О расширении категории получателей услуг инватакси Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санатымен кеңейтілсін: аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.