Об утверждении Правил субсидирования ставки купонного вознаграждения по облигациям, выпущенным эмитентом для дальнейшей выдачи ипотечных жилищных займов в целях улучшения жилищных условий в соответствии с законодательством Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2 бабының 10-37) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ережесінің 15-тармағының 420-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын
жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
Қағидалары
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2024 жылғы 24 мамырдағы
№ 190
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын
жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
Қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 420-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялау) - субсидияланатын купондық сыйақының мөлшерлемесімен облигация ұстаушыға эмитент төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу;
Тармақша 2
2) купондық сыйақы мөлшерлемесі - проспектінің талаптарына сәйкес айқындалатын және қалыптастырылатын және эмитент облигацияны орналастыру салдарынан алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация ұстаушыға мерзімді негізде төленуге жататын пайызбен көрсетілген купондық сыйақының мөлшері;
Тармақша 3
3) қор биржасы- дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде 25 (жиырма бес) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерін пайдалана отырып, оларды тікелей өткізу жолымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарты (бұдан әрі - шарт) - уәкілетті орган мен эмитент арасында жасалатын екіжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;
Тармақша 5
5) облигациялар шығару проспектісі - эмитент, облигацияларды сатуға болжанатын, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және инвестордың облигацияны сатып алу туралы шешіміне әсер ететін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;
Тармақша 6
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері мемлекеттік басқармасының саласында басшылықты жүзеге асыратын орталықтандырылған мемлекеттік орган;
Тармақша 7
7) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
Тармақ 3
3. Субсидиялау Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы мәселелер жөніндегі заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес уәкілетті орган эмитентпен жасалатын шарт негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен аударылатын субсидиялау үшін көзделген қаражат.
Тармақ 5
5. Осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес шарттың қосымшасы болып табылатын төлеу кестесіне (одан әрі-төлеу кестесі) сәйкес қаржы жылындағы купондық сыйақының тең субсидияланатын мөлшерлемесі сомасында эмитенттің банк шотына жыл сайын бірыңғай төлеммен аударылады.
Тармақ 6
6. Субсидиялар эмитенттің облигациялар шығару проспектісіне сәйкес облигациялар айналысы кезеңі басталған күннен бастап облигациялар айналысы кезеңі аяқталған күнге дейін есептеледі.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалар шеңберінде эмитент деп Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісі түсініледі.
Тарау 2. 2-тарау. Субсидиялау тәртібі
2-тарау. Субсидиялау тәртібі
Тармақ 8
8. Субсидиялау мынадай тәртіпті қамтиды:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 2- қосымшасына сәйкес (одан әрі- субсидиялауға арналған ұсыныстар) уәкілетті органның эмитенттен субсидиялауға ұсыныс қабылдауы;
Тармақша 2
2) осы Қағиданың 1- қосымшасына сәйкес уәкілетті органның шарт жасасу туралы шешім қабылдауы;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган мен эмитент арасында шарт жасасу;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес эмитенттің нысан бойынша субсидиялауға өтінім беруі;
Тармақша 5
5) уәкілетті органның субсидия төлеуі.
Тармақ 9
9. Субсидиялауға ұсынымды эмитент облигациялар шығару проспектісінің, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және облигацияларды бастапқы орналастыру күніне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінен үзінді көшірмелерін, сондай-ақ төлеу кестелерін қоса бере отырып береді.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган субсидиялауға ұсынымды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 22 және 23 тармақтарындағы субсидиялау ұсынысына сәйкестігін тексеру;
Тармақша 2
2) шарт жасасу туралы шешім қабылдау және ресімдеу және бұл туралы эмитентті хабардар ету.
Тармақ 11
11. Уәкілетті органның шарт жасасу туралы шешіміне уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 12
12. Уәкілетті органның шарт жасасу туралы шешіміне:
Тармақша 1
1) ұсынысы бойынша шарт жасасу туралы шешім қабылданған эмитенттің атауы мен орналасқан жері;
Тармақша 2
2) облигациялық қарыз сомасы;
Тармақша 3
3) субсидиялау мерзімі;
Тармақша 4
4) жылдық пайызбен субсидиялау ставкасы;
Тармақша 5
5) жылдар бойынша облигациялар шығарылымының (шығарылымдарының) проспектісіне сәйкес төлеу кестесіне сәйкес субсидиялардың жалпы сомасын қамтиды.
