Об утверждении Правил о создании и распределении районного специального земельного фонда Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық арнайы жер қорын құру және бөлу жайындағы Ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 жыл, №13, 99 бап), Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Арнайы жер қорын құру және бөлу тәртібін бекіту туралы» 1996 жылғы 30 қазандағы № 1312 Қаулысына (Қазақстан Рерпубликасы Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы, 1996 жыл № 43, 412 бап) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық арнайы жер қорын құру және бөлу жайындағы Ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігіңің осы қаулысы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Аудандық арнайы жер қорын құру және бөлу туралы Ереже
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 31 наурыздағы «Аудандық арнайы жер қорын құру және бөлу туралы Ережелерді бекіту туралы» № 39 қаулысымен Бекітілген Аудандық арнайы жер қорын құру және бөлу туралы Ереже Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-11 Жер кодексінің (әрі қарай - жер кодексі) 100 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 казандагы «Арнайы жер қорын кұру және бөлу тәртібін бекіту туралы» № 1312 Қаулысына сәйкес әзірленді және Тайынша аудынында арнайы жер қорын құру және бөлу тәртібін регламентациялайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Арнайы жер қоры - ауыл шаруашылығы мақсатыңдағы алқаптардың, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдалынып жүрген жер учаскелерінің және шартты жер үлестерінің иелері мен жер пайдаланушылар бас тартқан жердің есебінен құрылатын резервтегі жер.
Тармақ 2
2. Жерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің арасында қайта бөлу мақсатымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мен босалқы жер есебінен арнайы жер қоры құрылады. Санитарлық нормалар мен талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге мүмкіндік бермейтін жер учаскелері арнайы жер қорына енгізілмейді.
Тарау 2. 2. Құрылу тәртібі
2. Құрылу тәртібі
Тармақ 3
3. Арнайы жер қоры осы қорға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден түсетін жер учаскелері есебінен құрылады:
Тармақша 1
1) жер учаскесінен ерікті түрде бас тартқан кезде;
Тармақша 2
2) жер кодексінің 92, 93 және 95 баптарына сәйкес жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойған кезде; Ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен неғүрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесіне жер кодекстің 94 бабында көзделген тәртіптен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. Бұл кезеңге учаскені игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ оқыс апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкіндік бермеген өзге де мән - жайларға байланысты учаскені мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған уақыт кірмейді. Егер учаскені пайдалану осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатында сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлығының едәуір: томендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесін және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. Бүдан басқа, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесін сот тәртібімен санкция түрінде өтеусіз алып қойылуы мүмкін. 3) егер заң бойынша да, өсиетнама бойынша да мұрагерлері жоқ, не бірде бір мұрагер мұраны қабылдамаған, не өсиетнама қалдырушы барлық мұрагерлерді мұрадан айырған, не мұрагер мемлекет пайдасына мұрадан бас тартқан немесе мұрадан кімнің пайдасына бас тартатынын атамай, мұрадан бас тартқан жағдайда, осы қорға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден түсетін жер учаскелері есебінен құралады.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің шешімі бойынша жер учаскелерін арнайы қордың құрамына енгізу жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Арнайы жер қорының құрамына мемлекеттік жер пайдаланушылардың мақсаты бойынша пайдаланмаған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін енгізу аудан әкімдігінің біржақты шешімі негізінде жүзеге асады. Аудан әкімдігінің шешіміне жер кодексінің 89 бабында көзделген тәртіппен шағымдануға болады.
Тарау 3. 3. Бөлу тәртібі
3. Бөлу тәртібі
Тармақ 6
6. Арнайы жер қорының жерлерін пайдалану жер кодексінің 97 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Жері бөлісуге жатпайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шыққан және шартты жер үлесі құқығы бұрын берілмеген осы аумақта тұратын азаматтардың, сондай-ақ репапартрианттардың (оралмандар) шаруа (фермер) қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты өзге де қызметті жүргізуі үшін арнайы жер қорының жерінен бірінші кезекте жер учаскесін алуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Арнайы жер қорының жерлері шаруа қожалығын (фермерлік) және тауарлық ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін қайтарылатын уақытша жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды түлғаларға 49 жыл мерзімге, ал шетелдіктер мен азаматтыға жоқ азаматтарға 10 жыл мерзімге беріледі. Арнайы жер қорынан учаскелерін беру жерге орналастыру тәртібімен, әдетте, тұтас алқаппен беру және жерді пайдалануда қолайлы жағдай жасау ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Арнайы жер қорында жердің бар екендігі туралы мәліметтер баршаға қол жетімді болып табылады. Арнайы жер қорының жері жеке заңды тұлға пайдалануына берілмеген босалқы жер құрамында есептеледі.