Об образовании районной ономастической комиссии при акимате Зерендинского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан аудандық ономастикалык, комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық бірліктер атауларын тәртіпке келтіру, елді мекендер мен көше атауларын өзгерту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан аудандық ономастикалық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық ономастикалық комиссия туралы ереже бекітілсін (Қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары Е.Нұғымановқа жүктелсін.
Басқа 4
Қосымша Зеренді ауданы 2004 жылғы 21 04 № 118 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық, ономастикалық, комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің жанындағы аудандық ономастикалық комиссия (бұдан былай - Комиссия) географиялық нысандарды атаудың бірыңғай жүйесін құру және топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды, ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды сақтауды, оларды қайта атауды тәртіпке келтіру мақсаттарында ономастика көлемінде мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін кеңес беру органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы (ағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ұйымдарын, теміржол стансаларын, әуе порттарын, сонымен қатар физика-географиялық нысандарын атау және қайта атау, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту ережелерін», сонымен бірге осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамы аудан әкімінің ұсынуымен ауданы мәслихатымен бекітіледі.
Тармақ 4
4. Комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктердің, географиялық нысандардың және мемлекеттік нысандарның атауларына қатысты нұсқаулар береді.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттер
2. Негізгі міндеттер
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеттері: географиялық атауларды жинақтау және зерделеу, ономастика меселелеріне байланысты материалдарды жүйелендіру; бұрын ұмытылып кеткен тарихи топонимдерді қалпына келтіру ұсыныстарын енгізу; жаңа нысандарды атау ұсыныстарын енгізу; ономастикаға географиялық және тарихи-мәдени пән ретінде қолдау көрсету.
Тарау 3. 3. Негізгі қызметтері мен өкілеттіктері
3. Негізгі қызметтері мен өкілеттіктері
Тармақ 6
6. Өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында Комиссия: комиссияға келіп түскен әкімшілік-аумақтық бірліктерді атау және қайта атау, атаулардың транскрипцияларын өзгерту, әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарын атау жөніндегі құжаттарды қарайды. Олар бойынша шешім қабылдап, облыс әкімдігінің жанындағы облыстық комиссия қарауына материалдар жібереді. ұйымдар мен жеке азаматтардан тарихи топонимдерді қалпына келтіру немесе ауыстыру мәселелері бойынша келіп түскен хаттарды қарап, сәйкесінше нұсқаулар береді; Аудан картасын сызу кезінде туындайтын мәселелерді шешуге көмек көрсетеді, онда ауданның географиялық атаулары транскрипцияларының дұрыс жазылуын қадағалайды; елді мекендердің, көшелердің қорықтық атауларын сақтауға бағытталған шаралар кешенін іске асырады; ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде бұрыннан қалыптасқан халықтық және тарихи атауларға құрметпен қарауына беленді түрде ықпал етеді; жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың материалдары, хабарлары мен ақпараттары бойынша ономастикаға қатысты мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың жай-күйіне талдау жасайды.
Тарау 4. 4. Жұмысын ұйымдастыру
4. Жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы материалдардың түсуіне қарай және қажеттілігіне байланысты өткізіледі. Комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан отырыс қана дұрыс болып есептеледі.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімі оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелері санының көп жуысымен ашық түрде қабылданады.
Тармақ 9
9. Комиссия құзырына жататын жекелеген мәселелерді қарау үшін қажет болған жағдайда жұмысшы топтар құрылады.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы қажетті құжаттарды, отырыс күн тәртібін даярлайды; Комиссия мүшелері іс-әрекетін ұйымдастырады және іс жүргізуге жауап береді.