Тармақ 13
13. осы қағиданың 22 және 23 тармақтарындағы субсидиялау ұсынысына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган шарт жасасудан жазбаша түрде бас тартады.
Тармақ 14
14. Осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес митент пен уәкілетті орган арасындағы шарт уәкілетті орган шарт жасасу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалады.
Тармақ 15
15. Шарттар осы Қағидаларға сәйкес шығарылған облигациялар айналысының кезеңіне тең мерзімге жасалады.
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган субсидиялауға өтінім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) субсидиялауға өтінімді тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес субсидиялауға өтінім сомасының Шартта көрсетілген сомаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жасалған шарт бойынша субсидиялауға өтінім сомасы сәйкес келген кезде эмитентке субсидиялар төлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) субсидиялауға арналған өтінім сомасы жасалған шартқа сәйкес келмеген кезде эмитентті анықталған сәйкессіздіктер және оларды жою қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 17
17. Эмитент уәкілетті органнан анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламаны алған кезде оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде жояды және осы Қағидалардың 16-тармағында айқындалған тәртіппен қарау үшін уәкілетті органға субсидиялау өтінімін қайта жібереді.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылы үшін төлеу кестесіне сәйкес субсидиялар эмитентінің банк шотына аударады.
Осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес уәкілетті орган мен эмитенттің арасындағы жасасқан шарт бойынша субсидияларды кейіннен аударуи Осы қағиданың 5 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, уәкілетті орган эмитентке субсидия сомасын эмитенттің банктік шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұрын төленген бөлігін өтейді.
Тармақ 20
20. Купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялармен жасалатын мәмілелер номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелуге жатады.
Купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялармен мәмілелерді тіркеу, сондай-ақ осы облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу және растау бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Мөлшерлемені субсидиялау облигациялардың орналастырылған шығарылымы (шығарылымдары) бойынша көзделген.
Тармақ 22
22. Субсидиялау облигациялар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) облигациялар шығару есебінен тартылған қаражатты нысаналы пайдалану – облигациялар шығару есебінен тартылған қаражат кейіннен сыйақы мөлшерлемесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған - халықтың әлеуметтік осал топтары ретінде тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар үшін жылдық 7%, халықтың әлеуметтік осал топтары ретінде өзге санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаж және Қазақстан Республикасының өзге де азаматтары мен қандастар ретінде тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар үшін жылдық 9%.
Тармақша 2
2) субсидиялауға жататын облигациялар шығарылымының/шығарылымдарының жалпы көлемі 1 700 000 000 000 (бір триллион жеті жүз миллиард) теңгеден артық емес.
Тармақша 3
3) облигацияның айналыс мерзімі - 8 (сегіз) жылдан аспайды.
Тармақша 4
4) облигация бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі, бұрын шығарылған облигацияларды қосымша орналастыру кезінде облигациялар бойынша өтелетін сыйақы мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме деңгейінен аспайды.
Бұл ретте, облигация бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі, бұрын шығарылған облигациялар қосымша орналастыру кезінде облигациялар бойынша өтелетін сыйақы мөлшерлемесі уәкілетті органның келісімі бойынша бұрын шығарылған субсидияланатын облигацияларды орналастыру күніне немесе қосымша орналастыру күніне жылдық +1,5%-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін.
Тармақ 23
23. Субсидиялау 8 жылдан кем мерзімге бұрын шығарылған облигацияларды қайта қаржыландыру шеңберінде шығарылған облигацияларды қоса алғанда, қатарынан 8 (сегіз) жыл ішінде шығарылатын облигациялар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Орналастырылған облигациялар шығарылымы/шығарылымдары осы Қағидаларда айқындалған шарттарға сәйкес келген жағдайда купондық сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7% - эмитент төлейді, ал айырма осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес субсидияланады.
