Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров Аулиекольского района Қолданыста
Басқа 0
Әулиекөл ауданының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауылы жолаушыларын «Сигнал дүкені» – Орталық – Аудандық аурухана – ДСУ 20» № 1 маршрутына 100 теңге мөлшерінде тариф белгіленсін, «Әулиекөл – Аманқарағай – Әулиекөл» № 2 маршрутына әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға Аманқарағай және Әулиекөл ауылдарының ішінде 100 теңге, Аманқарағай және Әулиекөл ауылдарының арасында 150 теңге тариф белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Әулиекөл аудандық
мәслихатының төрағасы
Д. Қойшыбаев