Об утверждении Положениие коммунального государственного учреждении «Молодежный ресурсный центр» отдела внутренней политики Мактааральского района в новой редакции Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына, «Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 444 бұйрығына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Ресурстық орталық) Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мақтаарал ауданы әкімдігінің «Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанан кейін оның Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 232 қаулысы жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы «21» маусым № 445__ қаулысына қосымша Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ресурстық орталығы) өз құзыреті шегінде ақпараттық – әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдауды, жастар ортасындағы ахуалға мониторинг пен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 2
2. Ресурстық орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ресурстық орталықтың осы ережесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқытық актілерге сәйкес әзірленді және Жастар ресурстық орталықтың (бұдан әрі - Ресурстық орталық) мәртебесімен өкілеттіктерін айқындайды.
Тармақ 4
4. Ресурстық орталықтың қызметі жастардың әлеуметтік және жеке дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған.
Тармақ 5
5. Ресурстық орталық жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету мақсатында құрылады.
Тармақ 6
6. Ресурстық орталықты құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру Мақтаарал ауданы әкімдігінің құзыретіне жатады.
Тармақ 7
7. Ресурстық орталықтың құрылтайшысы Мақтаарал ауданының әкімдігі болып табылады (бұдан әрі – Құрылтайшы).
Тармақ 8
8. Ресурстық орталықтың уәкілетті органы «Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі – Уәкілетті орган).
Тармақ 9
9. Осы Ереже Ресурстық орталықтың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Ресурстық орталық ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 11
11. Коммуналдық мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Ресурстық орталықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкі, қазынашылық органында шоттары болады.
Тармақ 13
13. Ресурстық орталықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарында жауапкер немесе талапкер болады.
Тармақ 14
14. Ресурстық орталықтың құрылымы мен штаттық санын құрылтайшысы бекітеді.
Тармақ 15
15. Мекеменің толық атауы: Мемлекеттік тілде: Мактаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Молодежный ресурсный центр» отдела внутренней политики Мактааральского района.
Тармақ 16
16. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Мақтааарал ауданы, Мырзакент кенті, Жеңіс көшесі, 10 ғимарат, индекс 160547.
Тармақ 17
17. Ресурстық орталық өз қызметін Ресурстық орталықтың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін мүдделі мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Ресурстық орталықтың міндеттері, функциялары
2-тарау. Ресурстық орталықтың міндеттері, функциялары
Тармақ 18
18. Ресурстық орталық Жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, бастамаларды қолдау және жастарға консультациялық қолдау көрсету және жастардың өзін-өзі дамуы үшін ашық кеңістік құру арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.
Тармақ 19
19. Ресурстық орталықтың қызметін жоспарлау және жүзеге асыру жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделеді.
Тармақ 20
20. Ресурстық орталықтың қызметі Ресурстық орталықтың ғимаратында және жастар көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жастардың бастамаларын консультациялық сүйемелдеу және қолдау;
Тармақша 3
3) жастар ортасындағы жағдайға талдау және мониторинг жүргізу.
Тармақ 22
22. Ресурстық орталық қызметінің бағыты бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу: жастарға Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру; soft-skills дамыту бойынша курстар өткізу-түйіндемені сауатты құрастыру, коммуникативтік дағдылар, әңгімелесуден тиімді өту әдістері; жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және лайықты еңбек мәселелері бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
Тармақша 2
2) бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту: өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару және т. б.), жастардың құзыреті мен дербестігі; өмірлік маңызды дағдылар мен бейресми білімді дамытуға бағытталған жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
Тармақша 3
3) жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу: цифрлық және медиа сауаттылық мәселелері бойынша жастарға кеңес беру; жастарға арналған цифрлық және медиа сауаттылық бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру; робототехника, бағдарламалау және ақпараттық технологиялар бойынша үйірмелер мен клубтардың қызметін ұйымдастыру.
Тармақша 4
4) жастарға психологиялық көмек көрсету; психологпен жеке және эмоциялық мәселелер бойынша кеңес беру; жастармен психологиялық тренингтер мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу; жастардың психикалық денсаулығы бойынша жастар жобаларын әзірлеу және іске асыру.
