Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 03 маусымдағы 09-02-02/199 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округінің әкімі, ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Старобелка ауылының, Бірлік ауылдық округінің, Школьная көшесінің 7/2 үйінің аумағында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.