О создании областной комиссии по содействию в подготовке и проведении единого национального тестирования Күшін жойған
Басқа 0
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық және оны өткізуге жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 наурыздағы "Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi енгiзу туралы" № 317
қаулысына
сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық және оны өткiзуге жәрдемдесу жөнiндегi облыстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын;
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық және оны өткiзуге жәрдемдесу жөнiндегi қалалық және аудандық комиссияларды құрсын.
Тармақ 4
4. Облыс бiлiм департаментi Комиссияның дербес құрамын заңнамада белгiленген тәртiпте облыстық Мәслихаттың бекiтуiне ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Басқа 6. Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық және оны өткiзуге жәрдемдесу жөнiндегi облыстық комиссия туралы Ереже
Облыс әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 5 мамыр
"Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге
дайындық және оны өткiзуге
жәрдемдесу жөнiндегi облыстық
комиссияны құру туралы"
№ 119/5 қаулысымен
бекiтiлген
Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық және оны өткiзуге жәрдемдесу жөнiндегi облыстық комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық және оны өткiзуге жәрдемдесу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк- кеңестiк орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы"
Заңын
, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2004 жылғы 13 наурыздағы "Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi енгiзу туралы" № 317 қаулысын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiктерi
2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiктерi
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы облыстағы ұлттық бiрыңғай тестiлеудi (бұдан әрi - ҰБТ) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi жұмысты бақылау;
Тармақша 2
2) ҰБТ-ты ұйымдастыруға және өткiзуге қатысты мәселелер бойынша мүдделi органдар мен ұйымдардың iс-әрекетiн үйлестiру Комиссияның негiзгi мiндеттерi болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия:
Тармақша 1
1) ҰБТ өткiзу орталықтары үшiн қажеттi үй-жайдың санитариялық нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкес бөлiнуiн ұйымдастыруға;
Тармақша 2
2) бiтiрушiлерiн тестiлеу пункттерiне дейiн және керi қайтуда жол полициясы басқармасы инспекторларының еруiмен тасымалдануды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) бiтiрушiлердi ҰБТ өткiзiлетiн аудандық орталықтар мен қалалардағы санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес келетiн үй-жайларда орналастыруға;
Тармақша 4
4) бiтiрушiлер тұратын үй-жайды қажеттi қатты және жұмсақ мүкаммалмен жабдықтауға;
Тармақша 5
5) бiтiрушiлер тұратын орындарда және ҰБТ өткiзу пункттерiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуде облыс iшкi iстер басқармасы, қалалар мен аудандардың iшкi iстер бөлiмдерi қызметкерлерiнiң тәулiк бойы кезекшiлiгiн ұйымдастыруға қатысты мәселелердi шешедi.
Тармақ 5
5. Комиссия:
Тармақша 1
1) бiтiрушiлердiң тамақтануын ұйымдастыруға;
Тармақша 2
2) тұрғылықты орындарда және ҰБТ өткiзу пункттерiнде медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) бiтiрушiлер тұратын аумақтың және ҰБТ өткiзу пункттерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйiне;
Тармақша 4
4) балалардың ҰБТ тапсыру пункттерiне дейiн және керi жеткiзiлу қауiпсiздiгiне;
Тармақша 5
5) балаларды тасымалдау үшiн техникалық жарамды автобустардың бөлiнуiне бақылау жасайды.
Тарау 3. 3. Комиссия органдары
3. Комиссия органдары
Тармақ 6
6. Облыс әкiмiнiң орынбасары Комиссияның төрағасы, облыс бiлiм департаментiнiң бастығы - төрағаның орынбасары болып табылады.
Төраға Комиссияның жұмысына басшылық жасайды, комиссия мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылау жүргiзедi және Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап бередi. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 7
7. Комиссия төраға бекiткен күнтiзбелiк жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 8
8. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:
Тармақша 1
1) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қарауына енгiзуге;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк және басқа ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiпте Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi материалдарды сұрауға және алуға;
Тармақша 3
3) өз құзыретiне жатқызылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
Тармақ 9
9. Комиссия өкiлеттiгiнiң мерзiмi облыс әкiмiне ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң ұйымдастырылу және өткiзiлу қорытындылары туралы есеп ұсынылғаннан кейiн аяқталады.