Тармақша 5
5) жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсету: жастар мен жастар ұйымдары үшін заң кеңестерін көрсету; жастар арасында құқықтық сауаттылық бойынша курстар ұйымдастыру және өткізу; жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу; жастар ұйымдары үшін заң көмегін көрсету.
Тармақша 6
6) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу: кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелері және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жастарға кеңес беру және ақпараттандыру; кәсіпкерлік құзыреттер бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу; жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау; жастар арасында кәсіпкерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
Тармақша 7
7) жастар ортасында Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту: волонтерлік қызмет және жас еріктілерді қолдау мүмкіндіктері туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру; жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша оқыту курстарын, мектептерді, лагерьлерді, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру; жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру үшін волонтерлік ұйымдармен, білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала ұйымдарымен ынтымақтастық; волонтерлік бастамаларды қолдау және волонтерлік ұйымдармен және жастардың бастамашыл топтарымен бірлескен іс-шараларды іске асыру; жастар ортасында Волонтерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
Тармақша 8
8) жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу: отбасы-неке мәселелері бойынша жас отбасыларға кеңес беру; некені тіркеуге өтініш берген жас адамдармен жұмыс; қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
Тармақша 9
9) жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу: жастар ұйымдарына, жастардың өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шаралары туралы кеңес беру және ақпараттандыру; іс-шаралар өткізу үшін жастар ұйымдарын, қозғалыстарды және жастардың өзін-өзі басқару органдарын залдар мен үй-жайларды ұсыну; жастар ұйымдарының, қозғалыстардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу; жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының бастамаларын қолдау; жастар ұйымдарымен, қозғалыстармен және жастардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу.
Тармақша 10
10) жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау: жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау мәселелері бойынша жастарға және жастар ұйымдарына кеңес беру және ақпараттандыру; жобаларды басқару мәселелері бойынша жастар ұйымдары, қозғалыстар, жастардың өзін-өзі басқару органдары, жастардың бастамашыл топтары үшін курстар, мектептер, лагерьлер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу; жастар жобалары мен бағдарламалары туралы мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу; жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде тұрақты жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бағалау.
Тармақша 11
11) ақпараттық кеңістікті кеңейту;
Тармақша 12
12) үздік тәжірибелер каталогын құру;
Тармақша 13
13) ресурстық орталықтардың қызметін жарықтандыру;
Тармақша 14
14) жастардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау. Жоғарыда көрсетілген функциялар, олардың әрқайсысының шеңберінде мақсатты топтың қажеттілігін бағалау, жастарды жоспарлау мен бағалауға тарту, консультациялық сүйемелдеу, тренингтер өткізу, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру
Тармақ 23
23. Ресурстық орталықтың басшысы Ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 24
24. Ресурстық орталықтың басшысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің құрылымына кіретін Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысына тікелей бағынады және өзіне жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.
Тармақ 25
25. Ресурстық орталықтың басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және ресурстық орталық қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын өзінің құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 26
26. Ресурстық орталықтың қызметін жүзеге асыру кезінде Ресурстық орталықтың басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Ресурстық орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) барлық ұйымдарда Ресурстық орталықтың мүдделерін білдіреді;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;
Тармақша 4
4) шарттар жасайды;
Тармақша 5
5) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ресурстық орталықтардың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) Ресурстық орталықтың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 7
7) Ресурстық орталық қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 8
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады.
Тармақ 27
27. Ресурстық орталықтың басшылық лауазымына педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заңгерлік, техникалық білімі және жастармен жұмыс тәжірибесі бар адамдар жіберіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Ресурстық орталықтың жұмыс тәртібі
4-тарау. Ресурстық орталықтың жұмыс тәртібі
Тармақ 28
28. Ресурстық орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. Ресурстық орталығының мүлкі
5-тарау. Ресурстық орталығының мүлкі
Тармақ 29
29. Ресурстық орталықтың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуі мүмкін.
Тармақ 30
30. Ресурстық орталықтың мүлкі оған меншік иесі берілген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 31
31. Ресурстық орталыққа бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 32
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ресурстық орталық, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6-тарау. Ресурстық орталықты тарату және қайта ұйымдастыру
6-тарау. Ресурстық орталықты тарату және қайта ұйымдастыру
Тармақ 33
33. Ресурстық орталықты тарату және қайта құру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.