Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, мал дәрігерлік заңдарды сақтау және иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі Ережелерді бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, мал дәрігерлік заңдарды сақтау және иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі Ережелерді бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 300, 310, 311, 387-баптарының және аудан әкімінің 2004 жылғы 24 наурыздағы № 352 ұсыныс хатының негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау және елді мекендердің аумақтарын көріктендіру туралы" Ереже № 1 қосымшаға сәйкес; "Ауданда мал дәрігерлік туралы заңдарды сақтау жөніндегі" Ереже № 2- қосымшаға сәйкес; "Ауданның елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі" Ереже № 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімі аппаратына, ауылдық округ әкімдеріне, меншік түріне қарамай мекемелер мен ұйымдарға осы ережелердің сақталуын қамтамасыз ету және халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясына (Р. Сапарбеков) жүктелсін.
Басқа 4. Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау және елді мекендердің аумақтарын көріктендіру туралы ЕРЕЖЕ
Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 30 наурыздағы кезектен тыс IV-сессиясының "Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, мал дәрігерлік туралы заңдарды сақтау және иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі Ережелерін бекіту туралы" № 4-3 шешімімен бекітілген № 1-қосымша Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау және елді мекендердің аумақтарын көріктендіру туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің негізінде және Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" заңдарына сәйкес әзірленген.
Тармақ 1
1. Аудан көлемінде елді мекендердің аумақтарын көріктендіру меншік нысанына қарамай кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге және жеке азаматтарға жүктеледі.
Тармақ 2
2. Аумақтардың санитарлық күтілуі және сыртқы көркейтілуі заңды және жеке тұлғаларға осы ереже негізінде аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің шешімімен бекітіліп беріледі.
Тармақ 3
3. Үйлерге кіре беріс және үй аралық жолдарды, көшелерді, тротуарларды, жасыл желектердің маңын, саябақ, гүлзар, гүлбақтарды жинау қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте белгіленген мекемеге жүктеледі.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарының айналасындағы 10 метр шеңберіндегі жер көлемін жинау, тазалығын сақтау осы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Сауда нүктелерінің маңындағы радиусы 5 метр шеңберіндегі жердің тазалығын сақтау осы сауда орындарының басшылары қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Жанар-жағар май құю станциясының айналасындағы радиусы 15 метр шеңберіндегі жердің тазалығын сақтауды және көріктендіру жұмыстарын жүргізуді осы станция қызметкерлері жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Аудан көлеміндегі басқа жер учаскелерін (стадиондар, базарлар, автотұрақтар, ауыл шаруашылығы жерлері т.б.) тазалықта ұстау жауапкершілігі осы жерлерді пайдалану құқығы бар азаматтарға, мекемелерге жүктеледі.
Тармақ 8
8. Елді мекендер аумағында шағын сәулеттік нысандардың құрылысына және орнатылуына аудан Әкімінің тиісті қызметтерімен келісілген соң жол беріледі.
Тармақ 9
9. Құрылыс және күрделі немесе ағымдағы жөндеу нысандарының аумағында тазалық сақтау осы жұмыстарды жүргізушіге жүктеледі.
Тармақ 10
10. Ғимараттар мен құрылыстардың келбеті жөнделген, әктелген, сырланған, жарықтандырылған болуы тиіс және маңдайшалары, нөмірлік белгілері болуы тиіс.
Тармақ 11
11. Байзақ ауданының аумағында:
Тармақша 1
1) өсіп тұрған ағаштар мен бұталы өсімдіктерді, көшеттерді кесуге және зақымдауға;
Тармақша 2
2) шабындықтар мен жайылымдарға зиян келтіруге, осы жерлердің шөбін рұқсатсыз шабуға;
Тармақша 3
3) тиым салынған жерлерде жабайы өсіп тұрған жеміс-жидектерді, саңырау құлақтарды рұқсатсыз теруге;
Тармақша 4
4) мемлекеттік орман қорын зиян келтіретін ағын сулармен, қоқыстармен ластауға;
Тармақша 5
5) ерекше қорғалатын аумақтарда от жағуға;
Тармақша 6
6) Көшелердің көлік және жүргіншілер жүретін бөлігін, құрылыс салудан және жасыл желектерден бос аумақтарды, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы орындарды қандай да болмасын қоқыстармен (темекі қалдықтарымен, бөтелкелермен, қағазбен) тұрмыстық қалдықтармен ластауға, арнайы белгіленбеген жерлерге хабарландырулар, афишалар, құлақтандырулар, жарнамалық плакаттар, үнпарақтар және сол сияқтыларды жапсыруға;
Тармақша 7
7) өзен-көлдердің, құдықтардың маңында көлік жууға, кір жууға, жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 8
8) көшелерге, саябақтарға, стадиондарға, мектеп алды алаңдарында үй құстары мен малдарды жаюға тыйым салынады. 📌 Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Байзақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы № 14-2шешімімен
Тармақ 12
12. Осы Ережені сақтамағандар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 300, 387-баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Басқа 25. Ауданда Мал дәрігерлік Заңдарды сақтау жөнінде ЕРЕЖЕ
Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 30 наурыздағы кезектен тыс IV-сессиясының "Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, мал дәрігерлік туралы заңдарды сақтау және иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" № 4-3 шешімімен бекітілген № 2-қосымша Ауданда Мал дәрігерлік Заңдарды сақтау жөнінде ЕРЕЖЕ Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің негізінде және мал дәрігерлік туралы заңдарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 1
1. Малдың иесі болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың міндеті:
Тармақша 1
1) мал дәрігерлік мамандардың талап етуі бойынша малды күтіп ұстауға, диагностикалық зерттеу мен сақтық егу жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 2
2) карантинмен шектейтін іс-шаралардың шарттарын және талаптарын сақтауға;
Тармақша 3
3) ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша мал дәрігерлік-санитарлық іс-шараларды тиісті уақытында толық өткізуге;
Тармақша 4
4) ұрықтандыруға пайдаланылатын малдарды міндетті түрде мал дәрігерлік тексеруден өткізуге және тексеруден өткендігі туралы куәлік алуға;
Тармақша 5
5) ұрықтандыруға пайдаланылатын малдар басқа ауданнан, облыстан немесе шет мемлекеттерден келген жағдайда мал дәрігерлік ережелерге сәйкес ұстауға;
Тармақша 6
6) малды тасымалдау кезінде мал дәрігерлік-санитарлық ережелерін бұзбауға, куәлік алуға және жұқпалы аурумен ауырған малдарды ерекше куәлікпен ғана тасымалдауға.
