Об определении размера и правил оказания жилищной помощи населению Осакаровского района Қолданыста
Басқа 0
Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидасын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидасын осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Осакаров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидасы
Осакаров аудандық мәслихатының
2024 жылғы 17 мамырдағы
№ 19/188
шешіміне 1-қосымша
Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидасы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Осакаров ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалды.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:
Тармақша 1
1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;
Тармақша 2
2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
Тармақша 3
3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:
бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;
бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;
Тармақша 4
4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;
Тармақша 5
5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
Тармақша 6
6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;
Тармақша 7
7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
Тармақша 8
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;
Тармақша 9
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;
Тармақша 10
10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.
Тармақ 5
5. «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 1. Осакаров аудандық мәслихатының күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Осакаров аудандық мәслихатының
2024 жылғы 17 мамырдағы
№ 19/188
шешіміне 2-қосымша
Осакаров аудандық мәслихатының күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-15-151 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 2
2. Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 наурыздағы № 27 «Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-15-166 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 3
3. Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 қарашадағы № 111 «Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2002 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 4
4. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 160 «Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2313 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 5
5. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 260 «Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2524 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 6
6. Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 334 «Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2697 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 7
7. Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы № 610 «Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3704 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 8
8. Осакаров аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 478 «Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 9
9. Осакаров аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 793 «Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5673 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 10
10. Осакаров аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 43 «Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6250 болып тіркелген) шешімі.