О создании областной комиссии по формированию здорового образа жизни Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі облыстық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" 2001 жылғы 30 желтоқсандағы № 751 , Қазақстанның 2030 жылға 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығы туралы" 1997 жылғы 3 желтоқсандағы № 1678 қаулысына сәйкес және "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі ретінде халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі облыстық комиссия құрылысын, оның дербес құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне енгізілсін 1 қосымша.
Тармақ 2
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі облыстық комиссия туралы ереже бекітілсін /2 қосымша/.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері жергілікті жерде тиісті комиссиялар құрсын және олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиға жүктелсін.
Басқа 5
1 Қосымша БЕКІТІЛДІ Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 86 қаулысы Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі облыстық комиссиясының ҚҰРАМЫ Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Мангубаев Максут Николаевич - ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Еңсегенов Серік Нұрғазыұлы - облыстық мәдениет басқармасының бастығы Өтесінов Бекмұрат Бұхарұлы - Мемсанэпидқадағалау департаментінің директоры Жүнбасов Мұхамбет Мұратбайұлы - облыстық ақпарат басқармасының бастығы Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Құдиярова Мейрамкүл Жәмішқызы - Облыстық мәслихаттың депутаты, "Облыстық балалар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (келісім бойынша) Сағымбаев Әнуар Әлімжанұлы - "Медициналық қызметті талдау және сапасын бағалау ұлттық орталығы" Республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Маңғыстау филиалының директоры (келісім бойынша) Нұрллина Айжан Ниятқызы - "Ақтау қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары Баймұханов Нұрбол Болатұлы - "Арман" облыстық жастар орталығының директоры Жарылғасынов Іргебай - салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығының директоры Драч Александр Александрович - облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы Қасниязов Дүйсенқажы - Маңғыстау облысының имамы (келісім бойынша) Маврова Майра Кемалқызы - облыс әкімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесші Сағымбаева Жәнияш Наурызбайқызы - облыстық білім басқармасының бастығы Төралиев Сағыныш - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Өміралина Баянсұлу Дүзбайқызы - облыс әкімі аппаратының бас маманы, хатшы Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы - Ш.Есенов атындағы университеттің ректоры (келісім бойынша) Нұрғалиева Халила Хабижанқызы - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Басқа 6
2 Қосымша БЕКІТІЛДІ Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 86 қаулысы Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі облыстық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже тұрақты негізде жұмыс жасайтын Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Комиссия облыс әкімияты жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің құқықтық негізін -Қазақстан Республикасының Конституциясы , ел Президентінің "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына Жолдауы , Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдері, сондай-ақ осы ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 4
4. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты-халық арасында ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы "Қазақстан азаматтарының білімі, денсаулығы және халықтың әл-ауқаты" ұзақ мерзімді басымдылығының маңызды құрамды бөлігі болып табылатын салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша, меншік нысанына қарамастан, облыс кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің қызметін үйлестіру болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссия міндеттері мен функциясы
3. Комиссия міндеттері мен функциясы
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: халықтың денсаулық жағдайын жақсарту, аурулардың алдын алу, халықтың денсаулығын нығайту, жөнінде ұсыныстар әзірлеу; халық арасында салауатты өмір салтының принциптерін насихаттауды ұйымдастыру; Кең ауқымда акциялар өткізу арқылы адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасын оң бағытта өзгертуге жәрдемдесу, мектепке дейінгі, мектеп мекемелерінде, сондай-ақ жоғарғы және орта оқу орындарында оқу бағдарламаларын енгізу, бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту, халық арасында ойталастар, пікірталастар, әңгімелер өткізу, лекциялар оқу, Бүкіл дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының "Салауатты қалалар", "Салауатты жұмыс орындары", "Салауатты университеттер", "Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер", "Ауруханалар салауатты өмір үшін" деген жобаларын енгізу.
