Об утверждении Правил проведения проверок деятельности финансовых организаций, эмитентов, организаций, осуществляющих обучение специалистов для работы на рынке ценных бумаг Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржы ұйымдарының, эмитенттердің, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды оқытуды жүзеге асырушы ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабының , 1-тармағының 8) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  108-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қаржы ұйымдарының, эмитенттердің, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды оқытуды жүзеге асырушы ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізу ережесі (осы ереженің 1-қосымшасы) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзімде қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6. Қаржы ұйымдарының, эмитенттердің, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды оқытуды жүзеге асырушы ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізу ережесі
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін. Төраға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының, эмитенттердің, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды оқытуды жүзеге асырушы ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегі N 110 қаулысына 1-қосымша Қаржы ұйымдарының, эмитенттердің, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды оқытуды жүзеге асырушы ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізу ережесі Осы Ереже "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қаржы ұйымдарының, эмитенттердің, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды оқытуды жүзеге асырушы ұйымдар қызметінің Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу тәртібін белгілейді. Осы ереже шетелдік қолма-қол валютамен айырбастау операцияларын жүзеге асырушы ұйымдарға және клиринг ұйымдарына қолданылмайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қаржы ұйымдарының, эмитенттердің, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды оқытуды жүзеге асырушы ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) қызметін тексеруді уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған тапсырма негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады. Уәкілетті орган қаржы ұйымдарын тексерген кезде қажет болса мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарта алады.
Тармақ 2
2. Тапсырмада: тексеруді белгілеген органның атауы, тапсырманың күні және тіркеу нөмірі, тексерілуші ұйымның атауы, мекен-жайы және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тексерудің түрі және мақсаты, оның өткізілу мерзімі, инспекциялық топ басшысының қызметі, аты-жөні, инспекциялық топтың құрамы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау өкілеттігі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган ұйымдардың қызметіне жасалғалы отырған тексеру туралы оларға жазбаша хабарлайды. Ұйым тексеру туралы жазбаша хабарламада көрсетілген қажетті құжаттарды дайындайды және оларды тексеру жүргізудің басында инспекциялық топқа ұсынады. Екі данадағы хабарлама ұйымға жіберіледі, ұйымның хабарламаны алғандығы жөніндегі белгісі бар бір данасы уәкілетті органға қайтарылады және уәкілетті органның тиісті бөлімшесінде сақталады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган өз өкілеттігі шегінде ұйымның бар қызметіне тексеру жүргізеді немесе тапсырмада көрсетілген мерзімде жекелеген мәселелер бойынша тексереді.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қажет болған жағдайда қосымша тапсырмамен тексеру жүргізудің мерзімін ұзартады, назарда ұстау үшін ұйымға ол туралы хабарлама жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Тексеру жүргізу
2-тарау. Тексеру жүргізу
Тармақ 6
6. Ұйым тексеру жасалған күннің ертеңінен кешіктірмей инспекциялық топ басшысының атына мынадай деректері бар хат жібереді:
Тармақша 1
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз ететін басшы және оның орнындағы адам туралы;
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды (мәліметтерді) дайындауға жауапты ұйымның мамандары туралы, олардың инспекциялық топқа уақтылы берілуі және инспекциялық топтан аралық есепті алуы туралы.
Тармақ 7
7. Ұйым өзінің әкімшілік үйіне инспекциялық топтың кіруіне рұқсат береді және жұмыс істеу үшін жеке үй-жай береді, өз қызметкерлерінің инспекциялық топ мүшелерінің сұрақтарына түсіндірулер (ауызша және жазбаша) беруді қамтамасыз етеді, ұйым қызметіне, оның ішінде автоматтандырылған жүйелерге және деректер базасына қатысты ақпараттарды алуға рұқсат етуге, инспекциялық топтың қажет құжаттардың көшірмелерін алуына, сондай-ақ инспекциялық топтың тексеруді уақтылы аяқтауына ықпал етеді.
Тармақ 8
8. Инспекциялық топ ұйымнан барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде тексеру қорытындылары туралы аралық және жиынтықты есепті беруге қажет болатын көшірмелерді алады. Инспекциялық топтың басшысы ұйым басшысына көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс жазбаша сұратулар жібереді.
Тармақ 9
9. Инспекциялық топтың мүшелері тексеру жүргізу кезінде ұйымнан алынған құжаттардың сақталуын және ондағы ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Инспекциялық топ тексерілген мәселелердің көлеміне қарай ұйымға қарауға берілетін аралық есептерді жасайды. Аралық есептерге орындаушы және инспекциялық топтың басшысы қол қояды.
Тармақ 11
11. Ұйымның аралық есептің мазмұнына ескертулері болған жағдайда аралық есепті алған күннен бастап төрт жұмыс күні өткеннен кейін ол өз жазбаша қарсылығын білдіреді. Аралық есептерде берілген қорытындылар алдын-ала жасалған болып табылады және ұйымнан, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған қарсылықтар мен қосымша ақпараттарды ескере отырып, тексеру қорытындысы туралы жиынтық есеп қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Тексеру аяқталған соң отыз күнтізбелік күн ішінде ұйымның бірінші басшысының атына тексеру жетекшісі және тікелей басшы қол қойған тексеру қорытындысы туралы жиынтық есептің екі данасы жіберіледі.
