Об определении приоритетных направлений расходов бюджета Мамлютского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджеті шығыстарының басым бағыттарын айқындау туралы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген, бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бюджетінің басым шығыстары айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджеті шығыстарының басым бағыттары
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 180 қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджеті шығыстарының басым бағыттары
Тармақ 1
1. Қаражаттың факт жүзінде түсуі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылатын шығыстар.
Тармақ 2
2. Бюджеттік субвенциялар.
Тармақ 3
3. Қаражаттың факт жүзінде түсуі бойынша республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын шығыстар.
Тармақ 4
4. Қаражаттың факт жүзінде түсуі бойынша облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын шығыстар.
Тармақ 5
5. Борыштық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер.
Тармақ 6
6. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар.
Тармақ 7
7. Бюджетке төленетін салық төлемдері.
Тармақ 8
8. Жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер.
Тармақ 9
9. Тамақтандыруды ұйымдастыру және азық-түлік сатып алу бойынша қызметтер.
Тармақ 10
10. Дәрі-дәрмек сатып алу.
Тармақ 11
11. Банктік қызметтерге ақы төлеу.
Тармақ 12
12. Субсидиялар.
Тармақ 13
13. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.
Тармақ 14
14. Іссапар және қызметтік жол жүрулер.
Тармақ 15
15. Отын сатып алуға арналған шығыстар (ғимараттарды жылыту бөлігінде).
Тармақ 16
16. Коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, ғимараттарды жалға алуға ақы төлеу.
Тармақ 17
17. Аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді аудару.
Тармақ 18
18. Жанар-жағармай материалдарын сатып алу.
Тармақ 19
19. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің шығыстары.
Тармақ 20
20. Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары. Қалған төлемдер шоттардың төлемге түсу кезектілігі тәртібімен жүргізіледі.