Тармақ 2
2. Базарларда (сауда орындарында), карантин базаларында, тиеу-түсіру алаңдарында және көлік құралдарында мал дәрігерлік-санитарлық нормативтердің талаптары бойынша:
Тармақша 1
1) сатылатын малдың мал дәрігерлік куәлігі, сатушының куәлігі немесе анықтамасы болуы тиіс;
Тармақша 2
2) мал етінде, тексерушінің "Алдын ала тексеру" деген таңбасы болуы тиіс;
Тармақша 3
3) сатушыларда балық, бал, жұмыртқа, сүт, сүт тағамдарын және өнімдерінің мал дәрігерлік сараптамадан өткендігі туралы анықтамасының болуы міндетті;
Тармақша 4
4) сатуға алып келген өсімдік өнімдерін пестицидтер мен нитраттардың қалдығына тексеру міндетті;
Тармақша 5
5) мал дәрігерлік препараттарды базарда сату үшін сапа сертификаты, сатушының лицензиясы және жоғары немесе орта мал дәрігерлік білімі болуы қажет және биопрепараттар ауа температурасы 2-12 градус, қараңғы, құрғақ, тоңазытқышпен жабдықталған бөлмеде сақталуы тиіс;
Тармақша 6
6) базар әкімшілігіне азаматтарға өнімдерін сапа куәлігінсіз сату орындарымен қамтамасыз етуге тиым салынады;
Тармақша 7
7) базар әкімшілігі мал, құс, балық және олардан дайындалатын өнімдерді сату орындарын мал дәрігерлік инспектормен келісіп орналастыруы тиіс;
Тармақша 8
8) базар әкімшілігі аталған өнімдерді уақытша сақтайтын тоңазытқышпен қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 9
9) тоңазытқыштарға және қамбаға сапасы төмен, сараптамадан өтпеген өнімдерді қоюға тыйым салынады;
Тармақша 10
10) базардағы және сауда орындарындағы сатылатын мал өнімдері түгелдей мал дәрігерлік ережеге сәйкес сараптаудан өткізіліп, мемлекеттік ветеринарлық инспектордың қадағалауынан өткізілуі тиіс. Осы Ережелерді бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 310-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Басқа 44. Ауданның елді мекендерінде иттер және мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі ЕРЕЖЕ
Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 30 наурыздағы кезектен тыс IV-сессиясының "Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, мал дәрігерлік туралы заңдарды сақтау және иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" № 4-3 шешімімен бекітілген № 3-қосымша Ауданның елді мекендерінде иттер және мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі ЕРЕЖЕ Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің негізінде және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" заңдарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 1
1. Елді мекендерде иттерді жекелеген оңаша қорада немесе байлауда ұстау қажет.
Тармақ 2
2. Иттерді көшеге, аулаға көпшілік жерге қарғы бау тағып, тұмсық тор кигізіп шығару қажет. Иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз бос жіберу мал табындарын баққанда, аң аулау кезінде, оқу-үйрету алаңдарында, арнаулы мекемелердің шұғыл жағдайда иттерді пайдалануы кезінде рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Белгіленген тәртіппен иттер мен мысықтарды тіркеуді ауылдық округтердің мал дәрігерлік инспекторлары жүргізеді және тіркеу куәлігін береді.
Тармақ 4
4. Мал дәрігерлік инспекторларының нұсқауымен иттер мен мысықтарды тексеру, әртүрлі ауруларға қарсы егу, дегельмитизациялау және тазалықта ұстау қажет.
Тармақ 5
5. Иттер мен мысықтар ауырып қалғанда, сондай-ақ адамды, малды ит қапқан, мысық тырнаған жағдайда жедел мал дәрігерлік инспекторларға және медициналық мекемелерге хабарлау қажет.
Тармақ 6
6. Тіркеуге, емдеуге және басқа шараларға байланысты шығындарды ит пен мысықтың қожасы төлейді.
Тармақ 7
7. Ит пен мысық алғандығы немесе басқа жақтан келгендігі туралы бес күн ішінде мал дәрігерлік инспекторларын хабардар ету қажет.
Тармақ 8
8. Тұқымына қарамастан көшелерде, базарларда, саябақта және басқа да көпшілік орындарда иесіз жүрген иттер (қарғы бауы, тұмсық торы болса да) мен мысықтар қаңғыбас деп саналады және оларды аулауға, атуға рұқсат етіледі.
Тармақ 9
9. Адамды, малды жарақаттаған (қапқан, тырнаған) ит пен мысықты шұғыл түрде мал дәрігеріне тексертіп, 10 күнге дейін оқшау ұстап, бақылау қажет.
Тармақ 10
10. Өзен-көлдерде иттер мен мысықтарды шомылдыруға болмайды.
Тармақ 11
11. Мекеме, мектеп, аурухана аумақтарында күзет иттерін байлауда ұстауға рұқсат етіледі. Осы Ережелерді бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.