Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Рудный қаласындағы мешіт маңындағы лог ауданындағы Ленин көшесіндегі автомобиль жолының учаскесінде объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Рудный қаласы әкімінің орынбасары Т.С. Сақтағанов тағайындалсын және объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізуді тапсырсын.
Тармақ 3
3. «Рудный қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімнің Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.