Тармақ 25
25. Эмитент тоқсан сайын уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшадағы нысанға сәйкес жасалған шарттар шеңберінде субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есепті ұсынады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын
жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау шарты
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын үй
қарыздарын одан әрі беру үшін
эмитент шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
Қағидаларына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын
жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау шарты
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
атынан
__________________________________________________________________________,
негізінде әрекет ететін__________, бұдан әрі «уәкілетті орган» деп аталатын, бір
жағынанжәне _______________________________________________________________
___________________________________________________________________________
атынан
_________________________________________________________________________,
негізінде әрекет ететін__________, бұдан әрі «Эмитент» деп аталатын, екінші
жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, ал жеке «Тарап» не жоғарыда
көрсетілгендей, шығарылған облигациялар бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесінің субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы
жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Осы шарттар бойынша уәкілетті орган облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды мынадай шарттарда жүзеге асырады:
Нысаналы мақсаты
__________________________________
Осы Шартты жасасу күніне арналған сома
__________________________________
Валюта
__________________________________
Сыйақы мөлшерлемесі
__________________________________
Сыйақы мөлшерлемесі
__________________________________
Мерзімі
__________________________________
Тармақ 2
2. Субсидиялау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Эмитент сатып алған облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатпайды.
Тармақ 4
4. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі______% мөлшерінде субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының ______ мөлшеріндегі бөлігін уәкілетті орган жыл сайын өтейді.
Тармақ 5
5. Субсидиялау мерзімінің басталуы: ____________жыл. Бұл ретте субсидиялау _ _ _ _ _ _ жыл ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган осы Шартқа қол қойылғаннан және эмитент субсидиялауға өтінім бергеннен кейін субсидиялар төлейді
Тармақ 7
7. Эмитент оны алуға құқығы бар және эмитенттің бағалы бумаларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелген тұлғаларға купондық сыйақы сомасын, сыйақы төлеу жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басында (эмитент тіркеушісінің орналасқан жеріндегі уақыт бойынша) (бұдан әрі – тіркелген күні) толық төлеуді жүзеге асырады. Сыйақы төлеу тіркелген күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде облигация ұстаушылардың тізілімінде тіркелген облигация ұстаушылардың ағымдағы шоттарына ақша (теңгемен) аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - купондық сыйақы мөлшерлемесін субсиидялау қағидасы) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ережесі 15-тармағының 420-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидиялау бойынша бюджет қаражатының болған кезде, эмитенттің банктегі ағымдағы шотына қаражат аудару жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Тараптар осы Шарт шеңберінде төлем күні демалыс немесе мереке күніне келетін жағдайда, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізілетініне келісті.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 10
10. Уәкілетті органның құқықтары:
Тармақша 1
1) осы Шарттың 8-тармағына сәйкес купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражатты эмитенттің банк шотына уақытылы жібереді;
Тармақша 2
2) субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды орналастырудан қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады;
Тармақша 3
3) купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес іске асыру мониторингін жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Уәкілетті органның міндеттері:
Тармақша 1
1) қаражаттың мақсатты пайдаланылуына эмитентке тексеру жүргізеді. Эмитенттен облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;
Тармақша 2
2) орталық депозитарийден эмитент туралы, сондай-ақ купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысатын облигацияларды орналастыру туралы құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады;
Тармақша 3
3) есепті қалыптастыру мақсатында осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде эмитенттен оның қызметінің нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қосымша сұратады;
Тармақша 4
4) тараптар үшін көзделген осы Шартта белгіленген Эмитенттің міндеттемелерін орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және оларды Эмитенттің уақытылы орындауын талап етеді.
Тармақ 12
12. Эмитенттің құқықтары:
Тармақша 1
1) шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды;
Тармақша 2
2) купондық сыйақының толық сомасын оны алуға құқығы бар және сыйақы төлеу жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басында (эмитент тіркеушісінің орналасқан жеріндегі уақыт бойынша) эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелген тұлғалардың шоттарына уақтылы аударады.
Тармақша 3
3) Уәкілетті органға жазбаша сұрау салу бойынша облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың нысаналы пайдаланылуына, купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу құқығын береді.
Тармақ 13
13. Эмитенттің міндеттері:
Уәкілетті органнан купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бөлігінде субсидиялар төлеуді талап етеді.
