Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына және «Казгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша» филиалының 2024 жылғы 29 мамырдағы №27-03-10/685 хатына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақой ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Карсембаев Даурен Құралұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 29 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.