О науке и технологической политике Қолданыста
Басқа 0
Ғылым және технологиялық саясат туралы
бүкіл мәтін бойынша «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда», «Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келуін уәкілетті органның ресми тану рәсімі;
Тармақша 2
2) ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке тұлға;
Тармақша 3
3) ғылым – функциялары табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам қызметінің саласы;
Тармақша 4
4) ғылыми әдеп – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ұстанатын әдеп қағидаттарының, қағидалары мен нормаларының жиынтығы;
Тармақша 5
5) ғылыми бағыттар сыныптауышы – ғылым бағыттарын сыныптауды және кодтауды белгілейтін құжат;
Тармақша 6
6) ғылыми-білім беру консорциумы – ғылыми ұйымдар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және басқа да заңды тұлғалар, оның ішінде өндіріс саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, технологиялық инновацияларды әзірлеу және біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласындағы бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті теңқұқықты уақытша бірлестік;
Тармақша 7
7) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама – болжанатын ғылыми-техникалық жұмыстың мазмұнын қамтитын, жоспарланған жұмыстарды жүргізудің мақсаттары мен міндеттері, олардың өзектілігі, жаңалығы, ғылыми-практикалық маңыздылығы мен орындылығы негізделген ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді білдіретін құжат;
Тармақша 8
8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіру (пайдалану) – жаңа өнімді немесе жаңа технологияны меңгерудің ғылыми-өндірістік циклінің қорытынды сатысын іске асыруға бағытталған қызмет;
Тармақша 9
9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру – жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикада қолданумен байланысты, кіріс алуға бағытталған қызмет;
Тармақша 10
10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, экономиканың басым секторлары шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін қаражат;
Тармақша 11
11) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталығы (офисі) – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дербес немесе өзге де білім беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлімшесі;
Тармақша 12
12) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы зияткерлік қызмет нәтижесі (бұдан әрі – зияткерлік қызмет нәтижесі) – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің немесе өзге де қызметтің нәтижесінде алынған өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалардың топологиялары, бағдарламалық қамтылымдар және зияткерлік қызметтің басқа да нәтижелері;
Тармақша 13
13) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы есеп – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыру нәтижелері мен тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын құжат;
Тармақша 14
14) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркеліп-белгіленген жаңа білім немесе шешімдер, сондай-ақ өндіріске ендірілген ғылыми әзірлемелер мен технологиялар, жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;
Тармақша 15
15) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясат – ғалымдар мен ұйымдардың ғылым және техника, ғылыми-техникалық жетістіктерді коммерцияландыру, жаңа технологиялар жасауды ынталандыру саласындағы қызметінің негізгі басымдықтарын, мақсаттарын, бағыттарын, қағидаттары мен тәртібін айқындайтын әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі;
Тармақша 16
16) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есеп – ғылыми-техникалық жұмыстың іске асырылуы туралы ақпаратты, ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды әрі қарай жүргізудің орындылығы не аяқталған ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарламаның нәтижесі туралы ақпаратты қамтитын құжат;
Тармақша 17
17) ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденуге, зерттеулер, эксперименттер жүргізуге байланысты жұмыс;
Тармақша 18
18) ғылыми зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;
Тармақша 18-1
18-1) ғылыми зерттеулерге арналған грант – қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін қаражат;
Тармақша 19
19) ғылыми инфрақұрылым – ғылыми зертханалық және инженерлік жабдық, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс, бірегей объектілер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға арналған өзге де жылжымалы және жылжымайтын мүлік;
Тармақша 20
20) ғылыми қызмет – зерделенетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында қоршаған болмысты зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет;
Тармақша 21
21) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;
Тармақша 22
22) ғылыми тағылымдама – ғалымдардың «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберіндегі тағылымдаманы қоспағанда, ғылыми зерттеулердің таңдап алынған бағыты бойынша кәсіптік құзыреттерін дамыту мақсатында шетелдік және (немесе) отандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі жетекші білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда тағылымдамадан өтуі;
Тармақша 23
23) ғылыми-техникалық ақпарат – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық және өндірістік қызмет барысында алынатын, зерттеулердің ұлттық және шетелдік нәтижелері және ғылымның, техниканың, технологиялардың жетістіктері туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат;
Тармақша 24
24) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық, әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылым, техника және өндіріс салаларында жаңа білім алуға және оны қолдануға, нәтижелерді коммерцияландыруды және осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
Тармақша 25
25) ғылыми-технологиялық саясат – ғылымды дамытудың негізгі мақсаттарын, бағыттарын, қағидаттарын және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау тетіктерін айқындайтын мемлекеттік технологиялық саясаттың бір бөлігі;
Тармақша 26
26) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;
Тармақша 27
27) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіру мен басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 28
28) жетекші ғалым – уәкілетті органның тиісті талабында айқындалған ғылыми жетістіктері мен көрсеткіштері бар, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар ғалым;
Тармақша 29
Тармақша 30
30) индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум – бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін ғылыми ұйымдар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және кәсіпкерлік субъектілері қалыптастырған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті теңқұқықты уақытша бірлестік;
Тармақша 31
31) инженерлік-техникалық жұмыскер – ғылыми ұйымда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында не кәсіпорында жұмыс істейтін, кәсіптік орта немесе жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізуге және оны іске асыруға жәрдемдесетін жеке тұлға;
Тармақша 32
32) «Қазақстан ғылымы» бірыңғай цифрлық жүйесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет процестерін, ғылымды қаржыландыру нысандары бойынша конкурстық рәсімдерді, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы, ғылыми-техникалық ақпаратты талдауды, жинауды, өңдеуді, ғылыми-техникалық электрондық кітапхана мен цифрлық архивті, Қазақстан ғалымдарының бірыңғай дерекқорын және қазақстандық ғалымдардың ғылыми дәйексөздерін келтіру жүйесін цифрландыруды қамтамасыз етуге арналған цифрлық объект;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі – ғылым саласында аса зор жетістіктері бар, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы сайлайтын ғалым;
Тармақша 34
34) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;
Тармақша 35
35) қолданбалы ғылыми зерттеу – практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған зерттеу;
Тармақша 36
36) мемлекеттік тапсырыс – уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру, ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру нысанында бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы;
Тармақша 37
37)
астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы –
астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы;
Тармақша 38
38) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 39
39) сервистік компания – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін қажетті консалтингтік, инжинирингтік, сертификаттау, патенттеу жөніндегі және басқа да көрсетілетін қызметтерді ұсынатын заңды тұлға;
Тармақша 40
40) стартап-компания – инновацияларды әзірлейтін дара кәсіпкер немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын, қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың қатысуымен құрылған заңды тұлға;
Тармақша 41
41) стратегиялық ғылыми зерттеулер – стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми зерттеулер;
Тармақша 42
42) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау кезінде орындалатын жұмыстар кешені;
Тармақша 43
43) тәжірибелік өндіріс – заңды тұлғаның тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді, жаңа өнімдерді, әдістерді, процестер мен жүйелерді тестілеуге, дайындауға және сынақтан өткізуге арналған өндірістік алаңы;
Тармақша 44
44) технологиялар трансфері – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін, білімді, технологияларды және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды ендіргенге дейінгі оларды беру процесі;
Тармақша 45
45) толық ғылыми цикл жобасы – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері іске асыратын, ғылымды қамтитын өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға бағытталған үйлестірілген ғылыми, ғылыми-техникалық жұмыстар кешені;
Тармақша 46
46) Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» – бірыңғай портал арқылы инновациялық қызмет пен инновацияларды дамытуды қолдау шараларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін цифрлық объект;
Тармақша 47
47) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тысқары жерлерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер;
Тармақша 48
48) іргелі ғылыми зерттеу – табиғат, қоғам, адам дамуының негізгі заңдылықтары мен олардың өзара байланысы туралы жаңа ғылыми білім алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеу;
Тармақша 49
49) эндаумент-қор (нысаналы капитал) – нысаналы капитал қорының
эндаументтері (нысаналы салымдары) мен инвестициялық кірісі, сондай-ақ меншікті қаражаты есебінен қалыптастырылатын және (немесе) толықтырылатын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылатын нысаналы капитал қорының мүлкі.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат
туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындау кезінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Тармақ 4
4. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып реттеледі.
