементтеріне қолданылмайтыны көрсетілген объекттің патенттік тазалығы бар деп саналады.
Тармақ 2. &2. Елімізде және шет елдерде осы объектіні пайдалану (сату) мүмкіндіктері туралы ұсынымдарды дайындау
&2. Елімізде және шет елдерде осы объектіні пайдалану (сату) мүмкіндіктері туралы ұсынымдарды дайындау
Тармақ 37
37. Егер объекттің бір немесе бірнеше елге қатысты патенттік тазалығы болмаса тексеріліп отырған объектіге қатысты қорғау құжаттары қолданылатын елдерде объектіні пайдалану мүмкіндігі үшін қабылдануы тиіс шаралар туралы ұсынымдар беру қажет.
Тармақ 38
38. Көрсетілген шаралардың ішінде:
Тармақша 1
1) алғашқы пайдалану (кейін пайдалану) құқықтарын қолдану мүмкіндігін;
Тармақша 2
2) тексеретін объектіге қатысты қорғау құжатын айналып өту мүмкіндігін;
Тармақша 3
3) қорғау құжатына наразылық немесе дауласу мүмкіндігін;
Тармақша 4
4) объектіні оның жеке элементтеріне қатысты патенттік тазалығы болмаған кезде пайдалану мүмкіндігін;
Тармақша 5
5) қорғау құжатын пайдалану құқығына лицензиялық шартты бекіту қажеттілігін қарау қажет.
Тармақ 3. &3. Объектінің патенттік тазалыққа сараптамасы нәтижелерін құжаттамалық ресімдеу
&3. Объектінің патенттік тазалыққа сараптамасы нәтижелерін құжаттамалық ресімдеу
Тармақ 39
39. Сараптама нәтижелері сарапшылық қорытындылар түрінде құжаттап ресімделеді.
Тарау 6. 6-тарау. Патенттік тазалыққа сараптама ерекшеліктері
6-тарау. Патенттік тазалыққа сараптама ерекшеліктері
Тармақ 40
40. Инновациялық (венчурлық) өндірістердің мынадай объектілерін:
Тармақша 1
1) ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
Тармақша 2
2) объектіні әзірлеу немесе оны маңызды түрде жетілдірілуін;
Тармақша 3
3) лицензиялық шарттар объектілерін;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағында құрылысы салынатын объектілерді;
Тармақша 5
5) көрме экспонаттарын;
Тармақша 6
6) техникалық жағдайларды және фирмалық стандарттарды жасау кезінде патенттік тазалыққа сараптама жасаудың өз ерекшеліктері бар.
Тармақ 1. &1. Ғылыми-зерттеу жұмыстары
&1. Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Тармақ 41
41. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында өздерінің негізінде құрылғы, тәсіл немесе заттек әзірлеу болжанып отырған нақты техникалық шешімдердің бар-жоғы тексеріледі.
Тармақ 42
42. Гуманитарлық сипаттағы жұмыстар (тарих, әдебиет, әлеуметтік ғылымдар және т.с. салалардағы зерттеулер), жағрафиялық зерттеулер, математикалық ғылымдар саласындағы жұмыстар және нақты техникалық нәтижемен аяқталмайтын барлық басқа зерттеулер, сондай-ақ белгілі бір аудан, массив, алап және т.с. үшін ғана маңызды жергілікті мәселелерді зерттеуге бағытталған жұмыстар сараптауға жатпайды.
Тармақ 43
43. Бүгінгі таңда патенттік қорғауға жатпайтын есеп айырысу, жобалау және барлық басқа есеп айырысу әдістерінің теориялық негіздерін әзірлеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары тексеруді талап етпейді. Нақты құрылғыларды, тәсілдерді немесе заттарды жасаумен көзге көрінетін осы нәтижелердің практикалық қолданылуын тексеру қажет. Материалдық әлемнің "жаңалық" деген ұғымға жататын бұрын белгілі болмаған заңдылықтары мен құбылыстарын ашуға бағытталған іргелі зерттеулер патенттік тазалыққа тексерілмейді. Өздерінің негізінде жаңа технологиялық процестер, өлшеу әдістері, жаңа құрылғылар немесе заттектер әзірленуі мүмкін жаңалықтарды пайдаланудың нақты тәсілдері тексерілуі тиіс.
Тармақ 44
44. Қазақстан Республикасына және ғылым мен техниканың тиісті саласында алдыңғы қатарда келетін елдерге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері патенттік тазалыққа тексерілуі тиіс.