Тармақ 6
6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) халық арасында салауатты өмір салты принциптерін енгізудің жалпы бағыттарын әзірлеп жасайды;
Тармақша 2
2) облыс халқының денсаулығын нығайту және сақтау мәселелері жөніндегі Президенттің Жарлықтарын, үкіметтің қаулыларын және облыс әкімияты мен әкімінің нормативтік құқықтық кесімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) облыста енгізу және оны тарату үшін кәсіпорындардың, басқармалардың халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі озық тәжірибе жұмысын қорытады және ұсынады;
Тармақша 4
4) халықаралық ұйымдармен, қоғамдық қорлармен, партиялармен, қозғалыстармен, діни ұйымдармен салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) атқарылған жұмыстар туралы тұрақты түрде ақпараттар жинауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өткен кезең ішінде жасалған жұмыстарға талдау жасай отырып қорытынды отырыс өткізеді және келешекке арналған міндеттерді айқындап белгілейді.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 7
7. Өзінің міндеттеріне сәйкес Комиссияның мынадай құқықтары бар: Комиссияның мынадай құқығы бар;
Тармақша 1
1) салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен, қоғамдық қорлармен, партиялармен, қозғалыстармен және діни ұйымдармен, жекеменшік құрылымдармен өзара қарым-қатынас жасау;
Тармақша 2
2) облыс халқының денсаулығын нығайту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды сұратып алу;
Тармақша 4
4) облыс халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды қарау және енгізу үшін жекелеген мәселелер бойынша мүдделі ведомстволардың мамандарын тарта отырып жұмыс топтарын (қажет болған жағдайда) құру;
Тармақша 5
5) халықтың денсаулығын нығайту және сақтау мәселелері бойынша мекемелердің, кәсіпорындардың және облыстың басқа да ведомстволарының басшыларын комиссия отырысында тыңдау.
Тарау 5. 5. Комиссияны қалыптастыру мен қызметінің тәртібі
5. Комиссияны қалыптастыру мен қызметінің тәртібі
Тармақ 8
8. Комиссияның дербес құрамын облыс әкімияты анықтайды және оны облыстық мәслихаттың сессиясы бекітеді. Комиссия отырыстарының аралығындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, комиссия шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапкершілік артады. Комиссия төрағасы орнында болмаған кезде оның функциясын төраға тағайындаған орынбасары атқарады.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамасын ресімдейді, Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды, Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Жұмысының жоспар-кестесін Комиссия белгілейді.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөнінде өз өкілеттігін басқа біреуге беруге құқығы жоқ.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімі, ашық дауыспен, сондай-ақ комиссия мүшелеріне сұрау салу арқылы, егер ол үшін комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде теңдей дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, ол үшін төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсыныс сипатында болады.
Тармақ 15
15. Әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындылары көрсетілген комиссия отырысының күн тәртібіндегі мәселелерді қараудың нәтижелері, тиісті хаттамаға кіргізіледі және төрағаның айқындап белгілеген жағдайында, отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері бұрыштама қояды. Комиссияның қабылданған шешімі хаттамамен ресімделеді, оған төраға мен хатшы қол қояды. Комиссия мүшелерінің қабылданған шешімге келіспеген жағдайда, өзінің айрықша пікірін жазбаша жазуға құқығы бар, ол отырыс хаттамасына тіркеледі.
Тармақ 16
16. Комиссия жұмыс органының функциясы "Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына жүктеледі.
Тармақ 17
17. Жұмыс органының функциясы, Комиссия айқындап белгілейтін күн тәртібі мен мерзіміне сәйкес отырыстарға материалдар дайындау, оларды комиссия мүшелеріне таратып жеткізу болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссияның қызметін тоқтату
6. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 18
18. Комиссия қызметін тоқтату үшін негіз-Комиссия қызметін тоқтату туралы Маңғыстау облысы әкімиятының қаулысы болып табылады.
Тармақ 19
19. Комиссия қызметін тоқтатуға әкеліп соғатын, осы Ереженің 18 тармағында көрсетілген жағдайлар пайда болған кезде Комиссия атқарылған жұмыс туралы есеп-хатын облыс әкімиятына жібереді.