Тарау 3. 3- тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
3- тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 14
14. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________ 20___ бойынша, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде – олар толық орындалғанға дейін әрекет етеді.
Тарау 4. 4- тарау. Жауапкершілік
4- тарау. Жауапкершілік
Тармақ 15
15. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
Тарау 5. 5- тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
5- тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
Тармақ 16
16. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайларда төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және сол сияқтылар) салдарынан болса жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 17
17. Еңсерілмейтін күш, яғни төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар туындаған кезде Тарап осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін орындау мүмкін еместігі туындаған жағдайда, осындай мән-жайлар туралы екінші Тарапқа басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақытылы хабарлайды. Бұл ретте форс-мажорлық мән-жайлардың сипаты, қолданылу кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.
Тармақ 18
18. Уақтылы хабарлама болмаған кезде Тарап екінші Тарапқа хабарламау немесе уақтылы хабарламау салдарынан келтірілген зиянды өтейді.
Тармақ 19
19. Еңсерілмейтін күштің, яғни төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың басталуы осы Шартты орындау мерзімінің олардың қолданылу кезеңінің ұлғаюына әкеп соғады.
Тармақ 20
20. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартады.
Тарау 6. 6-тарау. Дауларды шешу
6-тарау. Дауларды шешу
Тармақ 21
21. Осы Шарттың орындалуына байланысты туындаған қандай да бір дау туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін күш-жігер жұмсайды.
Тармақ 22
22. Егер туындаған дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, осы дау және оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.
Тарау 7. 7-тарау. Құпиялылық
7-тарау. Құпиялылық
Тармақ 23
23. Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпараттың, банктік құпияның, сондай-ақ осы Шартты жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпараттың құпия болып табылатындығына және осы Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтындығына келіседі.
Тармақ 24
24. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық және кәсіпкерлік заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.
Тармақ 25
25. Тараптар осы Шарттың болуы мен талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Тармақ 26
26. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
Тарау 8. 8- тарау. Қорытынды ережелер
8- тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 27
27. Осы Шартқа қол қою арқылы Тараптар банк, коммерциялық және қызметтік құпияны сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы Шарттың іске асырылуы туралы ақпаратты ашуға өзара келісім береді.
Тармақ 28
28. Осы Шарттың ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана тараптар үшін жарамды және міндетті деп танылады.
Тармақ 29
29. Осы Шарт екі (2) бірдей данада қазақ және орыс тілдерінде әрқайсысы бірдей заң күші бар Тараптардың әрқайсысы үшін Бір (1) данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
Тармақ 30
30. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Тарау 9. 9- тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк
деректемелері және қолдары
9- тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк
деректемелері және қолдары
Уәкілетті орган
______________________
басып шығару орны
Эмитент
______________________
басып шығару орны
______________________
______________________
______________________
______________________
____________________
______________________
______________________
______________________
Басқа 112. Төлеу кестесі
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған
облигациялар бойынша
купондық сыйақы
мөлшерлемесін
субсидиялау шартына
қосымша
Нысан
Төлеу кестесі
Сәйкестендіру коды: (IBAN форматындағы бірегей 20 таңбалы код)
Сыйақыны өтеу күні
Эмитент төлейтін сыйақы сомасы
Уәкілетті орган өтейтін сыйақы сомасы
Есептелген сыйақының жиынтығы
Уәкілетті орган
______________________
басып шығару орны
Эмитент
______________________
басып шығару орны
______________________
______________________
______________________
______________________
____________________
______________________
______________________
______________________
Басқа 2. Субсидиялауға ұсыныс
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес Тұрғын үй
жағдайларын жақсарту мақсатында
ипотекалық тұрғын үй қарыздарын
одан әрі беру үшін эмитент
шығарған облигациялар бойынша
купондық сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау қағидаларына
2 қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: http://www.mps.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Субсидиялауға ұсыныс.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: №ФИСКВ-1.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде.
