О создании штаба при акимате Астраханского района по координации деятельности районных ведомств по формированию электронных списков, регистрации, учету избирателей Күшін жойған
Басқа 0
Астрахан ауданы әкімдігінің жанынан аудандық ведомстволардың сайлаушыларының электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметтерін үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлаушылардың тізімдерін жасаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымша бойынша, Астрахан ауданы әкімдігінің жанынан «Сайлаушы» ААЖ компьтерлік бағдарламасын қолдана отырып, электрондық деректер банкі түрінде сайлаушылардың тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі штаб құрылсын.
Тармақ 2
2. Беріліп отырған, Астрахан ауданы әкімдігінің жанынан аудандық ведомстволардың сайлаушыларының электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметтерін үйлестіру жөніндегі штаб (бұдан әрі - аудандық штаб) туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық штабтың дербес құрамы бекітуге мәслихатқа ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық штаб қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратный ұйымдастыру-бақылау бөліміне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Б.Собескийге жүктелсін.
Басқа 6
Астрахан ауданы әкімдігінің 2004 ж.
«08» сәуір №85 «Астрахан ауданы
әкімдігінің жанынан аудандық
ведомстволар сайлаушыларының
электрондық тізімін түзу, оларды
тіркеу және есепке алу жөніндегі
қызметтерін үйлестіру жөніндегі
штаб құру туралы» қаулысымен
Бекітілді
Астрахан ауданы әкімдігі жанынан құрылған аудандық ведомстволар сайлаушыларының электрондық тізімдерін түзу, оларды іріктеу және есепке алу жөніндегі қызметтерін үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Аудандық штаб сайлаушылардың электрондық тізімдерінің дұрыстығын және оларды «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы режимінде өндеу мүмкіндігін, аудандық ведомстволар мен ауылдық округ әкімі аппараттарының жергілікті жерлерде сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Аудандық штаб аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Аудандық штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Аудандық штабтың міндеттері
2. Аудандық штабтың міндеттері
Тармақ 4
4. Аудандық штабтың міндеттері:
Тармақша 1
1) аудандық ведомстволар, жергілікті жерлердегі ауылдық округ әкімдері аппараттары бойынша сайлаушылар жөніндегі электрондық деректер банкінің болуына мүмкіндік беретін, қолданыстағы «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасының негізінде сайлаушылардың тізімдерін түзу жөніндегі іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 2
2) сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ауылдық округ әкімдері аппараттарының «Сайлау туралы» Заңының сайлаушылардың тізімдерін жасау және оларға мерзімінде түзету енгізу бөлігіндегі талаптарын уақтылы әрі сапалы орындаудағы жауапкершілігін арттыру.
Тарау 3. 3. Аудандық штабтың құқықтары.
3. Аудандық штабтың құқықтары.
Тармақ 5
5. Аудандық штабтың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және өз құзыретінің шегінде:
Тармақша 1
1) ауылдық округ әкімдерінің, аудандық ведомстволар басшыларының есептерін тыңдауға;
Тармақша 2
2) халықты тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың тізімдерін сапалы жасау, оларды тіркеу және есепке алу бөлігіндегі талаптарын, сондай-ақ облыстық штабтың шешімдерін тиісінше орындауды қамтамасыз етпеген аудандық ведомстволар басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне тәртіптік жаза шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Тарау 4. 4. Жұмысты ұйымдастыру
4. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Аудандық штабтың төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның жұмысын жоспарлайды.
Тармақ 7
7. Аудандық штабтың төрағасы орнында болмаған кезде, отырыстар оның орынбасарының төрағалық етуімен өткізіледі.
Тармақ 8
8. Аудандық штабтың кезекті отырысының күн тәртібін аудандық штаб мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, төраға немесе оның орынбасары жасайды.
Тармақ 9
9. Аудандық штаб отырысының мерзімділігі айына бір реттен сирек болмауы керек.
Басқа 25
Астрахан ауданы әкімдігінің 2004 ж.
«08» сәуір №85 «Астрахан ауданы
әкімдігінің жанынан аудандық
ведомстволар сайлаушыларының
электрондық тізімін түзу, оларды
тіркеу және есепке алу жөніндегі
қызметтерін үйлестіру жөніндегі
штаб құру туралы» қаулысына қосымша
Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық ведомстволар сайлаушыларының электрондық тізімін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі штабтың ҚҰРАМЫ
Мартыновская
Людмила Петровна
аудан әкімінің аппарат басшысы, төраға
Удовиченко
Виктор Алексеевич
аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Мирошниченко
Иван Михайлович
аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, төрағаның орынбасары
Әменова
Дина Есетқызы
аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы
Галиева
Зайнап Магсумовна
аудан әкімінің құқық мәселелері жөніндегі кеңесшісі
Сейілов
Қазез Жайдақұлы
аудандық жұмыспен қамту бөлімінің директоры
Фартовская
Людмила Ивановна
аудандық статистика бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Мұқышев
Амандық Сәкенұлы
Аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясының бастығы
Циммер
Марина Михайловна
Аудан әкімі аппаратының компьютерлік техника операторы