О Координационном Совете по борьбе с туберкулезом Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және бірқатар мекемелердің қайта ұйымдастыруына және кадрлардың өзгерістеріне байланысты, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің (бұдан әрі Кеңес) жаңартылған құрамы 1 қосымшаға сәйкес мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Кеңестің жаңартылған дербес құрамы бекітілген тәртіппен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге жіберілсін.
Тармақ 3
3. Кеңес туралы Ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдері: туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Кеңес мәжілісінде туберкулездің таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін нақты шаралар ала отырып туберкулезге қарсы жұмыстың жай-күйі туралы мәселесін қарасын; жыл сайын бюджетті қалыптастыру кезінде туберкулезге қарсы препараттарды, медицина жабдықтарын сатып алуға және туберкулезге қарсы мекемелерді жөндеуге арнап қаражат көздесін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Макежановқа жүктелсін.
Басқа 6
Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 85 қаулысына 1 қосымша Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің ҚҰРАМЫ Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы  - облыс әкімінің орынбасары,                                    Кеңес төрағасы Сарсамалиев Рафаэль Василович    - облыстық туберкулезге қарсы                                    диспансерінің бас дәрігері,                                     туберкулезге қарсы күрес                                    жөніндегі облыстық үйлестіруші,                                    төрағасының орынбасары Канаева Гүлнара Мұратқызы        - бас дәрігердің ұйымдық                                    әдістемелік жұмысы жөніндегі                                    орынбасары, Кеңес хатшысы Кеңес мүшелері: Өміралина Баянсұлу Дүзбайқызы    - облыс әкімі аппаратының бас                                    маманы Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы    - Ақтау қаласы әкімінің                                    орынбасары Нұрғалиева Халила Хабижанқызы    - облыстық қаржы басқармасының                                    бастығы Төралиев Сағыныш Көшербайұлы     - облыстық денсаулық сақтау                                    басқармасының бастығы Шахманов Серік Ғабидуллинұлы     - Маңғыстау облыстық ішкі істер                                    басқармасының бастығы                                     (келісім бойынша) Кесебаева Балаим Тұғанбайқызы    - әділет департаментінің                                    бастығының міндетін атқарушы                                     (келісім бойынша) Ковган Геннадий Семенович        - Қазақстан Республикасы әділет                                    министрлігі қылмыстық атқару                                    жүйесі комитеті басқармасының                                    бастығы (келісім бойынша) Өтесінов Бекмұрат Бұхарұлы       - облыстық мемлекеттік санитарлық-                                    эпидемиологиялық қадағалау                                    департаментінің директоры Сағымбаева Жәнияш Наурызбайқызы  - облыстық білім басқармасының                                    бастығы Рзаханов Асқар Киікбайұлы        - облыстық ішкі істер                                    департаментінің директоры Жүнбасов Мұхамбет Мұратбайұлы    - облыстық ақпарат басқармасының                                    бастығы (келісім бойынша) Сейбағытов Даржок Сейбағыұлы     - облыстық ауыл шаруашылығы                                    басқармасының бастығы
Басқа 7
Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 85 қаулысына 2 қосымша Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру Кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкiмиятының жанындағы консультациялық кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiнің құрамына денсаулық сақтау басқармасының, бiлiм басқармасының, қаржы басқармасының, iшкi iстер басқармасының (келiсiм бойынша), ақпарат басқармасының (келiсiм бойынша), ауыл шаруашылығы басқармасының, Қазақстан Республикасы әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының (келiсiм бойынша), әділет департаментінің (келiсiм бойынша), мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің, ішкі саясат департаментінің өкілдері кіреді.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясын және туберкулезге қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімиятының қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестік міндеттері
2. Кеңестік міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңестік міндеттері мыналар болып табылады: облыста туберкулезге қарсы күресті ұйымдастыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес, қоғамдық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бағытталған іс-шалаларды ұйымдастыру.
Тарау 3. 3. Кеңестің функциясы
3. Кеңестің функциясы
Тармақ 5
5. Кеңестік негізгі функциялары мыналар болып табылады: жергілікті жерлерде жүргізілген іс-шараларды алдын ала тексерумен қоса, туберкулезге қарсы күрестің жай-күйі туралы денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, ветеринария, iшкi iстер мекемелері мен басқа да мемлекеттiк органдар басшыларының хабарламасын тыңдау; туберкулезге қарсы күрестi жетiлдiру жөнiнде негiзделген ұсыныстарын облыс әкімияты мен облыстық мәслихаттың қарауына енгiзу.
Тарау 4. 4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңесті төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, мәжілістерге төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төрағаның орнында болмаған кезде оның функциясын орынбасары орындайды.
Тармақ 7
7. Кеңес хатшысы күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамасын ресімдейді.
Тармақ 8
8. Кеңес мәжілісі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 9
9. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе қабылданады деп саналады. Дауыстардың тең болған жағдайында, оған төраға дауыс берген шешім қабылданады деп саналады. Шешім ұсыным сипатында болады.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжілісі жылына екі рет өткізіледі.
Тарау 5. 5. Кеңес мүшелерінің құқықтары
5. Кеңес мүшелерінің құқықтары
Тармақ 11
11. Кеңес мүшелері Кеңес мәжілістеріне қатысады, Кеңес қызметіне байланысты Төрағаның тапсырмаларын орындайды.
Тармақ 12
12. Кеңес мүшелері Кеңес мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге, нақты ұсыныстарды қалыптастыруға және талқыланатын мәселелер бойынша өз көзқарасын білдіруге хақысы бар.