Бап 3
3-бап. Осы Заңның негiзгi мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Ғылымды дамыту, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктер нәтижелерін ендіру бойынша ғылыми-технологиялық саясатты іске асыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті салааралық үйлестіру осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заң мынадай қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) процеске барлық қатысушының өзара іс-қимылы кезіндегі транспаренттілік;
Тармақша 2
2) ғылым саласындағы мемлекеттiк ғылыми-технологиялық саясатты iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізуге, кіріс алуға тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беру;
Тармақша 4
4) экономиканың басым секторларында ғылымды, ғылыми-техникалық қызметті экономикалық тұрғыдан ынталандыру;
Тармақша 5
5) білім беру, ғылым, өндіріс және даму институттарының күш-жігерін интеграциялау.
Тармақ 3
3. Осы Заңның мақсаттарына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыру және ғылым мен техника саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу;
Тармақша 2
2) ғылымның тиімді жұмыс істеуі және ғылыми-технологиялық саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту;
Тармақша 4
4) ғылыми қызметкерлер мен ғылыми ұйымдардың мәртебесін арттыру;
Тармақша 5
5) ғылымды өндіріспен интеграциялау;
Тармақша 6
6) ғылымды кадрлық, материалдық-техникалық, ғылыми-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету.
Бап 4
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмейтін бөлігінде ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңда реттелген құқықтық қатынастарға гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қаражатынан, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттардан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулерді жүргізу бөлігіндегі құқықтық қатынастарға сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының күші қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМ, ҒЫЛЫМИ
ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМ, ҒЫЛЫМИ
ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
Бап 5
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым, ғылыми және
(немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында:
Тармақша 1
1) ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың, сондай-ақ ғылым саласындағы ғылыми-технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылымның, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясын (бұдан әрі – Жоғары ғылыми-техникалық комиссия) құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
3-1) Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің құрамын айқындайды;
Тармақша 4
4) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын құрады;
Тармақша 5
5) зерттеу университеті мәртебесін береді және оның даму бағдарламасын бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 6
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) ғылым, ғылыми-техникалық қызмет және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады және мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты және
астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы есебінен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіреді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес айқындайтын ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың басым бағыттарын, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді әзірлейді және оларды Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның бекітуіне ұсынады.
Биологиялық қауіпсіздік саласын қозғайтын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары шеңберінде ғылыми зерттеулерді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріледі;
Тармақша 6
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастырады және қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуын жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
10) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;
Тармақша 13
13) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына «зерттеу университеті» мәртебесін беру қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14
14) технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігі деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15
15) ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 16
16) салалық уәкілетті органдардың,
астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 17
17) ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шығыстардың нормалары мен үлгілік шарттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18
18) «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 19
19) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын (бұдан әрі – ғылымды қаржыландыру қағидалары) әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 20
20) бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады;
Тармақша 21
21) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді және жариялайды;
Тармақша 22
22) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) бюджет қаражаты есебінен және берілетін салықтық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 24
24) аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстар авторларына арналған жыл сайынғы конкурстарды өткізеді;
Тармақша 25
25) ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26
26) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;
Тармақша 27
27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28
28) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 29
29) ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 30
30) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 31
31) дәрежелерді беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 32
32) үміткерлерді іріктеу және олардың ғылыми тағылымдамалардан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 33
33) ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 34
34) еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35
35) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 36
36) ғылыми бағыттар сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 37
37) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 38
38) апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 39
39) ғылыми-техникалық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 40
40) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 41
41) коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 42
42) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 43
43) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтері құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 44
44) осы Заңның және Қазақстан Республикасы заңнамасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 45
45) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7
7-бап. Салалық уәкілетті органның құзыреті
Салалық уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты, ғылым және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы ғылыми-технологиялық саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
Тармақша 2
2) тиісті салада іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 3
3) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;
Тармақша 4
4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады және олардың тиісті салада іске асырылуын жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;
Тармақша 6
6) ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарына қосу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді;
Тармақша 7
7) базалық қаржыландыру субъектілері мен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді;
Тармақша 8
8) ғылымды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 9
9) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 11
11) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысады;
Тармақша 12
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8
8-бап. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ғылым,
ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреті
Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органдары ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында:
Тармақша 1
1) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
Тармақша 3
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
Тармақша 5
5) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік субъектілердің), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада ғылым жөніндегі кеңестерді құрады;
Тармақша 7
7) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикада қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысады;
Тармақша 8
8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 10
10) ғылымды дамытудың басым бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 11
11)
астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 12
12)
астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді.
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың
жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру және олар бойынша есептерді бекіту тәртібі ғылымды қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленеді.
Тарау 3. 3-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІ
3-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Бап 9
9-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылады.
Тармақ 2
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне шығармашылық еркіндікке, жосықсыз бәсекелестіктен қорғауға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке қатысуға, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға арналған конкурстарға қатысуға тең құқыққа кепілдік беріледі және олар қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда зияткерлік меншік объектілерін сату немесе сатуға ұсыну құқығын қоса алғанда, оларды пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ұлттық қауiпсiздiкке төнетін қатерді болғызбау жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын, халықаралық шарттар шеңберінде іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ғылыми-білім беру консорциумдарын құруға құқылы.
Бап 10
10-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге
асыратын жеке тұлғалар
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми қызметкерлер, инженерлік-техникалық және өзге де жұмыскерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті өз бетінше жүзеге асыратын ғалымдар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылады.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалардың ғылымды қаржыландыру қағидалары мен конкурс шарттарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысуына құқығы бар.
Бап 11
11-бап. Ғылыми ұйымдар
Тармақ 1
1. Қызметінің негізгі түрлері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылатын заңды тұлға ғылыми ұйым болып табылады.
Ғылыми ұйым жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік меншік құқығына негізделген, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы
ғылыми ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдар болып табылады.
Ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен пайдалануға құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі ғылыми ұйымдар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі ғылыми ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдар болып табылады. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы әрбір келесі тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жалғыз жоғары ғылыми ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы өз қызметін ғылымның аса маңызды бағыттары бойынша жүргізілетін іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Мемлекет қатыспайтын заңды тұлға түрінде құрылған академияларға өз атауында «ұлттық» деген сөзді кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында жұмыс істейтін академиялар, қоғамдық бірлестіктер болып табылатын ғалымдардың шығармашылық одақтары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық саясатты іске асыруға, ғылымды дамытудың басым бағыттарын әзірлеуге, ғылыми сыйлықтар алуға ұсынылған ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды ғылыми-техникалық сараптауға қатысады, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін ғалымдарды кәсіби жұмылдыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Бап 12
12-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының ғылыми қызметі
Тармақ 1
1. Білім беру қызметімен қатар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, инновациялық қызмет, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы жүзеге асыратын қызметтің негізгі түрлері болып табылады.
Тармақ 2
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ олардың ғылыми қызметкерлерінің ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді пайдалануға, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға арналған конкурстарға қатысуға тең құқығы бар.
