Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдай жариялау туралы Облыс аумағындағы қар қорының едәуір артықтығына және жоғары тасқын су қаупі пайда болуына байланысты, облыс аумағында елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу және жою мақсатында, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5-шілдедегі № 19-I Заңының 13, 19-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 27-бабы 1-тармағының 12)-тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2004 жылғы 7-сәуірден бастап тасқын су қаупі бар кезең аяқталғанша төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.