Об утверждении Правил организации и проведения областного конкурса "Лучшие архивисты года Мангистауской области" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Маңғыстау облысының үздiк жыл мұрағатшысы" облыстық конкурсын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", " Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Заңдарына сәйкес, сондай-ақ облыстық мұрағат iсiн әрi қарай дамытуға және қолдау мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған "Маңғыстау облысының үздiк жыл мұрағатшысы" облыстық конкурсын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң аппарат басшысы Р.Т.Мұстапаевқа жүктелсiн.
Басқа 3
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы N 75 қаулысына қосымша "Маңғыстау облысының үздiк жыл мұрағатшысы" облыстық конкурсын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Маңғыстау облысының үздiк жыл мұрағатшысы" облыстық конкурсын (әрi қарай - Конкурс) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Ережесi Маңғыстау облысының мұрағат iсiн қолдау және дамыту Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жасалған.
Тармақ 2
2. Осы ереже Конкурсты дайындау, жариялау және өткiзу тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 3
3. Конкурстың мақсаты облыстық мемлекеттiк мұрағатының үздiк мұрағатшыларын, ведомстволық және жеке мұрағаттарының үздiк қызметкерлерiн, сонымен қатар облыстық мұрағат iсiнiң дамуына ықпал етiп отырған ұйымдарды ынталандыру және анықтау болып табылады.
Тармақ 4
4. Конкурс өлшемдерi ұпайы есептелiп бекiтiлген номинация бойынша өткiзiледi.
Тармақ 5
5. Номинация тiзбесi және өлшемдер тiзбесi, сонымен қатар әр номинация бойынша өтiнiш - сауалнамасы, облыс әкiмiнiң Конкурс өткiзудi жариялау туралы шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 6
6. Конкурстың жұмысшы органының функциясы облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлiмiне жүктеледi.
Тарау 2. 2. Конкурсты өткiзуге дайындық тәртiбi
2. Конкурсты өткiзуге дайындық тәртiбi
Тармақ 7
7. Конкурсты өткiзудiң жалпы дайындығын ұйымдастыру комитетi жүзеге асырады (әрi қарай - Ұйымдастыру комитетi).
Тармақ 8
8. Ұйымдастыру комитетiнiң құрамы облыс әкiмiнiң Конкурс өткiзудi жариялау туралы шешiмiмен бекiтiледi.
Тарау 3. 3. Конкурсқа қатысу тәртiбi
3. Конкурсқа қатысу тәртiбi
Тармақ 9
9. Конкурсқа қатысуға мемлекеттiк мұрағат мамандары, ұйымдардың ведомстволық және жеке мұрағат қызметкерлерi (әрi қарай - конкурсанттар), сондай-ақ облыстың мұрағат iсiнiң дамуына үлес қосып отырған ұйымдар жiберiледi.
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысу үшiн белгiленген номинация бойынша конкурсанттар өз қызметi туралы ақпараттан тұратын өтiнiм - сауалнамасын толтыру қажет, және конкурстық комиссияға өтiнiш - сауалнамасында көрсетiлген барлық ақпараттың дұрыс екендiгiн растайтын қосымша құжаттар беруге тиiстi.
Тарау 4. 4. Конкурсты өткiзу тәртiбi
4. Конкурсты өткiзу тәртiбi
Тармақ 11
11. Облыстық Конкурс екi кезеңде өткiзiледi.
Тармақ 12
12. Конкурстың бiрiншi кезеңiн тиiстi әкiмдер құрған қалалық, аудандық комиссиясы өткiзедi.
Тармақ 13
13. Қосымша ақпараты мен өтiнiм - сауалнамасын тапсыру мерзiмi "Маңғыстау облысының үздiк жыл мұрағатшысы" облыстық конкурс Комиссиясымен анықталады (әрi қарай - Облыстық комиссия).
Тармақ 14
14. Қалалық, аудандық комиссия Облыстық комиссия анықтаған мерзiм iшiнде тапсырылған материалдарды қарап, баяндалған ақпараттардың анықтығын тексерiп, әр номинация бойынша Конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарын анықтайды.
Тармақ 15
15. Конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздары Облыстық комиссия анықтаған мерзiмнен кешiктiрмей, қалалық, аудандық комиссия арқылы жеңiмпаздар бойынша материалдарды Облыстық комиссияға екiншi кезеңге ұсынылады.
Тармақ 16
16. Конкурстың екiншi кезеңi Облыстық комиссиясымен өткiзiледi.
Тармақ 17
17. Облыстық комиссиясы қажет болған жағдайда, бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарынан қосымша ақпараттар қабылдайды.
Тармақ 18
18. Облыстық комиссияның қорытындысымен "Маңғыстау облысының үздiк жыл мұрағатшысы" Конкурсының әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықталады.
Тарау 5. 5. Конкурстық комиссиялардың жұмыс тәртiбi
5. Конкурстық комиссиялардың жұмыс тәртiбi
Тармақ 19
19. Конкурсты өткiзу бойынша жалпы ұйымдастыру және үйлестiру мәселелерiн Облыстық комиссия жүзеге асырады. Облыстық комиссияның құрамы облыс әкiмiнiң Конкурс өткiзудi жариялау туралы шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 20
20. Қала және аудан әкiмдерi мұрағат мекемелерi мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiнiң қатысуымен, төрағалар басқаратын Конкурсты өткiзу жөнiндегi қалалық, аудандық комиссиялар құрып, Конкурстың бiрiншi кезеңiн өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
Тармақ 21
21. Облыстық және қалалық (аудандық) комиссиялардың сандық құрамы тақ болуы тиiс.
Тармақ 22
22. Кез келген деңгейдегi комиссияның мәжiлiсi, оның 2/3 құрамының мүшелерi қатысқан жағдайда, құқықты болып саналады. Комиссияның шешiмi ашық жай көпшiлiк дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, оған төраға дауыс берген шешiм қабылданған деп саналады.
Тармақ 23
23. Конкурстың бiрiншi және екiншi кезеңдерiнiң қорытындысы, тиiстi комиссияларымен хаттама арқылы ресiмделедi.
Тарау 6. 6. Қорытынды ереже
6. Қорытынды ереже
Тармақ 24
24. Конкурс қатысушылары қала және аудан әкiмияттарында не болмаса облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлiмiнде және оның ведомствосына қарасты мекемелерде өтiнiм - сауалнама бланкiлерiмен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 25
25. Облыстық конкурс жеңiмпаздары Ақтау қаласындағы салтанатты рәсiмге Облыстық комиссия арқылы шақырылып, арнайы жүлделермен марапатталады.
Тармақ 26
26. Барлық деңгейдегi комиссиялар мерзiмiнде ұсынылмаған, толық емес, не болмаса түсiнiксiз толтырылған өтiнiм - сауалнамаларына және қосымша материалдарға жауапкершiлiк артпайды.