Тармақ 3
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары оқу-білім беру процесіне ғылымның озық жетістіктерін ендірумен қатар оқыту процесіне ғылыми, ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғалымдарын, оның ішінде шетелдік ғалымдарды тартуға құқылы.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ғылыми зертханаларды, ғылыми-зерттеу институттарын, тәжірибелік өндірістерді, жобалық-конструкторлық ұйымдарды, сондай-ақ ғылыми-білім беру консорциумдарын құруға құқылы.
Тармақ 5
5. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі зерттеу университеті мәртебесін бере алады.
Бап 13
13-бап. Зерттеу университеті
Тармақ 1
1. Зерттеу университеті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен университетті дамыту бағдарламасын іске асыратын және іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға және ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске ендіруге қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы болып табылады.
Тармақ 2
2. Зерттеу университетінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен білім беру процесін интеграциялау;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске ендіру жөніндегі қызмет.
Тармақ 3
3. Зерттеу университеті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының стандарттарын өз бетінше әзірлейді және іске асырады. Білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттарына және оларды меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттарда белгіленетін тиісті бағдарламаларынан төмен бола алмайды.
Тармақ 4
4. Зерттеу университеті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау кезінде бейіндік бағыттың қосымша талаптарын белгілеуге құқылы.
Бап 14
14-бап. Ғылым саласындағы өзге де ұйымдар
Қызметінің негізгі түрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет болып табылмайтын ұйымдар өздерінің құрылтай құжаттарында бекітілген міндеттерді шешу мақсатында өз құрылымында ғылыми бөлімшелер құруға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ
АКАДЕМИЯСЫ, ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘЗІРЛІК ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ
АКАДЕМИЯСЫ, ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘЗІРЛІК ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
Бап 15
15-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын (бұдан әрі – Ұлттық ғылым академиясы) Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғары ғылыми ұйым нысанында құрады.
Тармақ 2
2. Ұлттық ғылым академиясы өз құрамында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сайланатын Ұлттық ғылым академиясына мүше жеке тұлғаларды біріктіреді.
Тармақ 3
3. Ұлттық ғылым академиясы:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді;
Тармақша 3
3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді;
Тармақша 4
4) ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулер дайындауды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді;
Тармақша 6
6) ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 7
7) ғылыми журналдар шығарады;
Тармақша 8
8) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысады;
Тармақша 9
9) ғылымды танымал етуге қатысады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жоғары орган – қамқоршылық кеңес (бұдан әрі – кеңес);
Тармақша 2
2) өкілді орган – Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс);
Тармақша 3
3) консультативтік-кеңесші орган – төралқа (бұдан әрі – төралқа);
Тармақша 4
4) атқарушы орган – басқарма (бұдан әрі – басқарма).
Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары, олардың құрылымы, құзыреті, басқару органдарын қалыптастыру тәртібі, олардың мүшелерінің өкілеттік мерзімдері, олардың шешімдер қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен Ұлттық ғылым академиясының жарғысында (бұдан әрі – жарғы) белгіленеді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын адам кеңес төрағасы болып табылады.
Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау;
Тармақша 2
2) ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
Тармақша 4
4) Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында (жиналыстарында) мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау;
Тармақша 5
5) Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау.
Кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасында, кеңес туралы жарғы мен ережеде белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыра алады.
Тармақ 6
6. Кеңес мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды.
Тармақ 7
7. Кеңес отырысы жылына кемінде бір рет өткізіледі. Кезектен тыс отырыс басқарманың шешімі бойынша не кеңес мүшелерінің кемінде жиырма пайызының талап етуі бойынша өткізіледі.
Тармақ 8
8. Кеңес мүшелері алдағы отырыс туралы кемінде үш күн бұрын хабардар етілуге тиіс.
Тармақ 9
9. Отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің кемінде жиырма пайызының талап етуі бойынша шешім қабылдау жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Кеңес отырысын – төраға, ол болмаған кезде кеңес мүшелерінің бірі жүргізеді.
Тармақ 11
11. Кеңестің шешімі кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады.
Тармақ 12
12. Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады.
Жиналыстың құрамына уәкілетті орган айқындайтын Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес сайланған Ұлттық ғылым академиясының академиктері кіреді.
Жиналыстың сандық құрамы мен өкілеттік мерзімдері жарғыда белгіленеді.
Тармақ 14
14. Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау;
Тармақша 2
2) құрметті атақтар мен наградалар беру;
Тармақша 3
3) Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
Тармақша 4
4) Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
Тармақша 5
5) Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау;
Тармақша 6
6) Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
Жиналыс Қазақстан Республикасының заңнамасында және жарғыда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыра алады.
Тармақ 15
15. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады.
Тармақ 16
16. Жиналыс отырысына жиналыс мүшелерінің көпшілігі қатысқан кезде ол құқықтық күші бар деп танылады.
Тармақ 17
17. Жиналыс төрағасының құқықтары мен міндеттері жарғыда белгіленеді.
Тармақ 18
18. Жиналыс мүшелерінің немесе оның төрағасының әрекеттеріне жиналыс отырысында шағым жасалуы мүмкін.
Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті болып табылады.
Тармақ 19
19. Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді.
Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады.
Төралқа жиналыс отырысында кемінде үш жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады.
Өтпелі төралқаны қоспағанда, төралқа жиналыстың шешімімен құрылады.
Тармақ 20
20. Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Ұлттық ғылым академиясының академигі бағдарламасының орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Ұлттық ғылым академиясы басылымдарының (журналдарының, монографияларының) жоспарын қарау және бекіту;
Тармақша 5
5) Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің төсбелгілерін, ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, наградалар (медальдар) және куәліктер бекітуге ұсынымдарды тұжырымдау;
Тармақша 6
6) ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманың орындалуын үйлестіру.
Төралқа Қазақстан Республикасының заңнамасында және жарғыда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыра алады.
Тармақ 21
21. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан екі реттен артық қайта сайлана алмайды.
Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде бір рет шақырылады.
Отырыс кеңестің, жиналыстың бастамасы бойынша не талап етуі бойынша шақыру туралы талап келіп түскен күннен бастап үш күннен кешіктірілмей шақырылуы мүмкін.
Төралқа отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды және оның шешімдерінің орындалуын басқарма қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. Ұлттық ғылым академиясының ағымдағы қызметіне басшылықты басқарма жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы басқарма төрағасы болып табылады.
Басқарма кеңес, жиналыс және төралқа шешімдерінің негізінде және оларды орындау үшін әрекет етеді және оларға есеп береді.
Тармақ 23
23. Басқарманың сандық құрамы мен өкілеттік мерзімі жарғыда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Басқарма отырысын төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады.
Тармақ 24
24. Басқарма отырысына басқарма мүшелерінің көпшілігі қатысқан кезде ол құқықтық күші бар деп танылады.
Тармақ 25
25. Басқарма төрағасының құқықтары мен міндеттері жарғыда белгіленеді.
Тармақ 26
26. Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық құрылымы мен штат санын әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
Тармақша 2
2) Ұлттық ғылым академиясының даму жоспарын және оның орындалуы туралы есептерді әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
Тармақша 3
3) кеңестің, жиналыстың, төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктері және қызметінің өзге де нәтижелері туралы басқарма есебін бекіту;
Тармақша 5
5) Ұлттық ғылым академиясының филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту.
Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында және жарғыда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыра алады.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Ұлттық ғылым академиясының академигіне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мөлшерде және тәртіппен өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгіленеді.
