О расширении категорий получателей услуг инватакси Күшін жойған
Басқа 0
Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 19-бабының 20-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
Тармақша 1
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 2
2) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 3
3) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 4
4) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 5
5) балалар церебралды параличі бар мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 6
6) өршу сатысында қатерлі ісіктерден зардап шегуші мүгедектігі бар балалар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.