О реорганизации коммунального государственного учреждения «Центр социального обслуживания» отдела занятости и социальных программ Сайрамского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №32941 тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын:
Тармақша 1
1)Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2)Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа тақырыпта бекітілсін.
Тармақ 3
3. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген коммуналдық мемлекеттік мекемелерді заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының 1-тармағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерді бөлу балансы 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» және Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылсын.
Тармақ 8
8. Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 21 мамырдағы «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» №172 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевқа жүктелсін.
Басқа 14. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 243 қаулысына 1-қосымша Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Басқа 15. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 243 қаулысына 2-қосымша Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына және басқа қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес құрастырылды.
Тармақ 3
3. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ары қарай - «мекеме») жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйым болып табылады. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеменің меншік түрі: Коммуналдық.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылғы маусымдағы № 243 қаулысымен құрылды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – Сайрам ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 7
7. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, индекс 160800, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Саттарханов көшесі №60
Тарау 2. 2. Мекеменің заңдық мәртебесі
2. Мекеменің заңдық мәртебесі
Тармақ 9
9. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы жазылған мөрі, бланкілері болады.
Тармақ 10
10. Мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 11
11. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапта болады.
Тармақ 12
12. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 13
13. Мекеме қызметінің мәні аудан аумағында мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Мекеме қызметінің мақсаты:
Тармақша 1
1) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 2
2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
Тармақша 4
4) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 6
6) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
Тармақша 7
7) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысуымен өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) тұрмыстық зорлық - зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру;
Тармақша 9
9) консультациялық көмекті жүзеге асырады, бағалау жүргізеді және адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаждығын айқындайды;
Тармақша 10
10) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қамту жөніндегі жұмысты ерте анықтау және үйлестіру жөніндегі мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 11
11) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдардың уақытша тұруын ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға, адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардар болуын арттыруға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған халық арасында оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізуді жүзеге асырады. 13 талдамалық жазбалар мен есептер жасайды, адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмек пен қолдаудың тиімділігіне мониторинг жүргізеді.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және аудан аумағында тұратын көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың қиын жағдайларын еңсеруде ынтасын арттыру және қаржылық жағдайын түзеу.
Тармақ 15
15. Мекемеге осы ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тиым салынады.
Тарау 4. 4. Мекемені басқару
4. Мекемені басқару
Тармақ 16
16. Мекемені басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Тиісті саланың уәкілетті органы заңмен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мекемеге мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 5
5) мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 6
6) Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 8
8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
Тармақша 10
10) жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша мекемені қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 11
11) осы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Сайрам ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Мекеме басшысы тиісті саланың өкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органмен тағайындалатын қызметкерлерден басқа мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.
Тармақ 20
20. Мекеме басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, жергілікті атқарушы органға тікелей бағынады және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 21
21. Мекеме басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын оның құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.
Тармақ 22
22. Мекеме басшысының жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
Тармақ 23
23. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 3
3) келісім шарттар жасасады;
Тармақша 4
4) сенімхат береді;
Тармақша 5
5) мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді отандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банктік шоттар ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мекеменің өзге де басшылық қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы жарғыда (ережеде) және жергілікті атқарушы органда өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
Тармақ 24
24. Мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
Тармақша 1
1) меншік иесі оған берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден;
Тармақ 25
25. Мекеме өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тармақ 26
26. Мекеменің қызметін бюджеттен жергілікті атқарушы орган қаржыландырады.
Тармақ 27
27. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.
