Об определении порядка деятельности Экспертного совета и положения о реализации бюджета народного участия Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысының Сараптамалық кеңес қызметінің
тәртібін және халық қатысатын бюджетті іске
асыру туралы ережені айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығының 14-3-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысының облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Алматы облысы әкімдігінің
2024 жылғы 2 шілдедегі
№ 215 қаулысына қосымша
Алматы облысының Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және
халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ереже
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы негізінде әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) халық қатысатын бюджет – азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы.
Тармақша 2
2) жобалық ұсыныс – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қазақстан Республикасы азаматы дайындаған және берген, іске асырылуы әкімдіктің (әкім аппаратының) құзыретіне жататын құжат. Үлгілік жобалық ұсыныстарды әкімдіктің (әкім аппаратының) ресми интернет-ресурста орналастырады.
Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурстары болмаған кезде үлгілік жобалық ұсыныстар тиісті аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақша 3
3) дауыс беру – әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында электронды түрде немесе «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы дауыс беру жолымен жобалық ұсыныстар арасында жеңімпаздарды анықтау процесі.
Тармақ 2
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі
2. Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі
Тармақ 3
3. Облыстық, аудандық маңызы бар қаланың әкімдігі халық қатысатын бюджет шеңберінде тұрғындардың облыстық маңызы бар қалаларды абаттандыру мәселелері бойынша жобалық ұсыныстарын қарауды, іріктеуді және шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Сараптамалық кеңесті құрады.
Тармақ 4
4. Сараптамалық кеңестің дербес құрамын облыстық, аудандық маңызы бар қаланың әкімдігі құрайды және бекітеді.
Тармақ 5
5. Сараптамалық кеңес төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және кеңес мүшелері құрамынан тұрады. Сараптамалық кеңес тақ саннан тұрады және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тиісті аумақта қызметін жүзеге асыратын қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері. Сараптама кеңесінің төрағасы Кеңес құрамына ұсынылған адамдар арасынан сайланады.
Сараптамалық кеңесте мүшелікті тоқтату өз еркі бойынша немесе жаңа мүшені ұсынумен ұжымдық шешім бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй-коммуналдық шарушылық бөлімі, аудандық маңызы бар қалалардың әкімі аппараттары болып табылады.
Тармақ 7
7. Сараптамалық кеңес отырыс түрінде жұмыс жасайды. Отырыстағы барлық шешімдер жиналғандар арасынан қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Егер отырысқа Сараптамалық кеңестің жалпы құрамынан жартысынан астамы қатысса, отырыс заңды болып саналады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Сараптамалық кеңесі төрағасының шешімі шешуші мәні болады. Форс-мажорлық мән-жайлар жағдайында отырыстар қашықтан форматта өткізіледі, кейіннен кеңестің шешімі ресімделеді.
Тармақ 8
8. Сараптамалық кеңестің шешімі отырыс өткізетін күні шығарылады, хаттамамен рәсімделеді және оған төраға, төрағаның орынбасары, кеңес мүшелері және хатшы қол қойғаннан кейін әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 9
9. Сараптамалық кеңестің функциялары:
Тармақша 1
1) жобалық ұсыныстың бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келуі туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) жобалық ұсыныстарды алдын ала қарастыруды өткізу;
Тармақша 3
3) жобалық ұсыныстарды дауыс беруге арналған тізбеге қосу бойынша шешім қабылдау;
Тармақша 4
4) халық қатысатын бюджет шеңберінде қаржыландырылатын жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысын бақылау, соның ішінде құрылымдық бөлімшелер басшыларының, коммуналдық кәсіпорындардың, мекемелер және ұйымдардың лауазымды тұлғаларының жобалық ұсыныстарды іске асыру мәселелері бойынша есептерін тыңдау;
Тармақша 5
5) өз отырыстарын ашық өткізу, отырыс хаттамаларын әкімдік (әкім аппараты) интернет-ресурсында жариялау.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Жобалық ұсыныстарды беру тәртібі
3. Жобалық ұсыныстарды беру тәртібі
Тармақ 10
10. Ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты орналастырады.
