Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданыныңбас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының2024 жылғы 23 мамырдағы № 214 ұсынысы негізінде,ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Абай облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің Зенковка ауылындағы «Мадияр» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малының бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жолдауды;
Тармақша 2
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімніңорындалуынбақылаудыөзімеқалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.