Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Қолданыста
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқитын
мүгедек балалары бар отбасыларына
әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 21 маусымындағы № 692 - XII " Қазақстан Республикасындағы мүгедектерің әлеуметтік қорғалуы туралы", 1998 жылдың 17 желтоқсанындағы № 321-1 "Неке және отбасы туралы", 2002 жылдың 8 тамызындағы № 345 - II " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықыктары туралы" Заңдарына сәйкес, Қарағанды облыстыкқ әділет Департаментінде 2004 жылдың 30 қаңтарында 1401 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2004 жылдың 22 қаңтарындары № 4/5 "2004 жылға арналған қалалық бюджет туралы" шешімін орындау үшін және Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергіліктi мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 14-тармағын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса берілген үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек керсету Қағидасы бекітілсін (әpi қарай - Қағида).
Тармақ 2
2. "Теміртау қалалық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөілімі мемлекеттік мекемесі Қағиданы орындау бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Теміртау қаласы әкімнің қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі тиісті қаржыландыру жылы қалалық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаражат көлемінде үйде тәрбиеленетін
және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік
көмек керсету жөніндегі шараларды қаржыландыруды
қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Теміртау қаласы әкімдігінің 2003 жылдың 27 наурызындағы № 3/66 "Үйде тәрбиленетін және оқитын мүгедек балаларға 2003 жылы материалдық көмек тарайындау және төлеу Қағидаларын бекіту туралы" қаулысы күшін жойды деп танылсын (Қарағанды облыстық әділет басқармасында 2003 жылдың 15 cәyipiндe 1156 нөмірмен тіркелген, "Teмipтay" газетінде 2003 жылдың 15 мамырында, "Зеркало газетінде 2003 жылдың 21 мамырында жарияланған).
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау мәселерің тиістілігіне қарай әкiм орынбасарларына жүктелсін.
Басқа 6
Teмipiay қаласы әкімиятының 2004 жылдың
«15» сәуіріндегі № 4/91 Үйде тәрбиеленетін
және оқитын мүгедек балалары бар
отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету
Қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету
Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 21 маусымындағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы", 1998 жылдың 17 жeлтoқcaнындaғы "Неке және отбасы туралы" Заңдарына сәйкес әзірленген.
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына элеуметтік көмек көрсету мүгедек балаларды элеуметтік қорғаудың бip түрі болып табылады, тіршілік барысындағы шектеулердің орнын толтыру және жеңу үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді және қоғам өміріне қатысу үшін басқа азаматтармен бірдей оларға тең мүмкіндік жасауға бағытталған.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Tұpғындыра әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша
уәкілетті орган болып табылатын "Теміртау қалалық еңбек және
халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі мемлекеттік мекемeci
әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді жүргізеді және
үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына көмек түрінде көрсеттеді (әpi қарай – әлеуметтік көмек).
Тармақ 2
2. «Теміртау қалалық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанында жұмыс істейтін медициналық - педагогикалық комиссияның мүгедек баланың үйде оқуы және тәрбиеленуі керек екендігі туралы қорытындысы және мүгедектігі туралы медициналық анықтама азаматтардың әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш беруіне негіз болады.
Тармақ 3
3. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар
отбасыларына әлеуметтік көмек тақайындау және төлеу оның ата-анасының біреуінің немесе оларды алмастыратын тұлғаның өтініші
бойынша мүгедек баланың мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек жыл бойы тоқсан сайын төленеді.
Тармақ 5
5. Tиісті қаржыландыру жылындағы Теміртау қаласының
бюджеті үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар
отбасыларына элеуметтік көмек көрсету көзі болып табылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.
2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу "Теміртау
қалалық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырғанда
жүргізіледі:
Тармақша 1
1) мекен-жайы бойынша eкінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмipi және СТТН көрсетіген әлеуметтік көмек тағайындау турал өтініш;
Тармақша 2
2) баланың тууы туралы куәлігі (тупнұсқасы және көшірмесi);
Тармақша 3
3) көші-қоны полициясы бөлімінде бекітілген тұрғындарды
есепке алу кітабы (түпнұсқа және көшірмесі);
Тармақша 4
4) "Teмipтay қалалық білім беру бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің жанындағы медициналық - педагогикалық комиссияның берген мүгедек баланың үйде оқуы қажет екендігі туралы, оқыту мерзімі керсетілген анықтамасы;
Тармақша 5
5) бала кезінен мүгедектігін белгілейтін медициналық -
әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы:
Тармақша 6
6) алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке
басының куәлігі).
Ұсынылған құжаттардың пайдалану мepзiмi бip жыл.
Тармақ 7
7. Қамқоршының (қopғaншының) әлеумиеттік көмек
тағайындау туралы eтінішінe тиістi органның қамқоршы
(қорғаншы) тағайындау туралы шешімімен көшірме қоса беріледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек алу құқығын жылына бip рет оқу
жылының басында мүгедек баланың ата-анасының бipi немесе
оларды алмастырушы тұлға өтінішімен растайды.
Тармақ 9
9. Өтiнiш берген азаматтар берілген ақпараттың дұрыстығыны
толық жауап береді. Қандайда бip тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда (баладан мүгедектікті алып тастау туралы, үйде оқуды тоқтату туралы, отбасы құрамы туралы мәліметтің дұрыс болмауы) төленген сома кінәлі адамнан сот тәртібінде қайтарылып алынады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімді құжаттар қабылданған күннен бастап "Теміртау қалалық еңбек және халықтарды әлеуметтік қорғау бөлімі" мемлекеттік мекемесі 10 күннің iшіндe қабылдайды.
Тармақ 11
11. Отбасының табысына байланыссыз әлеуметтік көмектің Teмipтay қалалық мәслихаттың 2004 жылдың
22 қаңтарындағы № 4/5 "2004 жылға арналған қалалық бюджет туралы" шешімімен бекітілген.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тағайындау оны алу құқығы пайда болған кезден бастап жүзеге асырылады, бірақ көмек тағайындау туралы өтініш берген айдан ұрын емес, ағымдағы жылдың аяғына дейін, тоқсан сайын төленеді.
Қажетті құжаттарымен бipгe өтініш тапсырған ай өтініш берген ай деп саналады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктердегі алушылардың жеке шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Teмipтay қалалыкқ еңбек және халыққа элеуметтік көмек көрсету бөлімі мемлекеттік мекемесі тоқсан сайын, есеп беру тоқсанынан кейiнгi айдың 7-не облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты элеуметтік қорғау басқармасына белгіленген және төленген сома туралы есеп береді.
Тармақ 15
15. Екінші деңгейдегі банктер төленген әлеуметтік көмек сомасын тексеру aктісін жасайды және тоқсан сайын оны «Теміртау қалалық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынады.