О лицензировании отдельных видов деятельности Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоксандағы № 1894 «Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы» Заңын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Облыстың атқару органдары мына қызметтер бойынша лицензиялар беруге уәкілетті етілсін:
Тармақша 1
1) «Қостанай облысының энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті» мемлекеттік мекемесі: «Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату (жылу энергиясы көздерінен жылу қуатының жиынтығын қосқанда сағатына 100 Гкал дейін)»; «Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар (жылу қуатының жиынтығын қосқанда сағатына 100 Гкал дейін) мен құбырларды пайдалану»; «Қысыммен жұмыс істейтін сауыттарды (өнеркәсіптік тоңазытқыш қондырғыларының, тұрмыстық газ баллондарының құрамында) пайдалану; «Заңды тұлғалардың түрлі-түсті және қара металдардың сынығын және қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сатуы»;
Тармақша 2
2) «Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесі: «Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құрал-жабдықтарын және препараттарын пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтердің түрлері»;
Тармақша 3
3) «Қостанай облысының экономика және сауда департаменті» мемлекеттік мекемесі: «Тотализаторлар, казино ұйымдастыру және өткізу»; «Облыс аумағында лотереяларды (мемлекеттіктен (ұлттық) басқа) ұйымдастыру және өткізу».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген атқару органдары Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған тәртіп бойынша құрылтай құжаттарына қажетті толықтырулар енгізсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 46 «Тотализаторлар мен казино ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау құқығын беру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1482, «Костанайские новости» 2002 жылғы 4 маусым № 28, «Қостанай таңы» 2002 жылғы 28 мамыр № 43) шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 11 тамыздағы № 162 «Жылу энергиясы көздерінен жылу қуатының жиынтығын қосқанда сағатына 100 Гкал дейін жылу энергиясын өндіру, беру және тарату» лицензиялау қызметінің түрі туралы» шешімі жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.