О создании Районного штаба по координации деятельности районных отделов и ведомств по формированию электронных списков, регистрации и учету избирателей Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бөлімдер мен ведомстволарының сайлаушылардын электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Аудандық штабты құру туралы Сайлаушылардың тізімдерін түзуге автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу мақсатында, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бөлімдер мен ведомстволарының сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу. оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Аудандық штабы құрылсын (бұдан әрі - Аудандык штаб)
Тармақ 2
2. Аудандық штаб туралы Ережесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Аудандық штабтың жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясына бекітілуге енгізілуін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Аудандық штаб қызметін ұйымшыл және ақпараттық қамтамасыз ету аудан өкілі аппаратының ұйымдастыру - бақылау бөліміне және ауданды аймақтық сайлау комиссиясына (В.С. Швидко келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулынын орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары Б. Жанбаевка жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң өз күшіне енеді.
Басқа 7
1 Қосымша Целиноград ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 15.04 № 105 «Аудандық бөлімдер мен ведомстволарының сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Аудандық штабты құру туралы» қаулысымен Бекітілді Аудандық бөлімдер мен ведомстволарының сайлау электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Аудандық штаб туралы Ереже Осы ереже аудандық бөлімдер мен ведомстволарының сайлаушылардын электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Аудандық штабтын (бұдан әрі - Штаб) міндеттерін, функцияларын, оның қызметінің құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Штаб сайлаушылардың электрондық тізімдерінің дұрыстығын және оларды «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы режимінде өңдеу мүмкіндігін, аудандық бөлімдер мен ведомстволардың сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Штаб Целиноград ауданының әкімдігі жанындағы консультативтік - кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Штаб қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Штабтың негізгі міндеттері
2. Штабтың негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Штабтың міндеттері: аудандық бөлімдердің және ведомстволардың ауылдық округтер әкімдері аппараттарының тұтас алғанда аудан, әрбір елді мекен және сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар жөніндегі электрондық деректер банкінің болуына мүмкіндік беретін, қолданыстағы «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасының негізінде сайлаушылардың тізімдерін түзу жөніндегі іс қимылын үйлестіру: мемлекеттік органдардың жергілікті жерлермен бөлімшелерінің сайлаушылары тіркеу және есепке алу жөніндегі тиімді іс қимылын қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың сайлау туралы заннамасының сайлаушылардың тізімдерін жасау және оларға мерзімінде түзету енгізу бөлігіндегі талаптарын уақытылы әрі сапалы орындаудағы жауапкершілігін арттыру.
Тарау 3. 3. Штабтың құқықтары
3. Штабтың құқықтары
Тармақ 5
5. Штабтың заңнамада белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде: аудан ауылдық округтер әкімдерінің есептерін тыңдауға: аудан әкіміне халықты тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге: Қазақстан Республикасы заннамасының сайлаушыладың тізімдерін сапалы жасау, оларды тіркеу және есепке алу бөлігіндегі талаптарын, сондай - ақ штабтың шешімдерін тиісінше орындаулы қамтамасыз етпеген мемлекеттік органдардың басшыларына тәртіптік жаза шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар еңгізуге құқығы бар.
Тарау 4. 4. Жұмысты ұйымдастыру
4. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Штабтың төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, штабтың отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды.
Тармақ 7
7. Штабтың төрағасы орнында болмаған кезде, отырыстар оның орынбасарының төрағалық етуімен өткізіледі.
Тармақ 8
8. Штабтың кезекті отырысының күн тәртібін штаб мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, төраға немесе оның орынбасары түзеді.
Тармақ 9
9. Штабтың кезекті отырысына шығарылатын мәселені дайындау үшін жеке құрамын төрағалық етуші айқындайтын жұмыс тобы құрылады.
Тармақ 10
10. Штаб отырысының мерзімділігі айына бір реттен сирек болмауы керек. Штаб отырысы оған штаб мүшелерінің екіден үш бөлігі қатысқан жағдайда ғана заңды деп саналады. Штаб шешімі отырысқа қатысқан Штаб мүшелерінің жалпы санынан көп дауысымен қабылданады және Штаб отырысы хаттамамен рәсемделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші рөл атқарады. Хаттамаға қолды Штаб төрағасы қояды.
Басқа 22. Аудандық бөлімдер мен ведомстволарының сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Аудандық штабтың ҚҰРАМЫ
2 Қосымша Целиноград ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 15.04 № 105 «Аудандық бөлімдер мен ведомстволарының сайлаушыларының электрондық тізімдерін тұзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Аудандық штабты құру туралы» қаулысына Аудандық бөлімдер мен ведомстволарының сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Аудандық штабтың ҚҰРАМЫ Жанбаев Берік Амантайұлы штаб төрағасы аудан әкімінің орынбасары Швидко Виктор Сергеевич штаб төрағасының орынбасары (келісім бойынша) аудандық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Түлкібаев Рақым Жақияұлы штаб хатшысы аудан әкімі аппаратының жетекшісі Есжанова Ғалия Естайқызы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау бөлімінің бастығы Әшіров Амангелды Абдуахитұлы аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы Серікбаев Кенжеш Төртұлұлы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Рақымова Қайырманат Жұмабекқызы аудандық статистика бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Савкенова Әмима Төлегенқызы Ақмола облысы Әділет департаменті аудандық АХАЖ белімінің бастығы (келісім бойынша) Жакин Қажкен Ғабдуллаұлы Целиноград ауданы бойынша әскери комиссары (келісім бойынша)