Тармақ 28
28. Ұлттық ғылым академиясының қызметі бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 29
29. Ұлттық ғылым академиясының мүлкі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты;
Тармақша 2
2) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін түсімдер (кірістер);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
Ұлттық ғылым академиясы өз мүлкін тек қана жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.
Тармақ 30
30. Ұлттық ғылым академиясы өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Бап 16
16-бап. Технологиялардың әзірлік деңгейі
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, оның нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ұсынған ғылыми зерттеулер кезеңінің әзірлену мен аяқталу дәрежесін бағалау технологиялардың әзірлік деңгейі болып табылады.
Тармақ 2
2. Ғылыми зерттеулер кезеңінің пысықталу мен аяқталу дәрежесін бағалау ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу барысында технологиялардың әзірлік деңгейін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қолда бар материалдық, техникалық және кадрлық ресурстарының жай-күйін бағалау ұйымдарға аккредиттеу жүргізу барысында олардың технологиялық әзірлік деңгейін айқындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 17
17-бап. Ғылыми-техникалық кеңестер
Тармақ 1
1. Реттелетін салалардағы салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жанынан ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басым бағыттары жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында ғылыми-техникалық кеңестер құрылады.
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды салалық уәкілетті органдар жанындағы ғылыми-техникалық кеңестер қарайды.
Тарау 5. 5-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
5-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
Бап 18
18-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқару
Стратегиялық, сараптамалық және әкімшілік функциялардың бөлінуін сақтай отырып, Қазақстан Республикасында ұлттық ғылыми жүйені дамыту және оның жұмыс істеуі мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқаруды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
Тармақша 3
3) Жоғары ғылыми-техникалық комиссия;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) апелляциялық комиссия;
Тармақша 6
6) ұлттық ғылыми кеңестер;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган;
Тармақша 8
8) салалық уәкілетті органдар;
Тармақша 9
9)
астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Бап 19
19-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқару
қағидаттары
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқару мынадай қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басымдығы;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ашықтығы, объективтілігі және теңдігі;
Тармақша 3
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жасаудың объективтілігі мен тәуелсіздігі;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеулердің экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігі;
Тармақша 5
5) ғылымды, білім беру мен өндірісті интеграциялау;
Тармақша 6
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру;
Тармақша 7
7) технологиялар трансфері.
Бап 20
20-бап. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия
Тармақ 1
1. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаттары, мемлекеттік органдардың, Ұлттық ғылым академиясының басшылары, жетекші ғалымдар, білімнің әртүрлі салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және республикалық ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 3
3. Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
Тармақша 2
2) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау;
Тармақша 3
3) ғылым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы басым ғылыми зерттеулерді айқындау;
Тармақша 4
4) ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көлемдерін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемдерін айқындау;
Тармақша 6
6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін ғылыми-техникалық тапсырмаларды айқындау;
Тармақша 7
7) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін айқындау.
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер.
Бап 21
21-бап. Апелляциялық комиссия
Тармақ 1
1. Апелляциялық комиссия алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның ғалым болып табылатын мүшелерінің қатарынан қалыптастырылады.
Апелляциялық комиссияның төрағасы апелляциялық комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.
Тармақ 3
3. Конкурстарға қатысушылардың жолданымдары мен уәкілетті органның ұсынымдарын, оның ішінде ғылыми әдеп қағидаларын сақтау мәселелерін қарау тәртібі апелляциялық комиссия туралы ережеде белгіленеді.
Тармақ 4
4. Апелляциялық комиссияның шешімдерін ұлттық ғылыми кеңестер, уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар не уәкілетті орган айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар міндетті түрде орындауға тиіс.
Тармақ 5
5. Апелляциялық комиссияның жұмыс органын уәкілетті орган айқындайды.
Бап 22
22-бап. Ұлттық ғылыми кеңестер
Тармақ 1
1. Ұлттық ғылыми кеңестер уәкілетті органның жанынан ғылым бағыттары бойынша құрылған алқалы органдар болып табылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық ғылыми кеңестердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған басымдықтарға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттарды қалыптастыру;
Тармақша 2
2) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бөлінетін қаржыландыру нысандары мен көлемдерін айқындау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындыларын ескере отырып, ұсынылып отырған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын, ғылыми-техникалық деңгейін, перспективалылығын, әзірлену дәрежесін, технологиясының әзірлік деңгейін, олардың арнаулы бағыттарға немесе техникалық тапсырмаларға сәйкестігін, сұралатын қаржыландыру көлемінің экономикалық тұрғыдан негізділігін бағалау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми бағыттардағы қажеттіліктерін бағалау;
Тармақша 5
5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын конкурстық іріктеуді жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ұсынатын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылуын мониторингтеу қорытындыларын қарау, осындай есептер мен мониторингтеу қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарын салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің, құзыретті қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатарынан, бұл ретте әрбір ұлттық ғылыми кеңес құрамының кемінде үштен бірін мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады.
Тармақ 4
4. Ұлттық ғылыми кеңестер ашық дауыс беру арқылы:
ғылыми-зерттеу жұмыстарының, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын;
ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігіндегі басқа да бағдарламаларды;
Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын;
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын уәкілетті орган айқындаған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалардың немесе тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберіндегі бюджет қаражаты есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату), іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдер қабылдайды.
Тармақ 5
5. Ұлттық ғылыми кеңестер ашық дауыс беру арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру (сатып алу) туралы техникалық тапсырма (шарт) және есеп, кәсіпкерлік субъектілерінің қаражаты есебінен ғылыми орталықтар үшін сатып алынған жабдықты пайдалануға беру актісі бар техникалық тапсырма (шарт) және есеп бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар міндетті түрде орындауға тиіс.
Тармақ 7
7. Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері нақты мәселелерді қарау кезінде өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы туралы кеңесті хабардар етуге міндетті және кеңес қабылдайтын шешімдердің объективтілігі мен негізділігі үшін жауапты болады.
Тармақ 8
8. Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді қабылдайды.
Тармақ 9
9. Ұлттық мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама орталығы Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелерi болып табылатын қазақстандық және шетелдiк ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, ұлттық ғылыми кеңестердiң қызметiн ұйымдастыруды бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi.
Тармақ 10
10. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереженің құрылымына ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің ғылыми әдеп қағидалары кіреді.
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесінің ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің ғылыми әдеп қағидаларының талаптары мен ережелерін бұзуы оны ұлттық ғылыми кеңестің құрамынан шығаруға негіз болып табылады.
Бап 23
23-бап. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы
Тармақ 1
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары сараптамасын әкімшілендірудің бірыңғайлығын, оның тәуелсіздігін, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын құрады.
