О мерах по развитию хоккея в области Қолданыста
Басқа 0
Облыста хоккейді дамытудың шаралар туралы
Облыста хоккейді одан әрі дамыту мен қайта құру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыста хоккейді дамыту жөніндегі шаралар бекітілсін (тіркеліп отыр).
Тармақ 2
2. Мыналарға:
Облыстың білім департаментіне (Н.С. Силкин), облыстың туризм және спорт басқармасына (Т.Ф. Мамашев), облыс қалалары мен аудандарының әкімдеріне аталған іс-шараларды орындау жөніндегі қажетті шараларды қолдану;
Павлодар қаласының әкіміне (Н.И. Чмых) облыс орталығында деңгейлі хоккей командасын құру мен хоккей корты құрылысын жүргізу мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс туризм және спорт басқармасының бастығы Т.Ф. Мамашевке жүктелсін.
Басқа 4. Павлодар облысында хоккейді дамытудың ІС – ШАРАЛАРЫ
Облыс әкімінің 1998 жылғы
7 желтоқсан № 354
Шешіміне қосымша
Павлодар облысында хоккейді дамытудың ІС – ШАРАЛАРЫ
№
р/с
Шаралар
Жауаптылар
Мерзімі
1.
Жаппай сырғанау және хоккей ойнау үшін жаппай білім беретін мектептер мен тұрғын үйлер жанындағы катоктарға жыл сайын су құюды ұйымдастыру
Облыс қалаларының әкімдері, облыс білім департаменті
1998 жылғы желтоқсанның 20-на дейін
2.
Шешінетін орындары бар және жарық түсіп тұратын хоккей қоршауларын салу:
Павлодарда - 6;
Екібастұзда – 4;
Ақсуда - 3
Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері
1998 жылғы желтоқсанның 20-на дейін
3.
Облыс бойынша қаржы басқармасының облыстық спорт мектебінің хоккей бөлімшесін қаржыландыруына қарастыру
Облыс бойынша қаржы басқармасы, облыс білім департаменті
1999 жылғы қаңтардың 1-нен бастап
4.
Жыл сайын жасөспірімдер мен балалар арасында «Золотая шайба» - «Жұлдызша» ойындарынан жарыс өткізу
облыс білім департаменті, облыс туризм және спорт басқармасы
жыл сайын желтоқсан – ақпан айларында
5.
Қазақстан Республикасы чемпионатының ойындарын өткізу үшін облыс орталығында жабық хоккей кортын салу туралы ұсыныс енгізу
Павлодар қаласының әкімі
қаңтар 1999 жыл