Об определении максимальных размеров земельных участков, выставляемых на конкурс по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства в Аккольском районе Қолданыста
Басқа 0
Ақкөл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31, 37-баптарына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ақкөл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер
пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын
жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
Бірлескен Ақкөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 29 мамырдағы
№ А-5/126 қаулысына және
Ақкөл аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 мамырдағы
№ С 22-6 шешіміне қосымша
Ақкөл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер
пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын
жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар
Оның ішінде
егістік
оның ішінде суармалы
шабындықтар
жайылымдар
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін
5 850
2 550
-
300
3 000
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
27 300
17 000
-
300
10 000