Тармақ 2
2. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері іске асыратын, бюджет қаражаты және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыруды және ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасы нәтижелерінің қорытындыларын және сараланған тізімдерін ұлттық ғылыми кеңестерге жібереді;
Тармақша 4
4) орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін бағалайды;
Тармақша 5
5) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуын мониторингтеуді және оның қорытындыларын ұлттық ғылыми кеңестерге жіберуді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) қазақстандық және шетелдік сарапшылардың құрамын сапалы іріктеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, қазақстандық ғалымдар қатарынан сарапшылар құрамын іріктеуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының деректер банктерін қалыптастырады, сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) өз қызметін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 11
11) бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардан, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінен функцияларды жүзеге асыру және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
Тармақша 3
3) ғылыми зерттеулерге сараптама жүргізу және мониторингті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен өзге де ұйымдарды, қазақстандық және (немесе) шетелдік ғалымдарды тартуға;
Тармақша 4
4) белгіленген тәртіппен шетелдік ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
Тармақша 5
5) ғылыми-техникалық қызмет саласында консультативтік-кеңесші органдар құруға;
Тармақша 6
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамыту мәселелері жөніндегі іс-шараларды өткізуге;
Тармақша 7
7) баспа қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бап 24
24-бап. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау
Тармақ 1
1. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау ғылыми жетістіктерді, инновациялар мен жаңа технологиялар нарығын мониторингтеу, олардың бейімделу әлеуетін бағалау және оларды өнеркәсіп салалары, өнеркәсіп субъектілері бөлінісінде озық технологиялармен және ғылыми ұйымдардың технологиялық әзірлік деңгейімен сәйкестендіру үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау мынадай мақсаттарда іске асырылады:
Тармақша 1
1) ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді мемлекеттік ынталандыру шараларын жүйелі және ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ғылымды мемлекеттік ынталандыру шараларының қосылған құны жоғары тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру технологияларын әзірлеуге бағытталуы;
Тармақша 3
3) өнеркәсiптік өндiрiстердiң технологиялылығын арттыру үшін ғылыми-практикалық шешiмдер iздестiру;
Тармақша 4
4) экономика секторларының ғылыми-технологиялық және сынақ базасын орнықты дамыту;
Тармақша 5
5) отандық технологияларды жасау және өндіріске ендіру және нарыққа шығару бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге әлеуетті тапсырыс берушіні айқындау;
Тармақша 6
6) тәжірибелік-конструкторлық, ғылыми-технологиялық және сынақ базасын дамыту үшін ғылыми инфрақұрылымды қолдау;
Тармақша 7
7) қосылған құны жоғары Қазақстанда шығарылған тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің экспорттық әлеуетін дамыту жағдайларын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
Тармақ 3
3. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ғылыми жетістіктер, ноу-хау, инновациялар және зияткерлік меншік объектілері туралы ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері арасында ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылуына және олардың нәтижелеріне кешенді талдау жүргізу;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру нәтижелерінің деректер банктерін қалыптастыру;
Тармақша 5
5) ғылыми-техникалық ақпаратты талдауды әдістемелік және ұйымдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен «Қазақстан ғылымы» бірыңғай цифрлық жүйесі немесе Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» арқылы ғылыми-техникалық ақпаратты алуына құқығы бар.
Тармақ 5
5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің жоспарлары ғылыми жетістіктер мен инновациялар жөніндегі өзекті ақпарат ескеріле отырып іске асырылады.
Бап 25
25-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
Тармақ 1
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын талдамалық бағалауды дайындау мақсатында сараптама қорытындыларының тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, анықтығы, толықтығы мен негізділігі қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бюджет қаражаты және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы құзыретті қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді, олардың негізгі міндеттері ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-зерттеу қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын, ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейін, өзектілігін, перспективалығын, әзірлену дәрежесін, технологияларының әзірлік деңгейін және сұралатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін ескере отырып, объектілерді сараптамалық бағалау болып табылады.
Қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшыларды іріктеу олардың мамандануына және қаралатын өтінімге үлестес болмаған кезде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми метрикалық көрсеткіштер негізінде үш жылға жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге сарапшыларды тарту үшін шетелдік сарапшылардың дерекқоры жасалады, олардың кандидатураларын шетелдік жетекші университеттер, ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылым академиялары мен ғылыми қоғамдастықтар ұсынады.
Тармақ 4
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын бағалауға тартылған ғалымдар, сарапшылар, оның ішінде шетелдік ғалымдар, сарапшылар сараптамаға ұсынылған материалдардың құпиялылығын сақтауға және коммерциялық құпиясының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 26
26-бап. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды,
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру жобаларын және ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
туралы есептерді мемлекеттік есепке алу
Тармақ 1
1. Іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы есептерді мемлекеттік есепке алу ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетінің серпінін мониторингтеу мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері бюджет қаражаты есебінен және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуға ұсынуға міндетті.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары және олардың орындалуы жөніндегі есептер құпия ақпаратты және коммерциялық құпияны ашпайтын нысанда ұсынылады.
Тармақ 3
3. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін комерцияландыру жобаларын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы есептерді мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз етеді және уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау жөніндегі есептерді қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау жөніндегі есептер уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.
Бап 27
27-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ерікті аккредиттеу рәсіміне жатады. Мемлекеттік қаржыландыруға қатысатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері міндетті аккредиттеу рәсіміне жатады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуді олардың технологиялық әзірлік деңгейін ескере отырып, олардың қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Бап 28
28-бап. Ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеу
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды базалық қаржыландыру және қаржыландыру шеңберінде немесе гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша бекітілген сомалар шегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге тиісті дипломы немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:
философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде;
философия докторы дәрежесі (PhD) және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, бейіні бойынша доктор дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 42 еселенген мөлшерінде;
философия докторы (PhD) дәрежесі және профессор ғылыми атағы, бейіні бойынша доктор дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 50 еселенген мөлшерінде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және профессор ғылыми атағы, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 50 еселенген мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді.
Тармақ 3
3. Ғылыми зерттеулерді аккредиттелген ғылыми ұйымдармен немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағында орындайтын шетелдік ғалымдарға, сондай-ақ өз қызметін шетелде жүзеге асыратын қазақстандық ғалымдарға еңбекақы төлеу олардың біліктілігі ескеріле отырып, шарт негізінде жүргізіледі.
Бап 29
29-бап. Ғылыми қызметкерлердің демалысы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге арналған өздеріндегі қолда бар қаражат шегінде бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленіп, ғылым докторларына ұзақтығы күнтізбелік елу алты күн, ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға күнтізбелік қырық екі күн, өзге ғылыми қызметкерлерге күнтізбелік отыз бес күн ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
Тармақ 2
2. Ұжымдық шартта белгіленген жағдайларда, мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге арналған өздеріндегі қолда бар қаражат шегінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленіп, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс берілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі жетекші білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтар мен зертханаларда, оның ішінде шетелде біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өту мақсатында бір жылға дейінгі мерзімге демалыс беріледі. Бұл ретте демалыс уақытында бұл адамның жалақысы сақталмай жұмыс орны мен лауазымы сақталады.
Тармақ 4
4. Демалыс беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ішкі құжаттарында белгіленеді.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рецензияланатын баспаларда (журналдарда) ғылыми еңбектерді дайындау мен жариялауды қоса алғанда, ғылыми және ғылыми-педагогикалық сипаттағы жұмыстарды аяқтау мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдардың осы ұйымда кемінде бес жылды құрайтын үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі болған кезде ұйымның өз қаражаты есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, бір жылға дейінгі мерзімге шығармашылық демалыс алуға құқығы бар. Шығармашылық демалыс он жылда бір реттен көп берілмейді. Шығармашылық демалыс аяқталғаннан кейін жетекші ғалым осы ұйымда үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Жетекші ғалым шығармашылық демалыс кезеңінде өзге жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырған жағдайда, шығармашылық демалыс күшін жояды.
Тармақ 6
6. Шығармашылық демалыс беру, сондай-ақ жұмыспен өтеу немесе шығыстардың орнын толтыру тәртібі мен шарттары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың ішкі құжаттарында белгіленеді.
Бап 30
30-бап. Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық және (немесе) ғылыми-зерттеу жұмысында кемінде бес жыл еңбек өтілі бар ғылыми қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда тұрғын үй сатып ала алады немесе тұрғын үй жағдайын жақсарта алады.
Тармақ 2
2. Негізгі жұмыс орны ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері болып табылатын, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмысында кемінде үш жыл еңбек өтілі бар қырық жастағы ғалымдарды қоса алғандағы жас ғалымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда тұрғын үй сатып ала алады немесе тұрғын үй жағдайын жақсарта алады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлері және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері денсаулық сақтау ұйымдарында белгіленген тәртіппен медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады.