Тармақ 11
11. Тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін келесі санаттар жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аумақты көгалдандыру;
Тармақша 2
2) тротуарларды жайластыру;
Тармақша 3
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
Тармақша 4
4) ортақ пайдалану орындарын (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
Тармақша 5
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
Тармақша 6
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
Тармақша 7
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
Тармақша 8
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
Тармақша 9
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Тармақ 12
12. Ағымдағы қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде халық қатысатын бюджетті іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды қоспағанда, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 07 функционалдық тобы бойынша жоспарланатын бюджет шығыстарының жылдық көлемінің 10 %-нан төмен болмауы тиіс.
Тармақ 13
13. Беру кезінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны:
Тармақша 1
1) облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен;
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар қала үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс.
Тармақ 14
14. Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) ортақ пайдалану объектісі;
Тармақша 2
2) тиісті аумақтар тұрғындары үшін өзектілігі;
Бұл ретте, оларды бір қаржы жылы ішінде іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.
Тармақ 15
15. Жобалық ұсыныстар әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсына электрондық түрде «Халық қатысатын бюджет» бөліміне беріледі.
Тармақ 16
16. Автор кез келген сәтте өзінің жобалық ұсынысын қарастырудан ала алады.
Тармақ 17
17. Автор жобалық ұсынысқа шығыстардың шамаман алынған немесе нақты сметалық есебін, сондай-ақ жобаның суретін/эскизін/макетін/схемасын (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады) міндетті түрде қоса береді немесе автор жобалық ұсынысты берген сәтте интернет-ресурста жобаға эскиздерді және шығыстардың сметасын қамтитын үлгілік жобалық ұсыныстардың тізімінен жобалық ұсынысты іске асыруды таңдайды.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Өтінімдерді іріктеу тәртібі
4. Өтінімдерді іріктеу тәртібі
Тармақ 18
18. Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша келіп түскен жобалық ұсыныстарды Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 5 сәуіріне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалардың қайталануының болмауына, оларды әкімдіктің (әкім аппаратының) іске асыру құзыреттілігінің болуы мәніне талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Іске асырылуы осы Ереженің 11, 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жобалық ұсыныстарды әкімдік (әкім аппараты) дауыс беруді өткізу үшін ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
Тармақ 20
20. Дауыс беруге жатпайтын жобалық ұсыныстар:
Тармақша 1
1) тұтас емес, фрагменттік сипаты бар (элементтердің бірін орындау болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);
Тармақша 2
2) елді мекеннің даму басымдықтарына сәйкес келмейтін;
Тармақша 3
3) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтін;
Тармақша 4
4) тиісті елді мекеннің құрамдас бөліктерінде осыған ұқсас іске асырылған жобалары бар жобалық ұсыныстар дауыс беруге жіберілмейді.
Тармақ 21
21. Тиісті елді мекендердің кәмелетке толған тұрғындары ағымдағы қаржы жылының 24 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс беруді жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурс болмаған кезде тиісті елді мекендердің тұрғындарының дауыс беруі ЖӨБ туралы Заңға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әкімдік (әкім аппараты) дауыс беру нәтижелерін шығарады.
Бұл ретте, облыстық маңызы бар қалада 50-ден кем, аудандық маңызы бар қалада 10-нан кем тұрғындар дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейді.
Тармақ 23
23. Дауыс беру нәтижелерінің негізінде Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 30 сәуірінен кешіктірмей тиісті шешім шығарады.
Тармақ 24
24. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Жобалық ұсыныстарды іске асыру және ақпаратты жариялау
5. Жобалық ұсыныстарды іске асыру және ақпаратты жариялау
Тармақ 25
25. Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде облыстық, аудандық маңызы бар қаланың әкімдігі өз құзыреті шегінде жобалық ұсыныстарды жүзеге асырады.
Халық қатысатын бюджеттің жобалық ұсыныстарын қаржыландыру тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жобалық ұсыныстарды іске асыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды.
Тармақ 26
26. Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы туралы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірілмей интернет-ресурста міндетті түрде орналастырылуға жатады.
Қоғам, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тұрғындар жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысымен танысуға және мониторингті жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 27
27. Әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды іске асыру және оларды қаржыландыруға байланысты қаражатты пайдалану туралы ақпаратты жариялайды.
Тармақ 28
28. Облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері халықпен кездесу барысында оларды халық қатысатын бюджет шеңберінде іске асырылатын жобалық ұсыныстар туралы хабардар етеді.