О некоторых вопросах ввоза сахара-сырца тростникового на территорию Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және «Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімі 7-тармағының 7.1.67 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растау нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 11 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жарамды. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығына 1-қосымша Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің (бұдан әрі – Шешім) 7-тармағы 7.1.67 тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған, 300 000 (үш жүз мың) тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін құрақ қанты шикізатының (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1701 13; 1701 14 субпозициялар) нысаналы мақсатын растауды жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі
2-тарау. Тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында өндірістік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатына растау алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың нысаналы мақсатына растау алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді. Өтінімге мыналар қоса беріледі: келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері, олардың негізінде құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыру жоспарланады; декларацияланатын тауардың төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелері; құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым мен оның өнеркәсіптік өңделуін жүзеге асыратын ұйым арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері (құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым оны әкелген жағдайда ұсынылмайды).
Тармақ 4
4. Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығы не аудармашының қолының түпнұсқалылығы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды түрде куәландырылуы қажет.
Тармақ 5
5. Өтінім берушінің бірінші басшысы не уәкілетті адам өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол түрде немесе уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде беріледі. Өтінім және өтінімге қоса берілген құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне келіп түскен күні тіркеу нөмірі мен күні беріле отырып қабылданады және тіркеледі және құжаттарды қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жолданады. Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растауды беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Құрылымдық бөлімше өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді. Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі және (немесе) өтінімнің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінім берушіге ұсынылған өтінімнің қандай талаптарға сәйкес келмейтіні көрсетілген хабарлама жібереді. Хабарлама өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға жолданады. Өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінімде көрсетілген өтінім берушінің электрондық мекенжайына бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып еркін нысанда уәжді бас тартуды жолдайды.
Тармақ 7
7. Өтінім оң қаралған жағдайда, құрылымдық бөлімше 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган басшысының не оның міндеттерін атқарушы адамның қолы қойылған тауарлардың нысаналы мақсатын растау жобасын дайындайды. Тауарлардың нысаналы мақсатын растау өтінім берушіге тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почтамен жіберіледі не уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Тармақ 8
8. Шешімнің 7-тармағының 7.1.67 тармақшасына сәйкес тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімдеуге жатқызылған құрақ қанты шикізатын тек оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға жол беріледі. Шешімнің 7-тармағының 7.1.67 тармақшасында көзделген тарифтік жеңілдікті пайдалана отырып әкелінетін құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған ақ қант тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдаланылуы және (немесе) сатылуы мүмкін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттерге шығарылмайды. Шешімнің 7-тармағының 7.1.67 тармақшасында көзделген тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімдеуге жатқызылған құрақ қанты шикізатын пайдалануға және (немесе) иелік етуге шектеулер құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйымның қоймасына келіп түскенге дейін қолданыста болады, бірақ ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес осындай тауарлар шығарылған күнінен бастап 1 жылдан аспауы тиіс. Қабылдау актісінің немесе осындай тауарларды қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі тауарлардың ұйымның қоймасына келіп түскенін растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 9
9. Құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым және құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым жыл сайын есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп береді.
Тармақ 10
10. Өтінімді қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-тармағына сәйкес уәкілетті органның шешіміне шағымданады.
Басқа 1-1. Тауарлардың нысаналы мақсатына растау алуға арналған өтінім
Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидаларына 1-қосымша Нысан Тауарлардың нысаналы мақсатына растау алуға арналған өтінім ______________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) «Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.67 тармақшасына сәйкес _______________ тонна мөлшерінде Қазақстан Республикасы аумағында өндірістік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды: 1701 13 және 1701 14 субпозициялары) әкелуге құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатына растау беруді сұрайды. Тарифтік жеңілдікті қолдана отырып әкелінген құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған ақ қанттың тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдаланылатына және (немесе) өткізілетініне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатынынан хабардармын. Өтінім беруші Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышы бойынша коды) Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы) Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі Келісімшарттың (шарттың) нөмірі Келісімшарттың (шарттың) күні Тауар өткізілетін кеден органы ЕАЭО СЭҚ ТН коды Тауардың атауы Өлшем бірлігі Мөлшері Төлем валютасындағы бірліктің бағасы Төлем валютасындағы сома Өндіруші Өндіруші ел Құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдейтін ұйым Басшы _________________________________ ___________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) 20__ жылғы «____» ____________
Басқа 1-2. Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп
Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидаларына 2-қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: № ҚҚШМПТЕ-1 нысаны Кезеңділігі: жыл сайын Есепті кезең: 20___ жыл Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым және құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым. Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде. № Тауардың аты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының коды Өлшем бірлігі Әкелінген тауардың мөлшері Өңделген қанттың көлемі Құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым атауы 1 2 3 4 5 6 7 Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген. Атауы _____________________________________________________________ Мекенжайы ________________________________________________________ Телефоны __________________________________________________________ Электрондық почтаның мекенжайы ___________________________________ Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________________ (қолы/электрондық цифрлық қолтаңба) ________________________________________ (аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Басқа 1-3. Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп» нысанына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды анықтайды.
Тармақ 2
2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 4
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 2-бағанында тауардың атауы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 3-бағанында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 4-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 5-бағанында әкелінген тауардың мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 6-бағанында тарифтік жеңілдікті қолдана отырып әкелінген құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған өңделген қанттың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 7-бағанында құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым атауы көрсетіледі. Бұл бағанды құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым толтырады.
Басқа 2. Тауарлардың нысаналы мақсатын растау
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығына 2-қосымша Нысан Тауарлардың нысаналы мақсатын растау ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________________ (келісімшарттың (шарттың) деректемелері, оның негізінде құрақ қанты шикізатын әкелу жүзеге асырылады) _______________________________________________________________сәйкес (құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым мен оны өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) деректемелері (құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым оны әкелген жағдайда толтырылмайды)) әкелінетін ___________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (тауардың атауы, мөлшері, келісімшарт (шарт) валютасындағы құны) өндірістік өңдеуге арналған. Министр _____________ ____________________________________ (қолы) (аты-жөні, тегі) Мөрдің орны 20__ жылғы «____» ____________
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26904 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27525 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 213 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28712 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 290 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29551 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 1 маусымдағы № 212 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32679 болып тіркелген).