Тармақ 2. &2. Объектіні әзірлеу немесе оны маңызды түрде жетілдіру
&2. Объектіні әзірлеу немесе оны маңызды түрде жетілдіру
Тармақ 45
45. Жаңадан әзірленіп отырған немесе маңызды түрде жетілдіріліп отырған машиналар, аспаптар, жабдықтар, материалдар және технологиялық процестер сараптауға жатады.
Тармақ 46
46. Барлық жаңадан әзірленіп отырған объектілер өнертабыстарға қатысты патенттік тазалыққа, ал құрылғылар, бұдан басқа, сондай-ақ өнеркәсіп үлгілеріне қатысты тексерілуі тиіс.
Тармақ 3. &3. Лицензиялық шарттар объектілері
&3. Лицензиялық шарттар объектілері
Тармақ 47
47. Лицензиялық шарттардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру шарттарының жобалары, оның ішінде:
Тармақша 1
1) қорғау құжаттарымен қорғалмаған (патентсіз лицензиялық шарттар) "ноу-хауға" және басқа ғылыми-техникалық жетістіктерге;
Тармақша 2
2) қорғау құжаттарымен қорғалған (патентті лицензиялық шарттар) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне;
Тармақша 3
3) қорғау құжаттарымен қорғалмаған ғылыми-техникалық жетістіктермен ("ноу-хау", "инжиниринг" түріндегі қызметтер және т.б.) бірге қорғалған өнертабыстарға (пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне) (лицензиялық комплект) патенттік тазалыққа тексерілуі тиіс.
Тармақ 48
48. Барлық жағдайларда лицензиялық шарттар объектісін патенттік тазалыққа сараптау (оның ішінде лицензиатқа берілген техникалық құжаттама бойынша шығарылған өнімнің де) Қазақстан Республикасының және лицензиялық шарт бойынша құқықтардың берілуі болжанып отырған елдердің аумағына қатысты жүргізіледі.
Одан басқа:
Тармақша 1
1) лицензиатқа берілген техникалық құжаттама бойынша шығарылған өнімнің - лицензиялық шарт бойынша дайындалған осындай өнімді жеткізу мүмкін елдерге қатысты;
Тармақша 2
2) осы өнімді дайындау технологиясының - патенттік заңнама бойынша немесе сот практикасына сәйкес өнімдерді жанама қорғауы бар елдерге қатысты патенттік тазалық тексерілуі тиіс.
Тармақ 49
49. Егер құрылғыларды лицензиялық шарт бойынша сату жүзеге асырылатын елде (елдерде) өнеркәсіптік меншіктің осы түріне қорғау көзделсе өнертабыстарға, өнеркәсіп үлгілеріне, сондай-ақ пайдалы модельдерге қатысты құрылғыларға арналған лицензиялық шарттар тексеріледі. Тауар таңбасына қатысты тексеріс тек лицензиялық шартқа тиісті елдерде тіркелмеген тауар таңбасы немесе лицензиялық өнімнің арнайы атауы кірсе ғана жүргізіледі.
Тармақ 50
50. Патентсіз лицензиялық шарттарда осы объекті үшін барлық маңызды техникалық шешімдер, сондай-ақ лицензиатқа берілетін техникалық құжаттама бойынша дайындалатын немесе лицензиар жеткізетін барлық түйіндер, тетіктер, шала фабрикаттар және жинақтауыш бұйымдар патенттік тазалыққа тексеріледі.
Тармақ 4. &4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылысы салынатын объектілер
&4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылысы салынатын объектілер
Тармақ 51
51. Қазақстан Республикасының аумағында жобаланатын және құрылысы салынатын объектілер - кәсіпорындар, электростанциялар, телеорталықтар, темір жолдар, электр беру желілері, газ- және мұнайқұбырлары мен күрделі құрылыстың барлық басқа объектілері Қазақстан Республикасына қатысты патенттік тазалыққа ие болуы тиіс, яғни Қазақстан Республикасында берілген және күші жойылмаған өнеркәсіптік меншік объектілеріне берілген қорғау құжаттарының қолдану аясына жатпауы тиіс.
Тармақ 5. &5. Көрме экспонаттары
&5. Көрме экспонаттары
Тармақ 52
52. Көрме экспонаттарының сараптамасы:
Тармақша 1
1) сараптаманың дұрыс әдістемесін таңдау үшін көрме немесе жәрмеңке түрін және орнын бағалау қажеттілігін;
Тармақша 2
2) экспонаттың сипатына (натурадағы бұйым, макет, сызбалар мен фотосуреттер және т.с.), стенд және жарнама материалдарының мазмұнына және басқа жағдайларға байланысты тексерілуі тиіс элементтерді белгілеуді;
Тармақша 3
3) экспонаттың және оған қоса берілетін жарнамалық материалдардың өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты патенттік тазалығын қамтамасыз ету.