Тармақ 4
4. Ғылыми қызметкерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 31
31-бап. Ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғалымдарын,
ғылыми қызметкерлерін көтермелеу шаралары
Тармақ 1
1. Көтермелеу мақсатында ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғалымдары, ғылыми қызметкерлері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылуы;
Тармақша 3
3) үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары, ғылым саласындағы аса зор жетістіктері үшін жыл сайынғы сыйлықтарды алуға ұсынылуы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылуы;
Тармақша 5
5) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:
мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге;
ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған, қырық жастағы ғалымдарды қоса алғандағы жас ғалымдарға да берілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреттері шегінде уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Білім алушыларды, ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді, қырық жастағы ғалымдарды қоса алғандағы жас ғалымдарды көтермелеу шарасы ретінде
эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың)
инвестициялық кірісі қаражатынан стипендия төленуі мүмкін.
Бап 32
32-бап. Ғылыми, ғылыми-техникалық кадрларды даярлау, қайта даярлау
және тағылымдамадан өткізу
Тармақ 1
1. Жоғары білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар ғылыми ұйымдар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары өздері үшін басым бағыттар бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және тағылымдамадан өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Ғылыми, ғылыми-техникалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және тағылымдамадан өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен отандық та, сол сияқты шетелдік те ғылыми ұйымдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Бап 33
33-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
нәтижелеріне құқықтар
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауы шеңберінде жасалған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар, егер олардың арасындағы шартта өзгеше айтылмаса, оларға ортақ түрде тиесілі болады.
Тармақ 2
2. Егер шартта ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тиесілі екені көзделсе, онда жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бұл нәтижелерді өз өндірісінде пайдалануға өтеусіз айрықша емес лицензияға құқығы сақталады.
Тармақ 3
3. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері алған зияткерлік меншік объектілеріне құқық ғылыми ұйымдарға, егер олардың және зияткерлік меншік объектісінің авторы (авторлары) арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, тиесілі болады.
Тармақ 4
4. Мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар не мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерді қамтитын зияткерлік меншік объектілерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, шектерде және тәртіппен жол беріледі.
Тарау 6. 6-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
6-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Бап 34
34-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті
қаржыландыру
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) базалық қаржыландыру;
Тармақша 2
2) гранттық қаржыландыру;
Тармақша 3
3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру;
Тармақша 4
4) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.
Тармақ 3
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру ғылымды қаржыландыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және шарттарда бір мезгілде әртүрлі қаржыландыру нысандары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі немесе дербес білім беру ұйымы мен уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган не уәкілетті орган айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында оны іске асырудың бүкіл мерзіміне жасалады, бірақ ол бес жылдан аспауға тиіс.
Бап 35
35-бап. Базалық қаржыландыру
Тармақ 1
1. Базалық қаржыландыру уәкілетті органда аккредиттелген және салалық уәкілетті орган айқындаған, олар үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырманы және (немесе) мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдарға және мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдарға, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына бөлінеді.
Тармақ 2
2. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарға базалық қаржыландыру бөлінбейді.
Базалық қаржыландыру субъектілерін қаржыландыруды уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырады.
Базалық қаржыландыру бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдалану туралы есепті базалық қаржыландыру субъектілері уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға ұсынады.
Базалық қаржыландыру субъектісі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдалану туралы есепте көрсетілетін ақпараттың анықтығы мен құқыққа сыйымды болуын қамтамасыз етеді.
Салалық уәкілетті органдар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландырудың бюджет қаражатын пайдалану туралы жиынтық есепті уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 3
3. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, жетекші ғалымдарға, әкімшілік және қызмет көрсету персоналына еңбекақы төлеуге, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғағаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық қолдап отыруға арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.
Тармақ 4
4. Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесін салалық уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті орган қалыптастырады және бекітеді.
Соңғы екі жыл ішінде ғылыми зерттеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырма және (немесе) мемлекеттік тапсырыс алмайтын базалық қаржыландыру субъектілері базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесінен шығарылуға тиіс. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша жұмыстарды үшінші тұлға (бірлесіп орындаушылар) ретінде орындай отырып, соңғы бес жыл ішінде үздіксіз базалық қаржыландыруды алатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесінен алып тасталуға жатпайды.
Бап 36
36-бап. Гранттық қаржыландыру
Тармақ 1
1. Гранттық қаржыландыру ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға
ғылыми зерттеулерге арналған грант және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант түрінде
бөлінеді.
Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органдары
астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін гранттық қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Гранттық қаржыландыру ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған шығыстарын қамтиды.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган жүзеге асыратын гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемдерін Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес ұлттық ғылыми кеңестердің ұсынымдарын ескере отырып бекітеді. Гранттық қаржыландыру көлемдері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссияның қарауына жатады.
Тармақ 4
4. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары тең шарттармен қатысады. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс ғылымды қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Тармақ 6
6. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары гранттық қаржыландыруға қатысуға өтінімдерді конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға береді.
Тармақ 7
7. Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган берілген өтінімдерді тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қарауы үшін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына жібереді.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы өтінімдерді қоспағанда, ұлттық ғылыми кеңестер қарайтын өтінімдер тізбесі Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Тармақ 8
8. Гранттық қаржыландыру туралы шешімдерді ұлттық ғылыми кеңес шығарады және конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 9
9. Гранттық қаржыландыруды конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не уәкілетті орган айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы нәтижелерді қоспағанда, гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.
Тармақ 11
11. Ғылыми жобаның мақсаттарын өзгерту құқығынсыз оның тиімді орындалуын және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жобаның ғылыми жетекшісінің қаражатты ғылымды қаржыландыру қағидаларына сәйкес күнтізбелік жылға бекітілген жалпы көлем шеңберіндегі шығын баптары арасында қайта бөлуге құқығы бар.
Бап 37
37-бап. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
Тармақ 1
1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді және конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның шешімі бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы мақұлдануы мүмкін.
Тармақ 2
2. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған шығыстарын қамтиды.
Тармақ 3
3. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары, оның ішінде бірлесіп орындаушылар ретінде қатысады.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар индустриялық-ғылыми технологиялық консорциумдар құруға құқылы.
Тармақ 4
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Тармақ 5
5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға қатысуға өтінімдерді конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға береді.
Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган берілген өтінімдерді тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қарауы үшін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына жібереді.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы өтінімдерді қоспағанда, ұлттық ғылыми кеңестер қарайтын өтінімдердің тізбесі Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Тармақ 6
6. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға өтінімдерді Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға жібереді.
Тармақ 7
7. Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған конкурс жеңімпаздары ұлттық ғылыми кеңестердің шешімі негізінде айқындалады және оларды конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 8
8. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не уәкілетті орган айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Егер консорциумға қатысушылар конкурс нәтижелері бойынша келісімге қол жеткізбесе, онда ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама жөніндегі бас ұйымды уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 10
10. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы нәтижелерді қоспағанда, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының нәтижелері конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Тармақ 11
11. Қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар, атом энергиясын пайдалану, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс ғылымы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоспағанда, жекеше әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту кезінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібі ғылымды қаржыландыру қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 12
12. Ғылыми жобаның мақсаттарын өзгерту құқығынсыз оның тиімді орындалуын және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жобаның ғылыми жетекшісінің қаражатты ғылымды қаржыландыру қағидаларына сәйкес күнтізбелік жылға бекітілген жалпы көлем шеңберіндегі шығын баптары арасында қайта бөлуге құқығы бар.