Субсидиялауға ұсыныс
Эмитент: ______________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Кімге: _________________________________________________________
_______________________________________________________________
(уәкілетті органының атауы)
1. Эмитент туралы мәліметтер:
1
Эмитенттің атауы
2
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
3
Эмитент туралы мәліметтер: БСН*
4
Банк деректемелері
5
Байланыс телефондары
2. Субсидиялауға жататын облигациялық қарыздар туралы ақпарат:
№
Облигациялар проспектісі (ISIN (НИН)**)
Облигациялық қарыз сомасы, теңге
Купондық сыйақы, % облигациялардың
Айналыс мерзімінің аяқталу күні
1
2
3
4
5
1
2
3
4
Осымен расталады:
1) қаржы берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімін қоспағанда, Эмитенттің қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкроттық сатысында тұрмайды, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмайды;
2) ұсыныста көрсетілген облигациялық қарыз бойынша купондық сыйақы басқа мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайды.
Қосымша:
облигациялар шығару проспектісінің көшірмесі _______ парақта;
облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі ________ парақта;
бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінен______парақтағы үзінді көшірме.
Эмитент басшысының немесе оның орнындағы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _______________________________
Берілген күні «___»_______ 20 __ жыл.
Ескерту:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
* БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
** ISIN (НИН) – халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі).
Басқа 2.1. «Субсидиялауға ұсыныс» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: ФИСКВ-1 және кезеңділігі: тоқсан сайын)
«Субсидиялауға ұсыныс»
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша
«Субсидиялауға ұсыныс» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: ФИСКВ-1 және кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Субсидиялауға ұсыныс» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды эмитент толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды эмитент Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2
2- тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. 1-тармақта ұсыныста эмитенттің атауы, ұсыныс жолданған мемлекеттік органның атауы және эмитент туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 2-тармақта:
Тармақша 1
1) 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-бағанында облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі)) көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанында облигациялық қарыз сомасы көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 4-бағанында купондық сыйақы көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 5-бағанында айналыс мерзімінің аяқталу күні көрсетіледі.
Басқа 3. Субсидиялауға өтінім
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес Тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру үшін
эмитент шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
____________________________
(уәкілетті органының атауы)
Субсидиялауға өтінім
«____» __________20__жыл
Осы арқылы, эмитент _______________________ келісімге сәйкес
_________________ сомасында _____________________ теңге,
«_____» _______20__ жылдан бастап «_____» _________20__ жылға
дейінгі кезең үшін «___» ___________ 20___ бастап банк шотына
субсидиялар төлеуді сұрайды.
Эмитент басшысы (сенімхат бойынша өкіл)
______________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Басқа 4
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған
облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсудиялау Қағидаларына
4-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: http://www.mps.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: №ФИСКВ-2.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде.
Эмитенттің атауы
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі))
Облигациялық қарыз сомасы
Облигациялар айналысының барлық мерзіміне барлығы субсидиялар көзделген, теңге
Барлық аударылған субсидиялар, теңге
Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеушілік, теңге
Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару (нақты), теңге
Банктік шоттағы субсидиялардың қалдығы, теңге
Барлығы
Есепті кезең үшін
Барлығы
Есепті кезең үшін
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
2
Қорытынды:
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
_______________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
Есеп тапсырылған күн «___» __________ 20 ___ жыл.
Басқа .4.1. «Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: ФИСКВ-2 және кезеңділігі: тоқсан сайын)
«Субсидияларды нақты
пайдаланылуы туралы есеп»
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша
«Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: ФИСКВ-2 және кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды эмитент толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды эмитент Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2
2- тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Есептің 1-бағанында эмитенттің атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 2-бағанда бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 3-бағанда облигациялар аңдатпасы (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі)) көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 4-бағанда облигациялық қарыз сомасы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 5-бағанда облигациялар айналысының барлық мерзіміне, барлық кезең үшін және есепті кезең үшін субсидиялар теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 6 және 7-бағандарда барлық кезеңге және есептік кезеңде аударылған субсидиялар теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 8 және 9-бағандарда барлық кезеңдегі және есептік кезеңдегі ауытқулар (артық төлем, жетіспеушілік) теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 10-бағанда пайдаланылмаған субсидиялардың қайтарылғаны (нақты), теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 11-бағанда банктік шотта жатқан субсидиялар қалдығы теңгемен көрсетіледі.