Тармақ 13
13. Бірінші басшы (орынбасар), не ұйымға тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру қорытындысы туралы жиынтық есептің бірінші данасын қабылдайды, есептің екінші данасының әр бетіне қол қояды, соңғы бетіне оның қабылданған күнін, қызметін, аты-жөнін көрсетіп қол қояды және тексеру қорытындысы туралы жиынтық есепті алған күннен бастап келесі күннен кешіктірмей оны уәкілетті органға жібереді. Ұйым тексеру қорытындысы туралы жиынтық есепте жазылған тексеру қорытындысын атқарушы органға немесе басқа ұйымдарды басқару органдарына жібереді.
Тармақ 14
14. Тексеру қорытындысы туралы жиынтық есепте жазылған тексеру қорытындысы бойынша қарсылық болған жағдайда ұйым тексеру қорытындысы туралы жиынтықты есепті алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны уәкілетті органға жазбаша ұсынады.
Тармақ 15
15. Тексеру қорытындысы туралы жиынтық есепте жазылған ұйымды тексеру қорытындылары уәкілетті орган бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының төрағалық етуімен, ұйым басшысының қатысуымен өтетін мәжілісте қаралуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Тексеру қорытындысы туралы жиынтық есепте жазылған ұйымды тексеру қорытындылары жекелеген жағдайларда уәкілетті орган бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының төрағалық етуімен өтетін мәжілісте қаралуы мүмкін.
Тармақ 17
17. Мәжіліс қорытындысы мәжіліс төрағасының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде танысу үшін ұйым басшысына жіберіледі. Ұйым қарсылық болған жағдайда мәжіліс хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға жазбаша түрде жібереді. Уәкілетті орган ұйымның хаттамаға қарсылығымен келіспеген жағдайда, түпкілікті шешімді уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.
Тармақ 18
18. Тексеру қорытындылары уәкілетті органның өз қызметін орындау мақсаты үшін ғана пайдаланылуы тиіс болып табылады.
Тармақ 19
19. Тексеру қорытындысы туралы жиынтық есепті ұйым өзінің қаржылық қызметін растау үшін жарнамалық және басқа мақсаттарға, сондай-ақ уәкілетті органның келісімінсіз үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда пайдалануға беруі мүмкін емес.
Тармақ 20
20. Ұйымның уәкілетті органға берген қаржылық және басқа есеп берулеріндегі құжаттамалық деректерінде алшақтықтар болған кезде ұйым тексеру қорытындысы туралы жиынтық есебінде келтірілген мәліметтермен бірге уәкілетті органның нұсқауы бойынша өз есеп беруін жиынтықты есеп қорытындыларымен, сонымен бірге осының алдындағы есепті күнмен сәйкестендіреді.
Тармақ 21
21. Ұйым уәкілетті орган белгілеген мерзімде тексеру кезінде анықталған тәртіп бұзулар мен кемшіліктерді жою жөнінде жоспарланған шаралар мен жауапты орындаушылар туралы іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады. Іс-шаралар жоспары уәкілетті органмен келісілген соң ұйым тәртіп бұзулар мен кемшіліктерді жою жөніндегі есепті, не іс-шаралар жоспары бойынша өзі қабылдаған міндеттемелерді орындамау себептері туралы түсіндірулер береді.
Тармақ 22
22. Уәкілетті орган анықталған тәртіп бұзу фактілеріне байланысты ұйымға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санкциялар мен ықпал ету шараларын қабылдайды.
Тармақ 23
23. Ұйым құжаттарды, ақпараттарды инспекциялық сұратуларда көрсетілген мерзімде беруден бас тартқан жағдайда, тексеруді тапсырмада белгіленген мерзімде өткізу мүмкін болмай қалып, осы ереженің 7, 8 тармақтарының талаптары орындалмай қалған жағдайда, бұл туралы уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша хабарламасынан соң тексеру жетекшісінің шешімімен тексеру тоқтатылуы мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 24. Күшiн жойды деп танылған нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi
24. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шешіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының, эмитенттердің, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды оқытуды жүзеге асырушы ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегі N 110 қаулысына 2-қосымша Күшiн жойды деп танылған нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi Мына нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын инспекциялау жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 23-қыркүйектегi N 306  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 982 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" басылымдарында 2000 жылғы 1-16 қаңтар аралығында жарияланған);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Бағалы қағаздар эмитенттерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу тәртiбi жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 30-қыркүйектегi N 442  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 922 тiркелген, "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналының 1999 жылғы қазандағы санында жарияланған, N 10);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң алған лицензияларының және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарының сәйкестiгiне тексеру жүргiзу тәртiбi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 30-қыркүйектегi N 443  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 923 тiркелген, "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналының 1999 жылғы қазандағы санында жарияланған, N 10);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитет Төрағасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялауды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 8-қаңтардағы N 2-Б  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1392 тiркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенi", 2001 жыл, N 14);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн инспекциялау (тексеру) жүргiзуiне қойылатын негiзгi талаптары жөнiндегi ереженi бекiту туралы" 2001 жылғы 20-сәуiрдегi N 114  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1594 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" басылымдарында 2001 жылғы 27-тамыз - 9-қыркүйек аралығында жарияланған);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын инспекциялау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 23-қыркүйектегi N 306 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 15  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2189 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" басылымдарында 2003 жылғы 24-ақпан-9-наурыз аралығында жарияланған).