Бап 38
38-бап. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми
ұйымдарды қаржыландыру
Тармақ 1
1. Іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдарды және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім беру, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласында және уәкілетті орган айқындайтын өзге де салаларда іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарды қаржыландыру бес жылдан аспайтын мерзімде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ағымдағы, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қамтиды.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдерді мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдар уәкілетті органға жібереді.
Іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға берілген өтінімдерді уәкілетті орган Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына және одан әрі тиісті ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына жібереді.
Уәкілетті орган іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдерді ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерімен бірге Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға жібереді.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдар ұлттық ғылыми кеңестерге жыл сайынғы есептерді ұсынады.
Бап 39
39-бап. Ғылымды дамытуды ынталандырудың мемлекеттік шаралары
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті ынталандырудың мемлекеттік шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру;
Тармақша 2
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері орындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды иемденуге арналған шығыстар бойынша салықтық жеңілдіктер мен салықтық шегерімдер ұсыну;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық ғылыми цикл жобалары мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру кезінде өнеркәсіп саласындағы қызметтің субъектілерін мемлекеттік қолдау.
Тармақ 2
2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша салықтық жеңілдіктер мен салықтық шегерімдер ұсынылған кезде уәкілетті орган Ұлттық ғылыми кеңестің техникалық тапсырма (шарт) жөніндегі шешімі негізінде адамдарға:
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі хабарламаны;
пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстары бойынша ғылыми орталық құру туралы хабарламаны;
ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі хабарламаны береді.
Хабарламаларды беру тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
Тарау 7. 7-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ
7-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ
Бап 40
40-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру
Тармақ 1
1. Мемлекет ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуды экономикалық тұрғыдан ынталандыруға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға, экономиканың басым секторларындағы технологияларды коммерцияландыруды қаржыландыруға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кепілдік береді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарға, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, оның ішінде өзге де тұлғалармен бірлесіп, қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикада қолдану (коммерцияландыру) болып табылатын ұйымдар құруға рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының зияткерлік меншік объектілеріне берілген мүліктік құқықтарға билік етуін олардың мүліктерінің меншік иесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Ұйым жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудан түскен кірістің бір бөлігін ғылыми зерттеу жүргізуді не оны коммерцияландыруды қаржыландыратын
эндаумент-қорға (нысаналы капиталға) бөлуге ж ол беріледі.
Тармақ 4
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары оның құрылғаны туралы тиісті салалық уәкілетті органды мемлекеттік тіркелген кезінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Тармақ 5
5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына салым ретінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды енгізуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына салым ретінде енгізілетін зияткерлік меншік объектілеріне құқықты бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акцияларды (қатысу үлестерін) басқару Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 41
41-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыруға қатысушылар
Мыналар:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері;
Тармақша 2
2) жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар;
Тармақша 4
4) стартап-компаниялар;
Тармақша 5
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтары (офистері);
Тармақша 6
6) сервистік компаниялар;
Тармақша 7
7) технологиялық парктер;
Тармақша 8
8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға инвестициялауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылар болып табылады.
Бап 42
42-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру тетіктері
Жеке және заңды тұлғалардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелеріне құқықтарын іске асыру ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері арқылы жүзеге асырылады, олар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне лицензиялық шартты және (немесе) оларға айрықша құқықтарды басқаға беру шартын жасасу;
Тармақша 2
2) стартап-компаниялар құру;
Тармақша 3
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін өз өндірісіне ендіру (пайдалану);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де тәсілдер.
Тарау 8. 8-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫ
ЫНТАЛАНДЫРУ МЕН ҚОЛДАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ШАРАЛАРЫ
8-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫ
ЫНТАЛАНДЫРУ МЕН ҚОЛДАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ШАРАЛАРЫ
Бап 43
43-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыруды ынталандырудың мемлекеттік шаралары
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушыларға ұсынылатын мемлекеттік ынталандыру шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жасағаны және ендіргені (пайдаланғаны) үшін авторларға сыйақылар төлеу;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттар;
Тармақша 3
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жоғары технологиялық өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологиялар ендіруді жүзеге асыратын өндірістер құруға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бағдарламалары;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар,
астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары айқындаған өзге де ынталандыру шаралары.
Бап 44
44-бап. Мемлекеттік қолдау нысандары
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын (бұдан әрі – коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламалары) іске асыру мемлекеттік қолдау нысаны болып табылады.
Тармақ 2
2. Коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ оларды
астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар және (немесе) ғылыми-білім беру консорциумдары әзірлеуі және іске асыруы мүмкін.
Тармақ 3
3. Коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеуші белгілеген талаптарға сәйкес, коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, стартап-компаниялардың жұмыскерлері, жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Тармақ 4
4. Коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламалары ғылыми-өндірістік байланыстарды дамытуға, өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамуға, стартап-компанияларды құруға және дамытуға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар, стартап-компаниялар жұмыскерлерінің, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың біліктілігін арттыруға бағытталуға тиіс.
Тармақ 5
5. Коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламалары, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтарын (офистерін) қоспағанда, өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерінде материалдық-техникалық базаны ұсынуға және пайдалануға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Бап 45
45-бап. Ғылым қоры
Тармақ 1
1. Мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам нысанындағы заңды тұлға ғылым қоры болып табылады.
Тармақ 2
2. Ғылым қоры:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері мен коммерцияландыруға өзге де қатысушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттарды береді;
Тармақша 2
2) бизнес-акселерацияны, технологиялық бизнес-инкубациялауды, технологиялық брокерлікті, әлеуетті инвесторларды іздестіруді, маркетингтік және өзге де іс-шараларды жүргізуді қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушыларға ұйымдастырушылық және құқықтық жәрдем көрсетеді;
Тармақша 3
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру үшін ақпараттық ресурстарды, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) гранттық қаражаттың нысаналы пайдаланылуына талдау және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларға бағалау жүргізеді;
Тармақша 5
5) инновациялар мен жаңа технологиялар нарығына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 6
6) ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
Тармақша 7
7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру (практикада қолдану) жобалары бойынша заңды тұлғалардың, оның ішінде стартап-компаниялардың жарғылық капиталына ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған жобалардың іске асырылуын қаржылық-экономикалық талдаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен олардың үлесін өтеусіз алу арқылы қатысады;
Тармақша 8
8) венчурлік қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысады.
Бап 46
46-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыруға арналған гранттар беру
Тармақ 1
1. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген өзге де қатысушыларға ғылымды қаржыландыру қағидаларында бекітілген тәртіппен беріледі.
Тармақ 2
2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген өзге де қатысушы (қатысушылар) және Ғылым қоры арасында оны іске асырудың бүкіл мерзіміне жасалады, бірақ ол бес жылдан аспауға тиіс.
Тармақ 3
3. Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушыларға беріледі.
Тармақ 4
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Бап 47
47-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылардың құқықтары
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылар алған зияткерлік меншік объектілеріне құқық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Тармақ 2
2. Автордың қаржыландырылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жасағаны және ендіргені (пайдаланғаны) үшін сыйақы алуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар зияткерлік қызмет нәтижелеріне берілген мүліктік құқықтарға, сондай-ақ құрылған стартап-компаниялардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бірлесіп құрылған стартап-компаниялар қызметінен алынған кірістерге өз бетінше билік етеді.
Тармақ 4
4. Жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға басқа да қатысушымен жасалған шарттың негізінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты өз атына тіркеуге құқылы.