Тармақ 28
28. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және тексеруді Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Мекемедегі жұмыс режимі
6. Мекемедегі жұмыс режимі
Тармақ 29
29. Мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 30
30. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі және "заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
Тарау 8. 8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 31
31. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік заңды тұлға заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
Тармақ 33
33. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мекеменің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Тармақ 34
34. Кредит берішілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған мекеменің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
Басқа 95. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 243 қаулысына 3-қосымша Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Басқа 96. Бөлу балансы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы», Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» мен Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің құқықтық мирасқоры Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық
Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 243 қаулысына 4-қосымша Бөлу балансы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы», Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» мен Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің құқықтық мирасқоры Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 01.01.2024 ж. АКТИВТЕР Код Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ есепті жылдың басында есепті күні есепті жылдың басында есепті күні есепті жылдың басында есепті күні 1 2 3 4 5 6 7 8 I. Қысқа мерзiмдi активтер Ақшалай қаражат және олардың баламалары 010 0.00 0.00 0 Қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары 011 Бюджеттiк төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек 012 Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек 013 Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi 014 Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек 015 Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар 016 Қызметкерлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi 017 Жал бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек 018 Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектер 019 Қорлар 020 2 991.90 0.00 0 Берiлген қысқа мерзiмдi аванстар 021 Өзге қысқа мерзiмдi активтер 022 Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек 023 Қысқа мерзiмдi активтердiң жиыны 100 2 991.90 0.00 0.00 0.00 0.00 0.00 II. Ұзақ мерзiмдi активтер Ұзақ мерзiмдi қаржылық инвестициялары 110 Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешегi 111 Жал бойынша ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешек 112 Өзге ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешектер 113 Негiзгi құралдар 114 1 510.60 30.60 167 537.90 Аяқталмаған құрылыс және күрделi салымдар 115 Инвестициялық жылжымайтын мүлiк 116 Биологиялық активтер 117 Материалдық емес активтер 118 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұзақ мерзiмдi қаржылық инвестициялар 119 Өзге ұзақ мерзiмдi активтер 120 Ұзақ мерзiмдi активтердiң жиыны 200 1 510.60 0.00 30.60 0.00 167 537.90 0.00 БАЛАНС 4 502.50 0.00 30.60 0.00 167 537.90 0.00 МIНДЕТТЕМЕЛЕР, ТАЗА АКТИВТЕР/КАПИТАЛ Қысқа мерзiмдi қаржылық мiндеттемелерi Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек 2 3 4 5 4 5 6 Бюджетке төленетiн төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек 210 Басқа да мiндеттi және ерiктi төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек 211 Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек 212 Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек 213 Стипендианттарға қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек 214 Қызметкерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек 215 Төленуге тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар 216 Жал бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек 217 Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектер 218 Қысқа мерзiмдi бағалау және кепiлдiк мiндеттемелерi 219 Өзге қысқа мерзiмдi мiндеттемелерi 220 Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек 221 Қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiнiң жиыны 222 IV. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер 223 Ұзақ мерзiмдi қаржылық мiндеттемелер 224 Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек 300 0.00 0.00 0.00 0.00 0.00 0.00 Жал бойынша ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек Бюджет алдындағы ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек 310 Ұзақ мерзiмдi бағалау және кепiлдiк мiндеттемелерi 311 Өзге ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерi 312 Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерiнiң жиыны 313 V. Таза активтер/капитал 314 Өзге ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерi 315 Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерiнiң жиыны 400 V. Таза активтер/капитал Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландыру 410 Резервтер 411 Жинақталған қаржылық нәтиже 412 4 502.50 30.60 0.00 167 537.90 Таза активтер/капитал жиыны 500 4 502.50 0.00 30.60 0.00 167 537.90 0.00 БАЛАНС 4 502.50 0.00 30.60 0.00 167 537.90 0.00 Баланстан тыс шоттар Жалға алынған активтер 610 Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар 620 Қатаң есептегi бланктер 630 Төлеуге қабiлетсiз дебиторлардың есептен шығарылған берешегi 640 Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшiн оқушылар мен студенттердiң берешегi 650 Кепілі спорттық жүлделерi мен кубоктары 660 Жолдамалар 670 Әскери техниканың оқулық құралдары 680 Мәдени мұра активтерi 690 Жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүлік меншігіне айналдырылған (түскен) бағаланған 700