О введении единого национального тестирования Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңыңың 27 бабына сәйкес "Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы № 317 қаулысын орындау, білім берудің сапасын және білім беру ұйымдарының білім беру қызметін мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкимияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, "Облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Н. Мұхлисов): ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерін ұйымдастыру және ашу жөніндегі дайындық жұмыстарын 2004 жылғы 15 мамырға дейін аяқтасын; жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау мен орта кәсіптік (колледждер) және жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіруді қамтамасыз ететін ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Н. Шомбалов), "Облыстық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Қ. Әлжанова) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Облыстық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. Нүкенов) білім беру мекемелерін бітірушілерді бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Н. Әділов) ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырушы мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеу пункттерінде және олар тұратын жерлерде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қауіпсіздік шараларын алу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімініц бірінші орынбасары Есіркеповке жүктелсін.