О создании комиссии при акимате Акмолинской области по содействию в организации работы для проведения единого национального тестирования Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігі жанынан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы № 317 «Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі шешті:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігі жанынан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Ақмола облыстық әкімдігінің жанындағы комиссияның жеке құрамы облыстық мәслихат сессиясында бекітілуге енгізілсін.
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Аудандардың, Көкшстау және Степногорск қалаларының әкімдері Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету бойынша сараптамалық комиссия құрылсын.
Тармақ 5
5. Ақмола облысы бойынша Ішкі Істер Бас Басқармасы (келісім бойынша) тестілеу пунктіне жету жолында оқушылардың қауіпсіздігін және Ұлттық бірыңғай тестілеуді жүргізуге арналған емтихан материалдарын сақталуы мен жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаменті (келісім бойынша) Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге арналған емтихан материалдарын жеткізудің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің бастығы Н.Мырзалиев «08» 04 2004 жыл Ақмола облысы Ішкі Істер Бас басқармасының бастығы Д.Түсіпбеков « » 2004 жыл
Басқа 9
«Ақмола облысы әкімдігінің жанынан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 23. 04 № а-4/106 қаулысына 1 қосымша Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстары ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құрамы туралы
Тармақ 1
1. Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2. Комиссия мүшелері:
2. Дмитриенко Елена Александровна - облыстық білім басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары Комиссия мүшелері:
Тармақ 3
3. Мырзалиев Нұржан Кершайызұлы - ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Түсіпбеков Дауыл Төлеутайұлы - Ішкі Істер Бас Басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Айтмұхамбетов Абай Ахметғалиұлы - Ш .Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Әбдіхалық Жомарт Сәфиұлы - облыстық «Арқа ажары» газетінің редакторы
Тармақ 7
7. Косянюк Валентина Викторовна - облыстық «Акмолинская правда» газетінің редакторы
Тармақ 8
8. Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 9
9. Тәшметов Қасымжан Қалижанұлы - Ақмола облыстық Мемлекеттік тазалық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас дәрігері
Тармақ 10
10. Сексенбаев Жаркен Кәкімұлы - Ақмола телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры (келісім бойынша)
Басқа 20
«Ақмола облысы әкімдігінің жанынан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 23.04 № а-4/106 қаулысына 2 қосымша Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстары ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия (әрі қарай Комиссия) Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кеңесші- мәслихат органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының, «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы № 317, «Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы» қаулысын, басқа нормативтік-құқықтық актілерді, сонымен бірге осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Басты міндеттері мен өкілдігі
2. Басты міндеттері мен өкілдігі
Тармақ 3
3. Комиссияның басты міндеттері: облыста Ұлттық бірыңғай тестілеуді (әрі қарай ҰБТ) ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарына бақылау жасау; ҰБТ ұйымдастыру және өткізуге қатысы бар органдар (келісім бойынша) мен мекемелердің (келісім бойынша) қызметін үйлестіру болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия: тазалық нормалары мен ережелері (ТНМЕ) талаптарына сәйкес ҰБТ өткізу орталықтарына арналған ғимарат бөлуді ұйымдастыруға; мемлекетгік көлік инспекциясының еруімен түлектерді тестілеу пункттеріне дейін және кейін тасымалдауды ұйымдастыруға; тазалық-гигиеналық нормаларына сәйкес ҰБТ өткізілетін аудан орталықтары мен қалаларда түлектерді орналастыруға; түлектерді тұрғызуға арналған ғимаратты қажетті қатты және жұмсақ мүккәмалмен жабдықтауға; түлектер тұратын жерлер мен ҰБТ өткізілетін пункттерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Ішкі Істер Бас Басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тәулік бойғы кезектерін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді шешеді.
Тармақ 5
5. Комиссия: түлектерді тамақтандыруды ұйымдастыруды; тұратын жерлерде және ҰБТ өткізілетін пункттерде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды; түлектер тұратын жерлер мен ҰБТ өткізілетін пункттердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын; ҰБТ тапсыратын пункттерге дейін және кейін жеткізіп салу кезінде оқушылардың қауіпсіздігін; балаларды тасымалдау үшін техникалық ақаусыз автобустардың бөлінуін бақылауды іске асырады.
Тарау 3. 3. Комиссия органдары
3. Комиссия органдары
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы облыс әкімінің орынбасары, оның орынбасары - облыстық білім басқармасының бастығы болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссия оның төрағасы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
Тармақ 8
8. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшьшық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады, Комиссияның іске асыратын қызметіне тікелей жауап береді. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары орындайды.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 9
9. Комиссияның өз міндеттеріне сәйкес құқықтары: өзінің құзырындағы мәселелер бойынша облыс әкіміне ұсынымдар дайындау және ұсыныстар жасау; бекітілген заңды тәртіп бойынша мемлекеттік және басқа мекемелерден Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды сұратып алу; оның құзырына жататын басқа құқықтарды іске асыру.