Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление ветеринарии Восточно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Келісілді» Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы _______________Ф. Бельбеев 2024 жылғы «20» маусым Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы «20» маусымдағы № 148 қаулысымен бекітілді «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тармақ 1
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын және Шығыс Қазақстан облысы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: 070018, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Борис Керімбаев көшесі, 19.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тармақ 2
Тармақ 12
12. Міндеттері: 1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
Тармақша 2
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
Тармақша 3
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерден аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
Тармақша 5
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
Тармақша 6
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою; 8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері: 1) құқықтары: мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, жеке тұлғалардан өзінің функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату; басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) міндеттері: Шығыс Қазақстан облысының аумағында эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар мен міндеттер.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;
Тармақша 4
4) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
Тармақша 6
6) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
Тармақша 7
7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
Тармақша 9
9) мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
Тармақша 12
12) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
Тармақша 13
13) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;
Тармақша 16
16) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
Тармақша 17
17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;
Тармақша 18
18) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
Тармақша 21
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
Тармақша 22
22) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
Тармақша 23
23) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
Тармақша 24
24) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 25
25) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 26
26) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 27
27) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 28
28) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 29
29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
Тармақша 30
30) жергілікті атқарушы органға профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы ұсыныс енгізу;
Тармақша 31
31) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;
Тармақша 32
32) мемлекеттік сатып алу, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету, ұсыну;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды оларды беру процесінде ішінара іріктеу;
Тармақша 34
34) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастыру;
Тармақша 35
35) ветеринария саласындағы петицияларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау;
Тармақша 36
36) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақша 37
37) орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды пайдалануды қамтамасыз етеді;
Тармақша 38
38) ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды;
Тармақша 39
39) қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін инвестициялар тартуға ықпал етеді.
Тармақ 3
Тармақ 15
15. Басқармаға басшылықты Басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Басқарманың бірінші басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқарманың бірінші басшысы бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер болып табылады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарма реттейтін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;
Тармақша 4
4) Басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті актілер шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) Басқарма актілеріне қол қояды;
Тармақша 6
6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) шарттар жасасады;
Тармақша 9
9) сенімхаттар береді;
Тармақша 10
10) банк шоттарын ашады;
Тармақша 11
11) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 12
12) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Басқарма Басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 4
Тармақ 20
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тармақ 5
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Өскемен-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Риддер-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 3
3) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Глубокое-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 4
4) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Зайсан-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 5
5) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Қатонқарағай-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 6
6) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Күршім-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 7
7) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Алтай-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 8
8) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Самар-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 9
9) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Тарбағатай-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 10
10) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Ұлан-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 11
11) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Шемонаиха-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.