Об утверждении положения государственного учреждения «Управление по мобилизационной подготовке, территориальной обороне и гражданской защите Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына және «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 129 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыруды қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыруды қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы «20» маусымдағы
№ 150 қаулысымен
бекітілген
«Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тармақ 1
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарма, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқару функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тармақ 2
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) жұмылдыру дайындығы және соғыс уақытына жұмылдыру салаларында жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) құзыреті шегінде облыстық ауқымдағы азаматтық қорғау, аумақтық қорғаныс саласында жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу, сондай-ақ оның салдарын жою кезінде босқындарға көмек көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
заңды және жеке тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
кеңестер алу, арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін консультанттарды (тәуелсіз сарапшыларды) тарту;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу;
Басқарма қызметінің бағыттары бойынша жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
жергілікті әскери басқару органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен әскерге шақыру (құрама) пункттерін ұстау бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыстық басқармалардың, аудандық және қалалық атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын (келісім бойынша) тыңдау;
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау мақсаттары үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік, ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
облыс әкіміне жұмылдыру дайындығын, аумақтық қорғанысты және азаматтық қорғауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырыстарында қарау үшін жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау салаларына тартылған мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру және жақсарту жөнінде мәселелер мен ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты игерілуін қамтамасыз ету;
жүктелген функцияларды орындаудың заңдылығын сақтауды қамтамасыз ету;
Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыс аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсету, облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
Тармақша 3
3) әскери міндеттілерді брондау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 4
4) облыс шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен облыстың жұмылдыру жоспарларын әзірлеу, келісу және бекіту, сондай-ақ облыс шегінде жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 7
7) облысты жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру кезеңіне, соғыс жағдайына және соғыс уақытына тауарлар өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
Тармақша 9
9) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 10
10) мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканы жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөнінде іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын қарау және келісуге енгізу;
Тармақша 12
12) облыс шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және жеткізуді, құрама пункттерге немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техниканы жеткізуді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында олардың басқаруындағы облыстық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтаждары үшін беруді ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) қорғаныс мақсатында көлік және басқа да техникалық құралдардың есебін және жұмылдыру әзірлігін үйлестіру;
Тармақша 15
15) азаматтарды әскери есепке алуды және әскери қызметке дайындауды, оларды әскери қызметке шақыруды, әскери жиындарды және жұмылдыру бойынша шақыруды ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының қорғаныс мүддесінде аумақты жедел жабдықтау іс-шараларын жоспарлауды және орындауды ұйымдастыру және қорғаныс мақсатында коммуникацияларды даярлауды қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) облыс шегінде арнаулы құрылымдар құруды ұйымдастыру және олардың қызметін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделерінде міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы экономикасының және халқының тыныс-тіршілігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың тапсырыстары бойынша халықты және аумақты қорғанысқа дайындауға, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникациялар мен байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық керек жарақпен қамтамасыз етуді үйлестіру, оларды күтіп-ұстауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді, электр энергиясын, жылыту және байланыс қызметтерін төлеу, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар қорын құру, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен жиындар өткізу;
Тармақша 20
20) аумақтық әскерлердің аумақтық органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабының келісімі бойынша облыс аумақтарының іс-қимыл, аумақтық қорғаныс, жедел жабдықтау жоспарларын әзірлеу және бекітуге енгізу;
Тармақша 22
22) қорғаныс саласындағы өз қызметін әскери басқару органдарымен үйлестіру және келісу;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың қорғаныс кеңесін құру үшін қажетті құжаттарды дайындау;
Тармақша 24
24) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға қатысу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 25
25) халықты және ұйымдарды азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 26
26) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруды, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 27
27) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншікті қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 28
28) азаматтық қорғау басқармасының облыстық аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарын құруды және оларды тұрақты әзірлікте ұстауды ұйымдастыру;
Тармақша 29
29) аварияларды, төтенше жағдайларды тергеп-тексеруге комиссия құрамына қатысу;
Тармақша 30
30) азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және жою жөніндегі жергілікті бюджеттің атқарылуын бекітілген бюджеттік тағайындауларға сәйкес қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 31
31) төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
Тармақша 32
32) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың облыстық аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету үшін қажетті құжаттарды дайындау;
Тармақша 33
33) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемін айқындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және оны жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстау жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 34
34) игеріліп жатқан кен орындары аудандарында және сейсмикалық қауіпті өңірлерде қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
Тармақша 35
35) құлақтандыру мен ақпараттандырудың техникалық құралдарын орналастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 36
36) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
Тармақша 37
37) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 38
38) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде дала өрттерін, сондай-ақ өрттерді сөндіруді ұйымдастыру;
Тармақша 39
39) жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға қаражат бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 40
40) төтенше жағдайларды болғызбау, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардаптарды жою және залалды азайту жөнінде шаралар әзірлеу және қабылдау;
Тармақша 41
41) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосалқы және жылжымалы басқару пункттерін құруды ұйымдастыру;
Тармақша 42
42) облыстың авариялық және шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметімен ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
Тармақша 43
43) жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау саласында келіп түскен петицияларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау;
Тармақша 44
44) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен Басқарма жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 45
45) аумақтық әскерлерді ұстауды қамтамасыз ету;
Тармақша 46
46) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
Тармақ 3
Тармақ 16
16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысын облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін және Басқарманың басшысы тағайындайтын өзге де қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 3
3) Басқарма актілеріне қол қояды;
Тармақша 4
4) Басқарма бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма мүдделерін білдіреді, Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді, Басқарма мүдделерін ұсынуға сенімхат береді;
Тармақша 6
6) ерлер мен әйелдердің жұмыс тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) Басқарманың барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 9
9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 4
Тармақ 19
19. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тармақ 5
Тармақ 22
22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығын және жұмылдыруды қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.