Бап 48
48-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру мониторингі
Уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар,
астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыруға арналған шығындардың тиімділігін бағалау;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асырудың нысаналы көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізуді бағалау;
Тармақша 3
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асырудан болатын әлеуметтік-экономикалық әсерлерді бағалау;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын дамыту және жетілдіру міндеттерін айқындау мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
Бап 49
49-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері
авторларының құқықтары
Тармақ 1
1. Айрықша құқықтары жұмыс берушіге тиесілі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторларына сыйақыны жұмыс беруші олар тиісті патентті немесе авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (қорғау құжатын) алған күнінен бастап бір ай мерзімде төлейді.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жасағаны үшін сыйақыны жұмыс беруші, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, кемінде бір орташа айлық жалақы мөлшерінде төлейді.
Айрықша құқықтары жұмыс берушіге тиесілі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жеке өндірісінде ендірген (пайдаланған) жағдайда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің авторына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшеріндегі сыйақы патенттің немесе авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (қорғау құжаты) қолданылуының бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын төленеді.
Тармақ 2
2. Лицензиялық шартты немесе айрықша құқықты басқаға беру шартын жасасқан жағдайда авторға сыйақы сыйақының ең жоғары мөлшерін шектеусіз, лицензиялық шарт сомасының (роялтиді қоса алғанда) кемінде отыз пайызын құрайды.
Сыйақы автордың жұмыс берушімен жасасқан шарты негізінде төленеді. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіргені (пайдаланғаны) үшін сыйақы авторға осындай нәтиже пайдаланылған әрбір қаржы жылы аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей және лицензиялық шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде лицензиялық шарт бойынша төлемдер түскеннен кейін үш айдан кешіктірілмей төленеді.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген сыйақыларды уақтылы төлемегені үшін жұмыс беруші авторға олардың арасында жасалған шартқа сәйкес мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл төлейді.
Тармақ 4
4. Егер айрықша құқықтары жұмыс берушіге тиесілі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері бірнеше автордың бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған болса, онда олардың әрқайсысына кемінде бір орташа айлық жалақы мөлшерінде сыйақы төленеді.
Егер жұмыс беруші мен авторлар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген сыйақылар мен өсімпұлды жұмыс беруші авторларға тең мөлшерде төлейді.
Тармақ 5
5. Жұмыс беруші мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің авторы болып табылатын жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары тоқтаған жағдайда да осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген сыйақылар мен өсімпұл төлеу сақталады.
Тармақ 6
6. Егер айрықша құқықтары өзіне (өздеріне) тиесілі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторы (авторлары) стартап-компанияның құрылтайшысы (құрылтайшылары) ретінде, оның ішінде өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірлесіп әрекет етсе, онда оның (олардың) стартап-компанияның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі кемінде он бес пайызды құрауға тиіс.
Тармақ 7
7. Зияткерлік меншік авторлары мен иелерінің құқықтарын бұзуға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында шарттар жасауға және оларды орындауға байланысты даулар сот тәртібімен қаралады.
Бап 50
50-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың құқықтары
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру білім беру қызметімен және ғылыми қызметпен қатар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдар қызметінің басым бағыты болып табылады.
Тармақ 2
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар өздерінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарға өз бетінше билік етуге;
Тармақша 2
2) лицензиялық шарт бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін пайдалану құқығын беруге;
Тармақша 3
3) айрықша құқықтарды басқаға беру шартының негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықты иеліктен шығаруға;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықты кепілге беруге;
Тармақша 5
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықтарды жарғылық капиталға жарна ретінде енгізуге;
Тармақша 6
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқыққа өзге де тәсілмен билік етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде құрылатын стартап-компаниялардың құрылтайшылары (қатысушылары) ретінде басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тартуға құқығы бар.
Мұндай жеке және заңды тұлғалардың стартап-компаниялардың жарғылық капиталына салымы олардың қатысу үлесінің кемінде елу пайызы мөлшеріндегі ақшамен не зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықпен, материалдармен, жабдықтармен немесе ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін қажетті өзге де мүлікпен төленуі мүмкін.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мемлекеттік мүлкі оның негізгі міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда алып қоюға немесе пайдалануға жатпайды.
Тармақ 4
4. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар өздерінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, уәкілетті мемлекеттік органмен – олардың мүліктерінің меншік иесімен келісусіз ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру нәтижесінде алынған кірістерге өз бетінше билік етуге құқылы.
Тармақ 5
5. Стартап-компанияның жарғылық капиталына салым ретінде енгізілетін зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде стартап-компаниялардың жарғылық капиталдарындағы өздерінің қатысу үлестеріне билік ете алады.
Тармақ 7
7. Құрылтайшылары (қатысушылары) мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар болып табылатын стартап-компаниялардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестеріне билік етуден алынған кірістер, сондай-ақ осы мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар алған стартап-компаниялар кірісінің бір бөлігі олардың өз бетінше билік етуіне түседі.
Стартап-компаниялардың қызметінен алынған кірістер зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғауға, автор мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруда жәрдем көрсеткен адамдарға сыйақы төлеуге және стартап-компанияның жарғыда көзделген басқа да шығыстарына жұмсалады.
Тармақ 8
8. Егер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың ішкі құжаттарында өзгеше көзделмесе, авторлар сыйақысының үлесі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар алған стартап-компания кірісі үлесінің отыз пайызынан кем болмауға тиіс.
Тармақ 9
9. Стартап-компания таратылған кезде мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар жарғылық капиталға салым ретінде енгізген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар осы ұйымдарға беріледі.
Егер жарғылық капиталға салым ретінде зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалану құқығы енгізілсе, онда тиісті лицензиялық шарт стартап-компания таратылған күннен бастап өз қолданылуын тоқтатады.
Бап 51
51-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру орталықтары (офистері)
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтарының (офистерінің) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөнінде қызметтер кешенін көрсетуге, оның ішінде коммерцияландыру үшін технологияларды іздестіруге және бағалауға, маркетингтік зерттеулерге, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау саласында көрсетілетін консультациялық қызметтерді ұсынуға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуге, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруға бағытталған.
Тармақ 2
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтарының (офистерінің) жұмыс істеуі ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға бөлінген гранттық қаржыландыру көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтары (офистері) қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар жасасқан зияткерлік меншік объектілеріне арналған лицензиялық шарттар және оларға құқықтарды басқаға беру шарттары сомасының кемінде он пайыз қаражатын оларға жібереді.
Тарау 9. 9-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
9-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Бап 52
52-бап. Халықаралық ынтымақтастық
Тармақ 1
1. Халықаралық ынтымақтастық тиісті халықаралық шарттардың, халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың негізінде, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік ғылыми және өзге де ұйымдар арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты орнату мен кеңейтуге жәрдемдесетін нысанда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық ұйымдар мен бірлестіктерге кіруге, халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, шет мемлекеттердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларына қатысуға құқылы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіппен
шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қатысуымен ғылыми ұйымдар мен ғылыми орталықтар құрылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Ғылым және техника саласына салынатын шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және нысандарда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық өнімдердің Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге берілуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 10. 10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 53
53-бап. Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат
туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 53-1. 53-1-бап. Өтпелі ережелер
53-1-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекет қатыспайтын заңды тұлға түрінде құрылған, атауында «ұлттық» деген сөз бар академиялар бір жыл ішінде өз атауын осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге және құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуге міндетті.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, мемлекет қатыспайтын заңды тұлға түрінде құрылған академиялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның жолданымы бойынша сот тәртібімен таратылуға тиіс.
Бап 54
54-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 37) тармақшасын, 8-бабының бірінші бөлігінің 2), 11), 12) және 13) тармақшаларын және екінші бөлігін, 36-бабы 1-тармағының екінші бөлігін, 11-тармағын, 39-бабының 1-тармағының 2) тармақшасын және 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының;
Тармақша 2
2) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.