Құжат мәтініне өту

Об утверждении образца удостоверения беженца и требований к его защите

Бұйрық · № 157 · қабылданған 22.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-197020/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении образца удостоверения беженца и требований к его защите Қолданыста Бұйрық ·№ 157 ·22.05.2024
22.05.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении образца удостоверения беженца и требований к его защите

Қолданыста Бұйрық ·№ 157 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении образца удостоверения беженца и требований к его защите
Атауы (қаз.)
Босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
157
Қабылданған күні
22.05.2024
Көрсетілген редакция
22.05.2024 197020_701032.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034405
ЭКБ идентификаторы
197020
Редакция идентификаторы
197020_701032
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:27

0 Босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереженің 15-тармағының 92) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Босқын куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Босқын куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар

2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 157 Бұйрыққа
қосымша/
Босқын куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар

1 1. Босқын куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

2 2. Босқын куәлігі көлемі 88х125 мм брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 6 парақтан (12 беттен) (№ 1 сурет) тұрады.

3 3. Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материалдан жасалады.

4 4. Босқын куәлігінің мұқабасы көк түсті.

Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:
жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу;
ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
төменгі бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:
«БОСҚЫН КУӘЛІГІ
REFUGEE CERTIFICATE» деген жазу орналасқан.
Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

5 5. Босқын куәлігінің 1-беті иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады (№ 2 сурет):

«Босқын куәлігі
Refugee certificate
Тегі
Surname __________________________________________
Аты/Name ________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)
Middle name (if available)____________________________
Туған күні, айы, жылы және туған жері/
Date and place of birth ______________________________
__________________________________________________
ЖСН/IIN_________________________________________
Азаматтығы/Citizenship _____________________________
Босқын деп танылғаны және Қазақстан Республикасының қорғауында болатыны куәландырылады/Certifies that he (she) is recognized as a refugee and is under the protection of the Republic of Kazakhstan.
Комиссияның 20___ж. «__» _____________№____шешімі
The decision of the commission from «___» ______20___ №.______
Куәлік ________________ бастап ___________ дейін жарамды
The certificate is valid: with_____________ by _______________
Берген орган
Issuing authority ________________________________________
Куәліктің берілген күні
Date of issue of the certificate ______________________________
Босқынның қолы
Signature of the refugee ___________________________________
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның басшысы
Head of the local Employment authority
_______________________________________________________
(облыс, қала атауы/ name of the region, city)
__________________________________________ қолы/signature
М.О./Р.Р.».
Босқын куәлігінің 1-бетінің жоғарғы бөлігінде «Босқын куәлігі Refugee certificate» деген жазудың астында сол жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:
«Сурет орны/Place for photos» деп жазылған рама орналасады.
Рамаға босқын куәлігі иесінің көлемі 30х40 мм фотосуреті жапсырылады.
Босқын куәлігінің 1-бетінің төменгі бөлігінде екі әріптік және сегіз цифрлық нышаннан тұратын босқын куәлігінің нөмірі орналасқан.

6 6. Босқын куәлігінің 2-6-беттерінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар орналасқан (№ 3 сурет):

Куәлік _______________ бастап ________________ дейін ұзартылды
The certificate has been extended: from ______________ by__________
Комиссияның 20___ж. «__» _____________№____шешімі
The decision of the commission from «___»______20___ №._________
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның басшысы
Head of the local Employment authority
_________________________________________________________
(облыс, қала атауы/name of the region, city)
___________________________________________қолы/signature М.О./Р.Р.».

7 7. Босқын куәлігінің 7 және 8-беттерінде қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері көрсетілетін кесте орналасқан ( № 4, 5 суреттер):

«Он сегiз жасқа толмаған отбасы мүшелерi
Family members under the age of eighteen»
Тегі
Surname
Аты
Name
Әкесінің аты (бар болса) Middle name (if available)
Туыстық қатынасы Relation degree
Туған күні, айы, жылы және туған жері Date and place of birth
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның басшысы
Head of the local Employment authority
_________________________________________________________
(облыс, қала атауы/name of the region, city)
__________________________________________қолы/signature
М.О. / Р.Р.».

8 8. Босқын куәлігінің 9-11-беттері ерекше белгілерді енгізуге арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 5 сурет):

«Ерекше белгілер
Special marks» деген жазу орналасқан.

9 9. Босқын куәлігі беттерінің нөмірлері жоғары бұрыштарында орналасқан.

№ 1 сурет. Мұқаба
№ 2 сурет. Алдыңғы форзац
№ 3 сурет. 2-5-беттер
№ 4 сурет. 6-7-беттер
№ 5 сурет. 8-11-беттер.

10 _________________________________________________________________________

10. Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады.

11 11. Босқын куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе босқын куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

12 12. Босқын куәлігінің беттері «KAZ» ою-өрнегі» элементі түріндегі контрасты жоғары су белгісімен қорғалған, кәдімгі жарықта қошқыл-қызыл түс болып көрінетін флуоресцентті талшықтардан тұратын сапасы жоғары сұрыпты қағаздан дайындалған.

Қолданыстағы